Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәнді дақылдарды топтастыру



Негізгі дәнді дақылдарға дәнді астық, дәнді бұршақ және қарақұмық жатады. Дәнді дақылдарды екі топқа бөледі: бірінші астық тобы немесе қарапайым астық – бидай, қара бидай, арпа, сұлы және екінші астық тобы немесе тары тұқымдас астық – жүгері, тары, күріш, қонақ тары, құмай. Бірінші топтың дәнінде ұзыннан созылатын ойпаң сызық, өніп келе жатқан көптеген тамыршалар болады. Гүл шоғыры масақ немесе шашақ басты (сұлы) болады. Бұл дақылдар тары секілді дақылдарға қарағанда ұзақ күндік, суыққа төзімді және ылғал сүйгіш болады.

Екінші топқа дәнінде ойпаң сызық болмайды, тек бір тамыршамен өнеді. Гүл шоғыры шашақ басты және собық басты (жүгері) болады. Бұлар бірінші топ дақылдарына қарағанда жаздық, қысқа күнді, жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді болады (күріштен басқасы).

Дәнді дақылдары: күздік және ерте, әрі кеш пісетін жаздық дақылдар болып бөлінеді. Күздік дақылдар – бидай, қара бидай, арпа. Ерте пісетіні күздік арпа, қара бидай және бидай. Ерте пісетін жаздық дақылдар – бидай, қара бидай, арпа, сұлы сорттары. Кеш пісетін жаздық дақылдар – тары, жүгері, құмай (сорго), күріш. Бұлар суыққа төзімсіз, тұқымы көктеу үшін жылылық керек. Сондықтан оларды ерте пісетін жаздық дақылдардан кешірек себеді. Әлемде аталмыш дақылдардың ішінде бидай (күздік және жаздық) бағалы азық-түлік дақыл ретінде ең жоғарғы орын алады. Бидай наны ерекше дәмділігімен, жоғары сапасымен, жақсы сіңірілуімен ерекшеленеді. Бидайдың кебегі (дән жармасы) малға жоғары сапалы құнарлы жем. Сабан мен топанды малға азық, әрі төсеніш ретінде пайдаланады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1449 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...