Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бесінші сәт- иық белдігін босату және нәрестенің кеудесінің тууы



Бастың тууынан кейін босанып жатқан әйел күшенуі қажет. Бұл кезде бастың сыртқы бұрылысы, иықтардың ішкі бұрылысы жүреді (бірінші позиция кезінде бас шүйдесімен анасының сол санына қарай, ал екінші позиция кезінде бас шүйдесімен анасының оң санына қарай бұрылады). Әдетте иықтардың тууы өз бетінше жүреді.

10. Егерде бұл болмаса, Сіз басты екі қолдың алақандарымен оң және сол самай сүйектерінің және ұрттарының аймақтарын қармап алыңыз. Басты ақырын және жайлап төмен және артқа қарай тартыңыз, әзірше қасаға буынының астына алдыңғы иық келгенше. Осы кезде бекіту нүктесі дельта тәрізді бұлшық ет бекітілген жердегі нәрестенің тоқпан жілігінде пайда болады, ал тірек нүктесі- қасаға буынының төменгі шетінде орналасады. Сосын сол қолмен,оның алақаны төменгі ұртында орналасқан, Сіз басты қармап, оны алға қарай көтересіз, ал оң қолмен ұғыптап бұтаралығының тіңдерін ысыра отырып артқы иықты шығарасыз.

Иық белдігі туды. Қолтық асты шұңқырына нәрестенің арқасы арқылы Сіз қолдың сұқ саусақтарын кіргізіңіз, сосын нәрестенің кеудесін алға көтеріңіз (жоғары, анасының ішіне қарай). Кеуденің төменгі бөлігі кедергісіз туады.

Нәресте туды (босанудың екінші кезеңі аяқталды).

11. Бала туғаннан кейін кіндік бауды кеспей, пульсациясының тоқтағанына дейін күтіп, сосын оны кесесіз, лезде анасының ішіне жатқызыңыз. Кіндің бауға 3 қыспақ салыңыз: бірінші қынаптың кіреберіс жеріне, ал екеуі-кіндік баудың тура кесетін жеріне.

12. Катетердің көмегімен зәр қуығын босатыңыз, ал әрі қарай жаңа туған балаға бірінші баптауын жүргізіңіз.

13. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және оны ҚҚҚ салыңыз.

14. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

Ескерту. Акушерлік көмек бұтаралықты қорғауға бақытталған және нәресте

миының қанайналысының бұзылысының алдын алу болып табылады.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1542 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...