Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәнді дақылдар және оларды топтастыру



Адам баласы небір таңғажайып нәрселерді ойлап тапқан, бірақ солардың ішіндегі ең құдіреттісі – нан. Сондықтан да дәнді дақылдарды дүние жүзінің барлық елдері өсіреді.

Астық өндіруді арттырудың басты көзінің бірі – егіншілік мәдениетін арттыру, егісті сапалы сортты тұқыммен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық ғылымының қарқынды технологиясының жетістіктері мен озат тәжірибені кеңінен енгізу негізінде елміздің барлық аймақтарында дақылдардың өнімділігін арттыру.

Ауыл шаруашылығының өркендеуі ең алдымен астық шаруашылығының дамуына байланысты. Ауыл шаруашылығы көптеген дәнді дақылдарды өндіреді. Олар негізгі пайдаланылуына қарай ірі екі топқа бөлінеді: азық-түлік және жемшөп дақылдары. Азық-түлік дақылдарының кейбірін жемшөп және тамақ ретінде пайдаланылады (жүгері, арпа, сұлы жармасы).

Негізгі астық тұқымдас дақылдар бидай,қара бидай, арпа, сұлы, жүгері, тары және күріш. Тары, күріш және қарақұмық пайдалану түріне қарай жармалық дақыл болып есептелінеді. Дәнді дақылдар – адам үшін негізінен нан, өнеркәсіптің көптеген саласына шикізат, мал үшін жем. Адам тамағы үшін кең тараған бидай мен күріш. Жер шарындағы халықтың 70-ке жуығы юидайды, қалғаны – күрішті азық-түлік ретінде пайдаланады. Бұл дақылдарда белок мен көмірсулар көп. Сондай-ақ онда ферменттер, В тобындағы витаминдер, А провитамині бар. Астықтан нан пісіреді, макарон, кондитер өнімдерін, тағамдық құнарлы азықтар әзірленеді, сыра дайындауға, спирт, крахмал алуға және т.б. пайдаланады. Астық – мемлекеттердің негізгі азық-түлік қоры және шетке шығаратын өнімі. Оның мал азығы үшін де маңызы зор [2].





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1238 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...