Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бірінші сәт- бастың мезгілінен бұрын жазылуына жол бермеу



Бас, жыныс саңылауы арқылы жарып шығу кезінде өзінің ең кіші шеңберімен

(32 см), кіші қиғаш өлшемі (9,5 см) бойынша бүгілу жағдайында өтуі қажет.

6. Босанатын әйелдің оң жағына тұрыңыз, сол қолыңыздың алақанын босанатын әйелдің қасағасына салыңыз, тек төрт саусақтардың алақандық беткейі жарып шығып келе жатқан нәрестенің басына сол жаққа, ал үлкен саусақ бастың мезгілінен жазылуына жол бермеу үшін оң жаққа, басты өте қыспай, қойыңыз.

Екінші сәт- бұтаралықтың қауырттылығын төмендету.

7. Бұл үшін оң қолды бұтаралыққа қойыңыз, тек төрт саусақтар үлкен жыныс еріндерінің аймағында жамбас түбінің сол жағында, ал үлкен саусақ оң жақта қатты қысылған болуы керек. Жұмсақ тіндерді барлық саусақтармен жайлап бұтаралығына қарай бағытта ауыстырып, тіндерді запасқа алып, осымен бұтаралығының қауырттылығын төмендетеді. Осы қолдың (оң қолдың) алақандарымен бұтаралықты ұстай отырып, оны жарып шығып келе жатқан басқа қысады.

Сонымен, көп жиналған жұмсақ тіңдер бұтаралықтың қауырттылығын төмендетеді, қанайналысын орнына келтіреді, сөйтіп оның жыртылуына жол бермейді.

Шінші сәт- күшенуден тыс уақытта нәресте басын жыныс саңылауынан шығару.

Күшену аяқталғаннан кейін оң қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен вульвалық сақинаны жарып шығып келе жатқан бастың үстіне абайлап созыңыз. Басты ақырындап жыныс саңылауынан шығарыңыз. Келесі күшену басталған кезде вульвалық сақинаны созуды тоқтатыңыз және қайта бастың жазылуына жол бермеңіз.

Әзірше бас жыныс саңылауына шеке (төбе) төмпелерімен келгенше, осылай қайталай беріңіз.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1536 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...