Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күрделі тыңайтқыштар



Өздерінің атына сәйкес күрделі тыңайтқыштар зауыт жағдайында алынып, олардың құрамында 2-3 қоректік заттар болады. Күрделі тыңайтқыштар деп белгілі бір технологиялық процесс негізінде түрлі процестер арқылы жаңа зат алынуын айтады, олардың құрамындағы заттарды өсімдіктер жақсы пайдаланады. Қазіргі кезде кең тараған күрделі тыңайтқыштар қатарына аммофос, диаммофос, нитроаммофос, калий селитрасы, түрлі метафосфаттар жатады.

Аммофос – құрамында 10-12% азот, 40-60% шамасында фосфоры бар, ақшыл сұр немесе көгілдір сұр түсті, ұсақ түйіршікті тыңайтқыш, суда жақсы ериді. Аммофос зауыттарда аммиак пен фосфор қышқылын әрекеттестіру арқылы алынады.

Аммофос ауыл шаруашылық дақылдары үшін өте жақсы тыңайтқыш, дегенмен оның бір кемшілігі бар. Ол – оның құрамындағы азот пен фосфор заттарының ара қатынасы аса үлкен (1/4 немесе 1/5) болып келеді. Бұл тыңайтқыш көбінесе фосфор есебінен қолданылады да, топыраққа қосымша көп азот беруді талап етеді, оны өсімдіктердің вегетациялық дәуірі ішінде азотпен үстеп қоректендірумен толықтырып отыруға болады. Аммофосты барлық дақылдар үшін және барлық кезеңдерде де қолдануға болады.

Диаммофос – барлық қасиеттері жағынан аммофосқа ұқсас, құрамында 18-21% мөлшерде азот, 45-50% мөлшерінде фосфор қостотығы бар, ақшыл сұр түсті, ұсақ түйіршікті тыңайтқыш, суда жақсы ериді. Диаммофосты да барлық дақылдар үшін, барлық топырақтарда қолдануға болады. Бұл тыңайтқыштың құрамындағы қоректік заттар мөлшері 70%-тен асады, яғни бұл өте концентрациялы күрделі тыңайтқыш, оны пайдалану экономикалық жағынан өте тиімді.

Нитроаммофос - құрамында 10-30% мөлшерде азот, 14-27% мөлшерінде фосфор бар, суда жақсы ерігіш тыңайтқыш. Бұл тыңайтқыш зауыт жағдайында аммиак, азот және фосфор қышқылдарын әрекеттеу арқылы алынады.

Күрделі тыңайтқыштар қатарына полифосфаттар да жатады. Олардың құрамында өздерінің атына сәйкес фосфордан басқа, аммоний, калий немесе кальций болады. Полифосфаттар аса концентрациялы суперфосфор қышқылын аммониймен, калиймен не кальциймен қанықтыру арқылы алынады. Полифосфаттардың құрамындағы пайдалы заттардың қосындысы 75-85%-ке дейін жетеді, қоректік заттар аса көп болғандықтан бұл тыңайтқыштарды неғұрлым қашыққа тасымалдаудан жай тыңайтқыштармен салыстырғанда едәуір мөлшерде көп қаржы үнемделеді де, олар экономикалық жағынан тиімді болып келеді.

9-шы дәрістік сабақ: «Органикалық және бактериялық тыңайтқыштар»

Дәрістік сабақтың жоспары:

1. Органикалық тыңайтқыштар жөнінде түсінік.

2. Органикалық тыңайтқыштардың түрлерімен танысу.

3. Жасыл тыңайтқыштар.

4. Бактериялы тыңайтқыштар.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2935 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...