Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Микротыңайтқыштар



Топырақтарда микроэлементтер аз болған жағдайда микротыңайтқыштарды қолданады. Микротыңайтқыш құрамында өсімдікке өте аз мөлшерде қажет мыс, кобальт, мырыш және т.б. болады. Топырақта өсімдікке сіңетін микроэлементтер жеткіліксіз болса, дақылдың өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады.

Микроэлементтердің өсімдіктер тіршілігінде маңызы зор. Олар ферменттер құрамына енеді, дақылдың өнімін арттырады.

Бор тыңайтқыштары көптеген дақылдарға қолдану үшін аса тиімді. Бор жетіспесе, өсімдіктер ауруға шалдығады, өнімі мен оның сапасы едәуір нашарлайды.

Бородатолит тыңайтқыштары - ақшыл-сұр түсті, суда жақсы ерігіш, құрамында 2% бор бар. Оны құрғақ күйінде, дақылдар тұқымын өңдеуге,егіс алдында культивациялауға қолданумен қатар, ерітінді күйінде дақылдарға бүрку арқылы да қолданады. Қолдану мөлшері мен мезгілі жергілікті жердің топырақ құрамына, дақылдар ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады.

Мырыш тыңайтқыштары-көбінесе карбонатты қара топыраққ, жеңіл механикалық құрамды қоңыр топыраққа көбірек пайдаланылады, өйткені онда мырыштың қоректік қоры аз болады. Мырыш тыңайтқыштарын қолдану мөлшері мен мезгілі әрбір дақылдар және топырақтар ерекшелігіне қарай өзгереді. Мырыш тыңайтқышы жеміс-жидек пен цитрус өсімдіктеріне қажет.

Марганец микротыңайтқыштарын жаздық бидай, арпа, қант қызылшасы, көкеніс және картоп дақылдары жақсы сіңіреді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2684 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...