Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Амниотомия үшін стерилді үстелшені дайындау



Мақсаты - нәресте қабын жару.

Көрсетулері - босануды қоздыру, босануды ынталандыру, жалпақ нәресте қабы,

көпсулық, босану әрекетінің әлсіздігі.

Қарсы көрсетулері - ананың немесе нәрестенің қауіпті жағдайлары.

Мүмкін болатын асқынулары - нәрестенің ұсақ бөліктерінің төмен түсуі, өрлеме инфекция, қалыпты орналасқан плацентаның бөлінуі.

Ресурстары – гинекологиялық орынтақ (кереует), жеке жаялық, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, әйелдің сарпайын тазалау үшін микробжойғы, оқты қыспақтың браншасы, стерилді үстелше, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы операцияның жүргізу қажеттілігін түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.

2. Әйелді гинекологиялық орынтаққа, оның астына бір рет жаятын жаялықты төсеп, аяқтарын тізелерінде бүгіп, жамбасын көтеріп, арқасымен жатқызыңыз.

3. Әйелдің зәр қуығын босатуына көз жеткізіңіз.

4. Әйелдің сарпайын микробжойғы ерітіндімен тазалауды жүргізіңіз.

5. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

6. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

7. Құрал-сайман үстелшесіне стерилді жаялық төсеңіз.

8. Стерилді жаялыққа стерилді құрал-саймандарды салыңыз:

· қынаптық айналарды;

· корнцангті;

· оқтық қыспақты;

· бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды;

· дәкелік шариктерді;

9. Құрал-саймандарды стерилді жаялықпен жабыңыз.

10. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

11. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

12. Босану тарихына жазба қалдырыңыз.

Ескерту. Нәресте қабын жарғаннан кейін әйелге 30 минуттай жатуы қажет.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1715 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...