Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Проф. К.Д. Өтегенова бойынша)



Мақсаты- студенттің шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезіндегі босанудың

биомеханизмін жүргізу кезінде тәжірибиелік дағдыларын бағалау.

Көрсетулері- босанудың екінші кезеңі.

Қарсы көрсетулері- нәресте мен анасының жағындағы қауіпті жағдайлар.

Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.

Ресурстары –фантом, әйел жамбасы, қуыршақ, босану үшін бір рет қолданатын киімдер.

Іс-әрекет алгоритмі:

Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі 4 негізгі және 4 қосымша сәттерден тұрады.

I-негізгі сәт - нәресте басының кіші жамбастың кіру жазықтығына өзінің жебе тәрізді немесе сагитталды жігімен қиғаш өлшемге (кіру жазықтығында I-позиция кезінде оң қиғаш өлшемде, ал II позиция кезінде сол қиғаш өлшемде) немесе көлденең өлшемде қондырылуы.

I-қосымша сәт - нәресте басының болмашы бүгілуі, бұл тең емес иінтірек (немесе әртүрлі иінді иінтірек) заңы бойынша жүреді. Бұл заң бойынша, омыртқаның бассүйегінің негізімен қосылған жері бассүйектің ортасында жатпайды, ол иекке емес, шүйдеге жақын жатады. Осыған байланысты қуып шығатын күштің көп бөлігі иінтіректің қысқа иінінде шоғырланады, яғни шүйдеде. Ұзын иінтіректің ұшында нәрестенің беті жатады, яғни оның ең дөңес (томпақ) және көлемді бөлігімен – маңдайымен. Бастың беттік бөлігі жамбастың аты жоқ сызығы жағынан қарсылық көрсетеді.Соның нәтижесінде жатырішілік қысым нәрестенің шүйдесіне жоғары жақтан қысады, ол төмен түседі, ал иек көкірекке (кеудеге) қысылады және бастың ең төменгі нүктесі кіші еңбектің аймағы болып табылады және ол өту нүктесі болып табылады.

Ту нүктесідегенімізбірінші болып жамбастың кіру жазықтығына түседі және бірінші болып босану каналы арқылы өтеді. Бас өзінің шеңберімен (32 см), кіші қиғаш өлшемінде (9,5 см) өтеді.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 2275 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...