Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бала жолдасын қарау



Мақсаты - бала жолдасының бүтіндігін анықтау.

Көрсетулері - бала жолдасы кезеңінің аяқталуы.

Қарсы көрсетулері - жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Ресурстары – босанатын кереует немесе орынтақ, табақ, науа, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге түсіндіріңіз, бала жолдасын қарау дәрігер және акушербике үшін өте жауапты мәселе.

2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Қолдарыңызды бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

4. Бала жолдасын қарау үшін Сіз оны аналық жағымен жоғары қаратып табақтың тегіс беткейіне салыңыз.

5. Алғашқыда нәресте қабықтарын жыртыңыз, сосын сүлгімен қан ұйысын сүртіп алыңыз.

6. Өте мұқият плацентаның бөліктерін, шетін қараңыз. Бүтін плацентаның шеті тегіс және одан шығатын жыртылған тамырлардың болмауы, бөліктердің беткейі тегіс, жалтыраған.

7. Сосын қабықтарды қараңыз. Ол үшін бала жолдасының нәрестелік жағын жоғары қаратып аударыңыз және қабықтарды жазыңыз, оны кіндік бау арқылы ұстаңыз, нәресте орнынын қайта орнына келтіруге ынталаңыз.

8. Үзілген тамырлардың болуына асаназар аударыңыз, себебі бұлар қосымша бөлік барын және жатыр қуысында қалғанын дәлелдейді.

9. Егерде үзілген қабықтарды тапсаңыз, демек, олардың үзінділері жатырда кідіргенін көрсетеді.

10. Қан ағу болмаған кезде жасанды түрде қабықтарды алып тастамаңыз, олардың өздері шығады. Қабықтардың жыртылу орны бойынша плаценталық алаңшаның орналасуын ішкі ернеуге байланысты анықтауға болады. Қабықтардың жыртылуы плацентаға жақын болса, онда плацентаның төмен бекітілгені анықталады, бұл босанғаннан кейінгі ерте кезеңде көп қанағудың қауіптілігін көрсетеді.

11. Кіндік баудың бекітілген орнына көңіл бөліңіз (орталық, бүйірлік, шеттік).

12. Кіндік баудың ұзындығына көңіл бөліңіз (ұзын, орташа, қысқа).

13. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

14. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

15. Бала жолдасын зертханаға немесе қайта өңдеуге жіберіңіз.

16. Босану тарихына жазу қалдырыңыз.

Ескерту. Плацентаның аналық жағын қараған кезде петрификаттарға көңіл бөліңіз.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 3761 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...