Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бактериялы тыңайтқыштар



Дақылдар өнімін және оның сапасын арттыруға бактериялық тыңайтқыштар да тиімді әсер етеді. Бактериялы тыңайтқыштар - өздерінің атына сәйкес құрамдарында минералды заттар (азот, фосфор, калий) емес, тек қана бактериялар болатын тыңайтқыштар.

Бактериялы тыңайтқыштар құрамында өсімдікке пайдалы топырақ микроағзалары бар. Бұл өсімдік тамыры айналысына микроағзалардың жиналуына жағдай туғызады да, топырақтағы биохимиялық процестерді күшейтіп, өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуін жақсартады. Сондықтан топырақтағы пайдалы микроағзалардың тіршілік әрекетін күшейту мақсатында оларды жеке өсіріп, содан соң топыраққа қолдан қосу ұсынылады. Мұндай микроағзалармен дайындалған препаратты бактериялы тыңайтқыштар деп атайды. Бактериялы тыңайтқыштар топырақты тиісті микроағзалармен байытады. Бактериялы тыңайтқыштарды дайындауда жергілікті жердің топырағынан немесе сол жерде өсетін өсімдік тамырынан бөлініп алынған микроағзаларды қолданғанда жақсы нәтиже алынатынын ескерген жөн. Бактериялы тыңайтқыштардың түріне қарай өсімдік фосфор, азот және т.б. элементтерді көбірек сіңіреді. Бактериялы тыңайтқыштардағы микробтар әрқашан өсімдікке жетіспейтін биологиялық заттарды құрайды.

Нитрагин – бұршақ тұқымдас өсімдіктерге қолдану үшін арналған препарат. Түйнек бактериялары өсімдік тамырында өсіп көбейеді. Осымен қатар нитрагин көмегімен атмосфера азотын биологиялық айналымға қосуға жол ашылады. Нитрагин препаратының негізін түйнек бактериялары құрайды.

Бұршақ тұқымдас дақылдың әр түрі үшін тек өзіне белгіленген нитрагинді ғана пайдаланады. Бұршақ тұқымдастар тіршілігіндегі түйнек бактерияларының белсенді ролін ескере отырып, оларды өсімдіктерге қолдан жұқтырады. Бұл бұршақ тұқымдас өсімдіктерге лайықты түйнек бактерияларынан жасалған препаратты – нитрагин деп атайды. Нитрагин қолданғанда бұршақ пішенінің қосымша өнімі гектарына шамамен 1,5-2 центнерден алынады.

Азотобактерин – құрамында азот бактериясы бар тыңайтқыш. Азотобактеринді де зауыттарда қоректік ортада дайындалады. Оны бұршақтұқымдастарынан басқа барлық дақылға қолданады. Әсіресе, көкеніс пен картопқа өте пайдалы. Басқа микроағзаларға қарағанда азотобактер ылғалды көп қажет етеді.

Күріш еігсітігінде де азотобактер кездеседі. Ол өнебойы су астында болатын күріштің тамыр жүйесі таралған топырақтың азот режимін жақсартады. Азотобактеринді тұқымға шашатын не түйнектерді отырғызатын күні ғана араластырады. Азотобактерин топырақта бос күйінде болады, ол ондағы түрлі органикалық қалдықтарды пайдаланып, атмосферадан азот жинайды. Ол екі жломен алынады: біріншісі – нитрагин алғандағы сияқты топырақтан бөлінген бактериялардан дайындалады, екіншісі – қоректік заттарды қолдан жасалған ортада өсіреді. Оны қолдану үшін әуелі ерітінді дайындалалады да, онымен тұқымды бүркеді, тұқым кебе басьағанда іле-шала су себеді.

Картоп түйнектерінде азотобактеринді жұқтыру үшін алдымен оларды ептеп ылғалдандырады. Содан кейін азотобактеринді түйнекпен ұқыпты түрде араластырады. Көшеттерді отырғызар алдында олардың тамырын дайындап қойған азотобактерин ботқасына малып алады. Бұл азотты, минералдық және органикалық тыңайтқыштардың орнына жүрмейді, тек қосымша қорек ретінде қолданылады.

Фосфоробактерин – құрамында көп мөлшерде, мәселен 1 га-да 6-8,5 млрд. Микроағзалар спорасы бар сұр түсті тыңайтқыш. Фосфор басқа элементтер сияқты белоктар құрамына енеді. Бірақ табиғатта фосфор көбіне тау жыныстарының құрамында кездеседі. Фосфор қосылыстарының айналамы аса күрделі емес. Топырақта фосфордың аса қиын еритін тұздарын және органикалық фосфорды өсімдіктерге сіңімді күйге айналдыратынерекше фосфор бактериялары бар. Олардың ерекшелігі – фосфордың органикалық қосылыстарын ыдыратып, ондағы фосфорды өсімдік сіңіре алатындай дәрежеге келтіреді.

Топырақтың әр түрлілігіне байланысты ондағы фосфор қорының 28-85%-ке дейін мөлшері органикалық қосылыс күйінде кездеседі.

Фосфоробактеринді сұйық күйінде де қолданады. Ол үшін сыйымдылығы жарты литрлік ыдыстарға қоректік заттарға бай сұйық орта құйылады, оған бактериялар жұқтырып, жылы жерде өсіріледі де, шаруашылықта қолданады. Тұқымның гектарлық мөлшеріне тыңайтқыштың 50 миллилитрін жұмсайды.

Фосфоробактерин құрғақ күйінде гектарына 15 грамм шамасында жұмсалады. Фосфор бактериялары басқаларына қарағанда гранозонаға төзімді келеді.

Басқа бактериялы тыңайтқыштар тәрізді фосфоробактерин де дақылдардың өнімін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге өнім сапасын да жақсартады. Ол өсімдіктегі белок мөлшерін арттырады. Картоптың крахмалын 0,5%-ке көтеруге мүмкіндік береді. Қант қызылшасының қанттылығын фосфоробактерин 0,1-0,4%-ке жоғарылатады.

АМБ бактериялы тыңайтқыштар. Топырақтың құнарлығын арттыруда зор маңызы бар микроағзалардың негізгі екі түрі анықталған. Бірінші түрі өсімдік қалдықтарын қарашірікке дейін ыдыратады. Бұған аэорбты және анаэробты бактериялар бар май қылқылы бактериялары жатады. Топырақтағы микроағзалардың екінші түрі қарашірікті ыдыратып, өсімдіктерге қажетті минералдық заттарды түзеді. Бұған аэробты бактериялар жатады, олар белокты және сол типтес заттарды ыдыратып, одан аммиак түзеді, кейбір топтары фосфордың органикалық қосылыстарын ыдыратады. Шымды-күлгінді топырақта АМБ тыңайтқышындағы микроағзалар белсенділігі төмен болады.

АМБ препаратын жергілікті жерде шымтезек топырағына тұқым себерге бір ай қалғанда дайындайды. Дайындалған шымтезектің бір тоннасына бір центнер ұсақталған әк немесе фосфорит ұнтағын қосады да, оған бір кг-дай мұйық АМБ препаратын қосады.

АМБ препаратын дайындау үшін парник топырағын пайдаланған тиімді. Көшеттерді өсіріп алған соң парниктегі топырақты одан әрі қолданбайды [2].

Негізгі әдебиеттер:

61. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. Алматы. «Қазақ университеті», 1997.

62. Почвоведение (под ред. В. А. Ковды, Б. Г. Розанова). –М.: Высш. шк., 1988. –Ч. 1-2. – 400 с.- 368 с.

63. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М.: Наука 1973. – Кн. 1-2. –448 с.

64. Почвоведение. Учебник. / Под. Ред. И.С. Кауричева. М. ВО Агропромиздат, 1989. 720 с.

65. Таргульян В.О. Почвообразование и элементарные почвообразовательные процессы //Почвоведение. 1985. №11. С.36-45.

66. Соколов И.А. Основные законы почвообразования /1 100 лет генетического почвоведения. М.: Наука. Соколов И. А. Об основных закономерностях экологии почв//Почвоведение. 1990. № 7. С. 117-128.

67. Самойлова Е. М. О понятии «элементарный почвообразовательный процесс» //Вестник МГУ. Сер. почвовед. 1986..

68. Лозовская М.А. Проблемы эволюции почвообразования в трудах П.П. Герасимова// Почвоведение. 1988. №6. С.77 - 83. '

69. Ершов Ю.И. Основы теории почвообразования. Красноярск: Ин-т леса СО РАН. 1999.

70. Шаушеков Т.К. Электронный курс лекций по почвоведению, 2007 Изд. КарГУ им. Е.А.Букетова

Қосымша әдебиеттер:

49. Розанов Б.Г.Морфология почв. М.: МГУ. 1983- 320 с.

50. Методические указания по полевому описанию почв (с использованием базовых шкал морфологических свойств почв). Составители: О.Г.Растворова, Г.Л.Касаткина, Н.Н.Фёдорова. Санкт-Петербург. 2002. 50 с.

51. Добровольский В.В. «География почв с основами почвоведения», изд-во Вш. 1989

52. Кауричев И.С «Почвоведение», М., В.ш., 1989

53. Чижевский М.Г. «Земледелие с основами почвоведения»

54. Глазовская М.А. «Общее почвоведение и география почв», М., Вш., 1981.

55. Ежемесячный научно-теоретический и научно-практический журнал «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана», Алматы, Изд. «Бастау»

56. Научно-практический журнал «Почвоведение» Российской академии наук, Изд. «Наука», Москва

10-ші дәрістік сабақ: Топырақ түзілу процесі.

Дәрістік сабақтың жоспары:

1. Топырақ түзілу процесінің теориялық негізі.

2. Аналық тау жыныстары

3. Адамзат қоғамының әсері.

Топырақ түзілу процесінің теориялық негізін қалаушы орыс және шет ел ғалымдары: В.В.Докучаев, П.А.Костычев, Н.М.Сибирцев, В.Р.Вильямс, К.Д.Глинка, Г.Йенни, Ф.Дюшофур.

Табиғатта топырақтың түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ол биологиялық, физикалық, химиялық процестердің қатысуымен жүреді. А.А.Роденің анықтамасы бойынша «топырақ түзілу процесі дегеніміз – оның қабатында өтіп жататын заттар мен энергияның өзгеру және жылжу құбылыстарының жиынтығы».

Топырақтың түзілуі үшін ең алдымен қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды, яғни угілу құбылысы болды. Ол тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады.

Табиғат күштерінің, әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың топыраққа әсері ерекше.

Үгілудің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Тау жыныстарның физикалық жолмен үгілуі деп оның химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар.

Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді.

Физикалық және химиялық үгілулердің нәтижесінде таулар бұзылып, шыңдар мүжіледі. Құм мен балшық суға жуылып-шайылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Нөсерлетіп құйған жаңбырда, қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі дәуірде тірі жәндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап тұратын ештеңе болмаған, топырақ шіріндісі түзілмеген. Сондықтан топырақ та болмады. Физикалық және химиялық үгілулер өз бетімен топырақ түзе алмайды. Топырақ түзілу құбылысы – физикалық та емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс.

Үгітілген тау жыныстарында өсімдіктердің өсе бастауы – топырақ түзілу құбылысының бастамасы. Қопсыған тау жынысында өсімдіктердің мекендей бастауы жалпы физикалық, химиялық үгілулерді шапшаңдатып, топырақ түзілу құбылысын тездетеді. Ең негізгісі өсімдіктер өсе бастағаннан кейін олар тау жыныстарынан көптеген биофильді элементтерді өз денелеріне жинап, ал күн сәулесінің күшімен жапырақтары арқылы көптеген органикалық заттар түзіп, жер бетіне, өзінің тамырлары тараған жер қабатына олардың қорларын жинайды. Ал ол органикалық заттар ыдырап, шіріп алғашқы топырақ шіріндісін – гумусты түзеді. Бұл құбылыс – топырақ түзілуінің алғы шарты [2].

Топырақтың пайда болуына тікелей қатысып, дамуына әсер ететін табиғи ортаның құрамды бөліктерін топырақ түзуші факторлар деп санаймыз. В.В.Докучаев бірінші болып жердің топырақ жамылғысы тау жыныстарының, ағзалардың (өсімдіктер мен жануарлар), олардың қалдықтарының, климаттың, жер бедерінің және аймақтың геологиялық жасының өзара тығыз қарым-қатынасының әсерінен пайда болады деп атап көрсеткен. Топырақ түзуші факторлар алтау: аналық тау жыныстары, климат, биологиялық фактор, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы және адамзат қоғамының әсері.

Аналық тау жыныстары. Топырақ пайда болатын тау жыныстары топырақ құраушы немесе аналық тау жынысы деп аталады. Топырақ құраушы тау жыныстары – топырақтың материалдық негізі. Оның механикалық, минералдық, химиялық құрамы және физикалық, химиялық қасиеттері топыраққа тарайды. Топырақ түзілуі, дамуы кезінде ол қасиеттер біртіндеп өзгерістерге ілігеді.

Топырақ құраушы тау жыныстары пайда болу тегіне, құрамына, құрылысына және қасиеттеріне байланысты әр түрлі болады. Негізінен топырақ құраушы тау жыныстары қатарына шөгінді тау жыныстары жатады. Олардың кең тараған түрлері: элювий, делювий, аллювий, лесс, эол шөгінділері.

Климат. Ауа райының жергілікті жерде қалыптасқан көпжылдық сипаттамасын климат дейді. Ол топырақ құралуына үлкен ықпал жасайды. Топырақтың қалыптасуына, дамуына, әсіресе, жылу мен ылғал мөлшерінің әсері қарқынды. Топырақтың жылулығын қамтамасыз ететін кұн нұры, ал оның ылғалдылығын анықтайтын атмосферадан түсетін жауын-шашын.

Климаттың континентальдығы, жауын-шагынның жыл мезгілдері ішінде түсуінің ауытқуы, ауаның ылғалдылығы, желдің шапшаңдылығы топырақтың құралуына, онда өтіп жатқан құбылыстарға, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырауына үлкен ықпал жасайды.

Климаттың топырақ құралуына тікелей және жанама ықпалы бар. Климат элементтері – ылғалдылықтың, топырақтың жылуы мен салқындалуының әсері топырақ түзілуіне тікелей әсер етеді. Ал жанама әсер әуелі климаттың өсімдіктер және жануарлар дүниесіне әсер арқылы, содан кейін олардың топыраққа ықпал жасауынан байқалады.

Сөйтіп, климат біріншіден, топырақтағы биологиялық, биогеохимиялық процестерге әсер етеді. Өсімдіктер дүниесі, органикалық заттардың құралуы және ыдыоауы, топырақ микроағзалары мен фаунасы мөлшері, олардың тіршілік қимыл-әрекеттері, пәрменділігі климат ерекшелігіне байланысты. Екіншіден, атмосфера климаты топырақтың ауа, ылғалдылық, жылулық және тотығу-тотықсыздану режиміне үлкен ықпал жасайды. Үшіншіден, топырақтағы минералды заттардың өзгерістерге ілігуі климат жағдайларына тәуелді. Төртіншіден, климат топырақтың жел және су эрозиясына ұшырауына үлкен әсер тигізеді.

Биологиялық фактор. Топырақ құралуының ең басты, жетекші жағдайы – биологиялық фактор. Өсімдіктердің, жануарлардың, микроағзалардың және олардың бірлескен қызметінің, олардың қалдықтарының әсерінен топырақ түзілуінің басты буындары – органикалық заттардың құралуы, ыдырауы, биофильді элементтердің таңдалынып шоғырлануы, минералдардың ыдырауы, түзілуі, заттардың шайылуы мен жинақталуы жүреді. Осылардың ықпалымен топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылығы қалыптасады.

Академик В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша «жер бетінде өзінің кейінгі құдіретті ықпалы жағынан алғанда тірі ағзалардан басқа тұрақты әсер жасайтын химиялық күш жоқ». Топырақ түзілуінің ең басы, тау жыныстарына тірі ағзалардың қоныстануынан басталады.

Жер бедері. Жер бедерінің топырақ түзілуіне әсері тікелей және жанама болып келеді. Жер бедерінің топырақ құралуына тікелей әсерін оның эрозия процестеріне шалдығуы айғақтайды. Ал жер бедерінің топырақ түзілуіне жанама әсері оның климат факторларын ауытқытып, таратуы арқылы туындайды.

Аймақтың геологиялық жасы. Жыл мезгілдерінде, жыл сайын және көп жылдар ішінде байқалатын табиғат құбылыстарының әсерінен топырақтағы минералды және органикалық заттардың өзгерістерге ұшырауы бір қалыпты болмайды. Сондықтан уақыт ағымы топырақтың құралуына және оның дамуына зор ықпал жасайды.

Адамзат қоғамының әсері. Қазіргі заманда адамдар ауыл шаруашылығын және басқа өндіріс салаларын дамыту үшін топырақты құрал-жабдықтармен өңдейді, түрлі дақылдар себеді, оған тыңайтқыштар енгізіп, суарады немесе құрғатады, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан, арамшөптерден қорғау үшін түрлі химиялық заттар қолданады. Осы әрекеттердің салдарынан табиғи экологиялық жүйелер өзгеріске ұшырап, топырақтың түзілуі және даму процестерінің өзгеруі байқалады. Табиғи жағдайда бірқалыпты баяу өтіп жататын топыраақтағы құбылыстар қарқыны адам әрекеті әсерінен күрт жоғарылайды. Ғасырлар бойы қалыптасқан тұрақты экологиялықжүйе бұзылып, олардың орнына тұрақтылығы шамалы, құбылмалығы басым агроэкологиялық жүйе қалыптасып, топырақ құралу жағдайының өзгеруіне ықпал жасайды.

Қорыта айтқанда, топырақ түзілуіне, дамуына адамзаттың өндірістік әсері өте ауқымды және күрделі. Ел байлығы топырақты шаруашылықта қадірлеп, бағалап қолдану қажет. Оның құнарлығының төмендеуіне, эрозияға шалдығуына, қасиеттерінің нашарлануына және улы заттармен ластануына жол бермеу керек. Бұзылған, істен шыққан топырақ жамылғысынорнына қалыптастырып,табиғи ландшафтқа келістіре отырып, топырақ жамылғысын ұтымды, тиімді пайдалану қажет.

Топырақтың қаттылығы - оның қабаттарына бойлата енгізген құрал білікке көрсететін кедергісі. Оның кг/см2 мөлшерімен сипаттайды. Топырақ ылғалдылығына, механикалық құрамына байланысты оның мөлшері 5-45 кг/см2 дейін болуы мүмкін. Топырақтың қаттылығы мен оның меншікті кедергісі арасында тікелей қатынас бар. Қаттылығы жоғары топырақтың меншікті кедергісі оны жырту кезінде әр см3 топырақ бетіне жұмсалатын тарту күшін сипаттайды. Меншікті кедергі топырақтың механикалық құрамына, құрымына, ылғалдылығына, қаттылығына байланысты өзгереді. Мысалы, механикалық құрамы құмдақ топырақта бұл көрсеткіш 0,2-0,3 кг/см2, орташа саздақты топырақта 0,5-0,7, ал ауыр саздақты топырақта 0,7 кг/см2-ден көп болады.

Топырақтың байланыстылығы оның бөлшектерін бір-бірінен айыруға бағытталған күшке қарсыласу қабілетін көрсетеді. Байланыстылық топырақтың механикалық құрамына және ылғалдылығына байланысты. Саз балшық, саздақ топырақтардың байланыстылығы құм, құмдақ топырақтардың осы көрсеткішінен жоғары болады. Қазақстанның топырақтанушы ғалымдары осы көрсеткіші топырақтың эрозияға төзімділігін бағалауға қолданады.

Топырақтың байланыстылығы кеміген сайын оның жел эрозиясына төзімділігі нашарлайды. Алтыншы, бесінші топтағы топырақтар жел эрозиясына төзімсіз, ал бірінші, екінші топтағылардың төзімділігі жоғары болады.

Топырақтың иілгіштігі оның ылғалды күйінде икемдеп пішін беруге көнуін және оны сақтау қабілетімен сипатталады.

Құрғақ және өте ылғалды топырақтың басқа денелерге жабысу қабілеті – топырақтың жабысқақтылығын көрсетеді. Механикалық құрамы балшық, құрамында натрий иондары мол топырақтың жабысқақтығы жоғары болады. Ол топырақтарды өңдеуге көп күш жұмсалады. Топырақтың жабысқақтығы оның ылғалдылығына байланысты. Құрғақ топырақтың жабысқақтығы жоқ, ал ылғалдылығы өскен сайын оның жабысқақтығы арта түседі де, кейіннен ылғалдылық молайғанда тағы да жабысқақтық кемиді. Топырақтың жабысқақтығына байланысты егіншілікте топырақтың физикалық пісуі деген ұғым қолданылады. Ылғалды топырақты өңдегенде құралдарға жабыспай жақсы түйіршікті құрылымға бөліну қабілеті бар кезеңі оның физикалық піскен дәрежеде екенін көрсетеді. Осы кезеңде өңделген топырақтың құрылымы және фиизикалық қасиеттері қолайлы қалыптасады.

Топырақ ылғалданғанда оның ісінуі, ал құрғағанда – отыруы байқалады. Осы қасиеттер механикалық құрамы балшық және натрий иондары бар топырақтарда дамиды. Сондықтан осындай топырақтар ылғалданғанда қатты ісініп, ал құрғағанда көп отырып, топырақта үлкен жарықтар пайда болады. Сондықтан өсімдік тамырларына зақым келтіреді және ылғалдың артық булануына әсер етіп қолайсыз жағдай жасайды.

Топырақтың қолайлы физикалық және физикалық-механикалық қасиеттері оның құнарлығына үлкен әсер тигізіп және басқа да экологиялық қызметтерінің пәрменді жүруіне жағдай жасайды. Сондықтан осы қасиеттерін жақсарту үшін мол органикалық тыңайтқыш қолдану, егістікте және мал жайылымдарында, шабындықтарда алқаптарды ауыстырып отыру жүйесін қолдану арқылы топыраққа қолайлы әсер ету керек. Топырақты өңдегенде, одан өнім жинағанда оған аз қысым түсіретін техника қолданып, оның тығыздығын, құрылымын сақтауға жағдай жасалынуы керек.

Негізгі әдебиеттер:

71. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. Алматы. «Қазақ университеті», 1997.

72. Почвоведение (под ред. В. А. Ковды, Б. Г. Розанова). –М.: Высш. шк., 1988. –Ч. 1-2. – 400 с.- 368 с.

73. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М.: Наука 1973. – Кн. 1-2. –448 с.

74. Почвоведение. Учебник. / Под. Ред. И.С. Кауричева. М. ВО Агропромиздат, 1989. 720 с.

75. Таргульян В.О. Почвообразование и элементарные почвообразовательные процессы //Почвоведение. 1985. №11. С.36-45.

76. Соколов И.А. Основные законы почвообразования /1 100 лет генетического почвоведения. М.: Наука. Соколов И. А. Об основных закономерностях экологии почв//Почвоведение. 1990. № 7. С. 117-128.

77. Самойлова Е. М. О понятии «элементарный почвообразовательный процесс» //Вестник МГУ. Сер. почвовед. 1986..

78. Лозовская М.А. Проблемы эволюции почвообразования в трудах П.П. Герасимова// Почвоведение. 1988. №6. С.77 - 83. '

79. Ершов Ю.И. Основы теории почвообразования. Красноярск: Ин-т леса СО РАН. 1999.

80. Шаушеков Т.К. Электронный курс лекций по почвоведению, 2007 Изд. КарГУ им. Е.А.Букетова

Қосымша әдебиеттер:

57. Розанов Б.Г.Морфология почв. М.: МГУ. 1983- 320 с.

58. Методические указания по полевому описанию почв (с использованием базовых шкал морфологических свойств почв). Составители: О.Г.Растворова, Г.Л.Касаткина, Н.Н.Фёдорова. Санкт-Петербург. 2002. 50 с.

59. Добровольский В.В. «География почв с основами почвоведения», изд-во Вш. 1989

60. Кауричев И.С «Почвоведение», М., В.ш., 1989

61. Чижевский М.Г. «Земледелие с основами почвоведения»

62. Глазовская М.А. «Общее почвоведение и география почв», М., Вш., 1981.

63. Ежемесячный научно-теоретический и научно-практический журнал «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана», Алматы, Изд. «Бастау»

64. Научно-практический журнал «Почвоведение» Российской академии наук, Изд. «Наука», Москва

11-шы дәрістік сабақ: «Егістік дақылдар»

Дәрістік сабақтың жоспары:

1. Дәнді дақылдар және оларды топтастыру.

2. Дәнді дақылдардың құрылысы.

3. Дәнді астықтың жемісі.

4. Астық тұқымдас дәнді дақылдардың даму кезеңі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2969 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.027 с)...