Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Органикалық тыңайтқыштар жөнінде түсінік



Органикалық тыңайтқыш – тыңайтқыштардың негізгі тобының бірі. Әр түрлі дақылдардың өнімділігін арттыруда органикалық тыңайтқыштарды пайдаланудың маңызы зор. Тыңайтқышьың бұл тобының құрамындағы қоректік заттар көбінесе органикалық қосылыстар түрінде болады. Олардың құрамында өсімдіктерге қажетті бірнеше қоректік заттар болғандықтан күрделі немесе кешенді тыңайтқыштар қатарына да жатады. Ал органикалық қосындылардың өздері өсімдік тектес немесе жануар тектес болып келеді. Органикалық тыңайтқыштарға жататындар: көң, қи садырасы, құс саңғырығы, қорда, шымтезек және жасыл тыңайтқыштар, ағын су, тұнба лайы, тері илеу және тамақ кәсіпорындарының қалдығы. Органикалық тыңайтқыштар ішінде әсіресе, маңыздылары – көң, қи садырасы, құс саңғырығы. Органикалық тыңайтқыштарды дұрыс және ұзақ пайдаланудан топырақтың қарашірігі едәуір көбейеді. Сонымен қатар дұрыс қолданғанда олар топырақ құнарлығына біршама жақсы әсер етеді. Топырақтың, судың, ауаның микробиологиялық режимдері жақсарады, қоректік заттар көбейеді. Органикалық тыңайтқыштар топырақтың физико-химиялық қасиеттерін жақсартады, қышқыл топырақтардың қышқылдығын азайтады, көмірқышқыл газын көбейтеді. Міне, осылардың барлығы қосыла келе комплексті әсер етіп, ол берілген жерге егілген дақылдардың өнімін көбейтеді.

Органикалық тыңайтқыштар минералды тыңайтқыштарды үнемді және тиімді пайдалануға көмектеседі, өйткені олардың құрамында біршама мөлшерде негізгі қоректік заттар азот, фосфор, калиймен қатар микроэлементтер – бор, мыс, йод, марганец, молибден, кобальт, темір және т.б. болады.

Органикалық тыңайтқыштардың әр түрінде қоректік заттар мөлшері түрліше болады, ол негізінен бұл тыңайтқыштар қандай дақылдар қалдығынан жасалғанына және қалай сақталғанына байланысты болады.

Органикалық тыңайтқыштардың өсімдіктердің ауамен қоректенуін жақсартуы олардың көмірқышқыл газын көп бөлуі себепті болады. Өсімдіктердің өсуі кезінде атмосферада және топырақтың жоғарғы қабатында көп мөлшерде көмірқышқыл газы болғаны дұрыс.

Органикалық тыңайтқыштар топырақтағы микроағзалар үшін аса ққажетті қорек болып табылады. Мұнымен қатар көптеген органикалық тыңайтқыштардың өзімен топыраққа біраз микроағзалар түседі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 3859 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...