Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Фосфорлы тыңайтқыштар



Фосфорлы тыңайтқыштар - өсімдік құрамына қажетті фосформен қамтамасыз ету үшін пайдаланатын минералдық және органикалық заттар. Фосфорлы тыңайтқыштардың кең тараған түрі – суперфосфат және фосфорит ұнтағы. Фосфорлы тыңайтқыштардың суда, сілітілі нитрат ерітіндіде не лимон қышқылында еритін және қиын еритін түрлері бар. Суда еритін фосфорлы тыңайтқыштарға джай суперфосфат, қос суперфосфат, аммофос, диаммофос жатады.

Суперфосфат құрамында 14-19% фосфор қостотығы бар, суда жақсы еритін, сұр немесе ақшыл-сұр түсті ұнтақ. Суперфосфат физиологиялық қышқылды тыңайтқыш, аздап ылғал тартады, табиғи жағдайда оның құрамында 2-2,5% мөлшерінде бос фосфор қышқылы болады, сондықтан да оны көбінесе бейтарап және сілтілі топырақтарда қолданған пайдалы.

Тыңайтқыштың түйіршікті түрін реакциясы бейтарап және қышқылды болатын топырақтарға берген тиімді, өйткені өте ұнтақ күйдегі суперфосфат түрлі қосылыстармен қосылып, нашар сіңімді тұздарға айналады. Түйірлі тыңайтқыш топыраққа араласып кетпейді, сондықтан ондағы фосфорды өсімдік өзіне толық сіңіреді. Сонымен қатар түйіршіктенген суперфосфатта бос фосфор қышқылы да аз, сондықтан да ол аз дымқылданады және оның құрамында ұнтақ суперфосфатқа қарағанда фосфор біршама көбірек.

Преципитат – құрамында 25-32% шамасында суда орташа еритін фосфор бар, ақ немесе ақшыл-сұр түсті ұнтақ. Бұл фосфор тыңайтқыштарының екінші тобына жатады, оның фосфоры көбінесе лимон қышқылды аммонийде жақсы ериді, яғни өсімдіктерге орташа сіңімді болады. Преципитат ылғалды аз тартады, ұнтақ күйінде топырақ бетіне шашуға ыңғайлы. Оны күзде, егістік танап топырағын өңдеу алдында қолданады. Преципитаттың тиімділігі, әсіресе оларды қышқыл реакциялық және ылғалы мол топырақтарда қолданғанда арта түседі.

Фторсызданған фосфат – ақшыл түсті тыңайтқыш, аздап ыл,ал тартады, суда және әлсіз қышқылдарда мүлдем ерімейді, өте ұнтақ болғандықтан қолданылған кезде шаңданады. Мұның құрамында 21-28% шамасында сіңімді фосфор болады. Бұл тыңайтқыш көбінесе ылғалы мол, топырақ реакциясы қышқыл жерлерде әсерлі келеді. Топырақта баяу еритіндіктен 2-3 жылдық нормасын топыраққа бір-ақ рет, тек күзде сүдігер өңдеу алдында қолданады.

Фосфорит ұнтағында құрамында 22-25% фосфор бар. Оны кәдімгі фосфорит кенін ұнтақтау арқылы алады. Фосфорит ұнтағы ежелден егіншілікте қолданылып келе жатқан тыңайтқыш, оны егіншілікте ылғалы мол, қышқыл реакциялы топырақтарда қолданады. Фосфорит ұнтағын әрбір дақыл түрліше пайдаланады, негізінен олардың тамырларының өсу ерекшеліктеріне байланысты. Фосфорит ұнтағын тиімді пайдаланудың негізгі жолы – оның 4-5% немесе одан да көп жылға арналған мөлшерін топырақты терең жырту кезінде біржола қолданған тиімді, ол топыраққа берілген танапта аса көп өзгеріссіз ұзақ жылдар бойы жата береді және оның фосфорын дақылдар бірте-бірте сіңіреді.

Фосфор протоплазма мен клеткалар ядросының, биологиялық реакцияны тездететін көптеген ферменттердің құрамына кіреді, өсімдіктерде көмірсутегі пайда болуына қатысады, фосфордың кейбір органикалық қосындылары өсімдік мүшесінде энергияны бір дерге жинақтайтын аккумулятор рөлін атқарады. Фосфор тыңайтқышы дәнді дақылдардың қуаңшылыққа төзімділігін арттырады, өсімдікке нәр болатын ылғал мөлшерін сақтауға әсер етеді.

Фосфор тыңайтқышы өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуын тездетеді. Соның нәтижесінде өсімдік қоректік заттарды жақсырақ пайдаланады, ылғалды көбірек сіңіреді де, өсімдіктің топырақ бетіне шыққан бөлшектерінің қаулап өсуіне әсер етеді. Өсімдікте фосфор жетіспесе, оның сабағы мен жапырағының өсуі тоқтайды да, тұқым салмайды.

Фосфорға зеру өсімдік жапырағының шеткі жиектері ширатылады. Онда күрең теңбілдер пайда болады, зақымдалған жерлерінің ұлпалары түсе бастайды.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 4675 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...