Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Суару түрлері



Егінжайда дақылдар болса да, болмаса да жылдың төрт мезгілінде де әр түрлі мақсатпен жер суарыла береді. Суарудың түрлері мынадай: ылғал жинау, себу алды, көктеп шығару, өсіп-даму, қоректендіру, салқындату, жуып-шаю. Ылғал жинау үшін суару кезінде топырақтың үстіңгі қабаты емес, терең қабатына дейін су сіңіріледі. Бұл су дақыл өсіп, тамырын тереңдеген кезде жұмсалады. Әсіресе күзде жүргізілетін ылғал жинау ылғал жинау зор. Себебі бұл сумен ылғал жинау мәселесі ғана шешіліп қоймайды, топырақтағы температура режимі де жақсарады, осының әсерінен күдік бидай, көпжылдық шөп, бау-бақша, жүзім және питомниктегі жаас ағаштар да ойдағыдай қыстап шығады, олардың өнімдері артады.

Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институты ғалымдарынының тәжірибесіне қарағанда, тек қана күзде жүргізілетін ылғал жинау суаруының өзі-ақ күздік бидайдың өніімін 2-3 есе арттырады екен.

Ылғал жинау кезінде бір гектарға 800-1200 м3 су сіңіпілуі тиіс. Ерте егілетін дақылдар үшін ылғал жинау суын міндетті түрде күзде беру керек. Ал кеш себілетін жүгері, мақта сияқты дақылдар үшін ылғал жинау суын ерте көктемде берсе де болады.

Себу алдындағы суару жұмысын, топырақтың беткі қабаты өте құрғақ болған жағдайда жүргізеді. Бұл суару кезінде көбіне топырақтың жыртылатын қабаты ғана суарылады. Осы суарудың арқасында себілген тұқым уақытында көктейді.

Қазақстанның оңтүстігінле орналасқан облыстарының климаты бір жерде екі өнім алуға мүмкіндік береді. Екінші дақылдар масақты дақылдар, не сүрлемге арналған дақылдар орылып алынғаннан кейін егіледі. Екінші дақылдар егілер алдында міндетті түрде егістік суарылуы тиіс., онсыз себілген тұқым көктемейді, себебі масақты дақыл орылатын маусым, шілде айларында жауын-шашын Қазақстанның оңтүстігінде өте аз жауады.

Көкеністердің, темекінің көшеттерін отырғызар алдында да топырақты суару керек, онсыз көшет жөнді тамырлана алмайды.

Суару кезінде төмендегідей агротехникалық ережелер қатал сақталуы тиіс. Суару кезінде топырақ шайылып, орнынан ауыспауы тиіс. Топырақтың шайылып, әр түрлі орлардың пайда болуы судың өте мол алынғанынан олады. Көп су топыраққа сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен екпіндей ағып, эрозияға, топырақтың құнарлы органикалық, майда түйірлері танаптардан сумен ағып кетуіне соғады. Топырақ құнарлылығы жыл өткен сайын төмендей береді. Суару кезінде топырақ қажетті тереңдікке ғана ылғалдандыруы тиіс. Артық берілген судың пайдасынан зияны көп, себебі топырақұ эрозияға ұшырауы мүмкін. Оның төменгі қабатынан тұздар көтерілуі мүмкін.

Негізгі әдебиеттер:

41. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. Алматы. «Қазақ университеті», 1997.

42. Почвоведение (под ред. В. А. Ковды, Б. Г. Розанова). –М.: Высш. шк., 1988. –Ч. 1-2. – 400 с.- 368 с.

43. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М.: Наука 1973. – Кн. 1-2. –448 с.

44. Почвоведение. Учебник. / Под. Ред. И.С. Кауричева. М. ВО Агропромиздат, 1989. 720 с.

45. Таргульян В.О. Почвообразование и элементарные почвообразовательные процессы //Почвоведение. 1985. №11. С.36-45.

46. Соколов И.А. Основные законы почвообразования /1 100 лет генетического почвоведения. М.: Наука. Соколов И. А. Об основных закономерностях экологии почв//Почвоведение. 1990. № 7. С. 117-128.

47. Самойлова Е. М. О понятии «элементарный почвообразовательный процесс» //Вестник МГУ. Сер. почвовед. 1986..

48. Лозовская М.А. Проблемы эволюции почвообразования в трудах П.П. Герасимова// Почвоведение. 1988. №6. С.77 - 83. '

49. Ершов Ю.И. Основы теории почвообразования. Красноярск: Ин-т леса СО РАН. 1999.

50. Шаушеков Т.К. Электронный курс лекций по почвоведению, 2007 Изд. КарГУ им. Е.А.Букетова

Қосымша әдебиеттер:

33. Розанов Б.Г.Морфология почв. М.: МГУ. 1983- 320 с.

34. Методические указания по полевому описанию почв (с использованием базовых шкал морфологических свойств почв). Составители: О.Г.Растворова, Г.Л.Касаткина, Н.Н.Фёдорова. Санкт-Петербург. 2002. 50 с.

35. Добровольский В.В. «География почв с основами почвоведения», изд-во Вш. 1989

36. Кауричев И.С «Почвоведение», М., В.ш., 1989

37. Чижевский М.Г. «Земледелие с основами почвоведения»

38. Глазовская М.А. «Общее почвоведение и география почв», М., Вш., 1981.

39. Ежемесячный научно-теоретический и научно-практический журнал «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана», Алматы, Изд. «Бастау»

40. Научно-практический журнал «Почвоведение» Российской академии наук, Изд. «Наука», Москва

6-ші дәрістік сабақ: Топырақ құрылысының кескіні және оның морфологиялық белгілері.

Дәрістік сабақтың жоспары:

1. Топырақтың мрфологиялық қасиеттері.

2. Топырақтың құрылысы

3. Топырақтың түсі

Топырақ түзілуі құбылыстарының әсерінен ьау жынысынан пайда болған топырақта оған тән құрылыс, пішін, ерекше белгілер, қасиеттер мен жаңа қосылыстар пайда болады. Сөйтіп, топырақ тау жынысынан өзінің құнарлығымен ғана емес, құрылысымен және сыртқы морфологиялық белгілермен ерекшеленеді. Осы морфологиялық белгілер арқылы топырақ түрлері бір-бірінен ажыратылады, топырақ түрлерге жіктеліп, оларға атау беріледі.

Басты морфологиялық белгілерге топырақтың құрылысы, топырақтың және оның қабаттарының қалыңдығы, түсі, құрамы, жайласуы, механикалық құрамы, жаңа жаралымдар мен кіріспелер жатады.

Топырақтың құрылысы – оның тік кескінінде кезектесіп орналасқан әр түрлі қабаттары. Бұл қабаттар бір-бірінен түсімен, құрылымымен, тығыздылығымен, химиялық құрамымен, кейде механикалық құрамымен ерекшеленеді. Топырақтың құрылысы пайда болып, қабаттардың ерекшеленуі топырақ түзілу процесінің және топырақты өндірісте пайдаланудың ықпалынан болады.

Топырақтың тік кескінінде бірнеше қабаттар кездеседі. Осы қабаттарға атау қойылып, әріппен белгіленеді. Әдетте топырақтың келесідей генетикалық қабаттары ажыратылады:

А – қарашірінді және қоректік заттар жиналған топырақтың жоғарғы жағындағы қабат; Минералды заттардың бұзылуы мен сілтісізденуі байқалмайды. Тұсі басқа қабаттарға қарағанда күңгірт болады.

В – иллювиальді немесе аралық қабат; В қабатта жоғарғ қабаттан шайылған заттар, кей жағдайда жер асты сулары арқылы келген заттар жиналады. Топырақ кескінімен жылжушы заттарға байланысты иллювиалды қабат әр түрлі қосындылармен (қарашірінді, карбонат, темір қосындылары) байытылады.

G – глей қабаты;

С – аналық тау жынысы; С қабаты – топырақ түзілу процесінің әсері тимеген немесе оның сәл әсері болған тау жынысы қабаты.

Д – астыңғы тау жынысы;

Е – элювиалды қабат; Бұл қабатта топырақ түзілу процесі кезінде бірқатар заттар төменгі қабатқа немесе топырақ кескіні астына шайылады, сондықтан қабатта балшықты минералдар азайып, кремний негізді заттар көбейеді.

АЕ – қарашірінді элювиалды қабат; Онда қарашірінді жиналуымен қатар минералдардың бұзылуы және ыдыраған заттардың төменгі қабаттарға шайылып жылжуы байқалады.

О – орман төсеніші немесе дала кигізі; Органогенді қабат, орман ішінде түскен, қураған жапырақтардан, ал далалық аймақта шөптесін өсімдіктердің қалдықтарынан құралған, тың жерде болатын топырақтың ең үстіңгі қабаты.

Т – шымтезек қабаты.

Топырақтың және әр қабаттың қалыңдылығы оның тік кескінін өлшеу арқылы анықталады. Топырақтың жалпы қалыңдығы оның үстінен бастап топырақ түзілу процестерінің әсері тимеген не аз болған тау жынысына дейінгі аралық жатады. Топырақтың қалыңдығы 40-50 см-ден 100-150 см-ге дейін болады.

Топырақтың түсі бірден көзге көрініп байқалатын белгі. Көптеген топырақтардың атауы оның түсіне байланысты қойылған. Мысалы: қара, қоңыр, күлгін және т.б. топырақтар.

С.А.Захаровтың анықтауы бойынша топырақ бояуы, түсі негізінен төменгі қосындылардың 3 тобына байланысты. Олар: 1 – қарашірінді, 2 – темір қосындылары, 3 – кремний қышқылы, көмір қышқылды әк, каолин. Топырақ құрамындағы қарашірінді оған қара, күңгірт-сұр түс береді. Темір тотығы қосындылары топыраққа қызыл, қызғылт-сары, сары түс береді; ал кремний тотығы, көмірқышқылды кальций, каолинит ақшыл, ақ тұс береді.

Топырақтың құрылымы – оның пішіндері және ірілігі әр түрлі болып келетін түйіршіктері жиынтығы. Олар түрлі жағдайлар арқылы біріккен ұсақ бөлшектерден құралады.

С.А.Захаровтың айтуы бойынша үш құрылыи түрі бар: куб тәріздес, призма тәріздес және тақта тәріздес.

Топырақтың жайласуы – оның тығыздығы мен кеуектілігінің сырт көрінісі. Ол топырақтың механикалық құрамына, құрымына, топырақ фаунасының әрекетіне және өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуына байланысты қалыптасады. Тығыздылығы дәрежесіне қарай топырақ өте тығыздалған, тығыздалған, қопсынды, бытыраңқы болып жіктеледі. Топырақтың кеуектілігі құрылым түйіршіктерінің ішіндегі және олардың арасындағы түтіктердің көлемі мен мөлшеріне байланысты.

Жаңа жарандылар және кіріспе заттар. Топырақ түзілу кезінде оның қабатында әр пішінді, химиялық құрамы әр түрлі заттар – жаңа жарандылар пайда болады. Пайда болу тегіне байланысты олар химиялық және биологиялық болып бөлінеді.

Химиялық жаңа жарандылар қатарына суда ерігіш тұздар, гипс, кальций карбонаты, темір, алюминий, марганец тотықтары, қарашірінді қосылыстары жатады. Ал биологиялық жолмен пайда болған жаңа жарандылар қатарына топырақ құрттарының қалдырған қуыс іздері, жауын құрттарының бойынан өткен қалдық түйіршіктер – капролиттер, топырақтағы жануарлардың қазған індері, іздері, шіріген ірі тамырлар және өте ұсақ тамырлар – дендриттер жатады.

Кіріспе заттар топырақ түзілуіне қатысы жоқ кездейсоқ органикалық немесе минералды заттар. Оларға тау жыныстарының сынығы, жануарлардың сүйегі, шынының, кірпіштің, көмірдің сынығы жатады.

Еліміздін халық шаруашылығында жеміс-жидек және жүзім өсімдіктерінің маңызы зор. Жеміс пен жидек және жүзімде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен алмұртта қант 13—14% дейін, жүзімде 20% дейін болады. Жемісте белок, май өте көп және ол өзінің калориясы жағынан еттен кем түспейді. Витаминдер әсіресе к,аракатта, булдіргенде, алмада мол болады. Сондықдан да олардың, халық шаруашылықтың маңызы да өте үлкен.

Жүзім, бүлдірген, алма, қарақат бағалы және пайдалы азық қана емес, сонымен қатар бұлардың, емдік қасиеттері де зор.

Жеміс-жидек тамақ өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат. Тосаптың, джемнің мармеладтың, пастиланың, конфеттін„ компоттың, шырынның, және басқа тагамдардың, түрлі сорттары жидектен, жемістен және жүзімнен алынады.

Жеміс ағаштарының, санитарльқ-гигиенальқ та маңызы бар. Бақтар, жеке меншік дачалар, к,ала мен селоларды желден, шаңнан корғайды, елді пункттердің, ауа райын бұрынғыдан да жақсартады. Мұның өзі Қазақстанның ыстық және қуаң аудандарында өте кажетті. Казақстан территориясында жеміс-жидек өсімдіктерін егу өте ерте уакытта басталған. Он үшінші ғасырдың бас кезінде Іле Алатауының, етегінде болған саяхатшылар осы күнгі Алматы каласының маңайында орналасқан Алмальқ деген елді пунктте алма, алмурт және жүзім ағаштарының барлығын жазған. Оңтустік Қазакстан облысыньң территориясында мұнан да ертерек уақытта жеміс ағаштары егілгені туралы мәліметтер бар. Алайда, ағаш егілген жердің көлемі аз жэне сорттарынын, сапасы да төмен болган.

Қазақстан жерінде жеміс-жидек, жүзім және овощ шаруашылығы өткен ғасырдьң екінші жартысынан бастап едәуір алға басты, ол кезде Россиядан қоныс аударып келгендер мұнда алма.алмұрт, жүзім, алхоры және баска жеміс-жидек, жүзім және овощ дакылдарыньң ең, таңдаулы сорттарын әкелген еді. Революцияға дейінгі дәуірде жеміс шаруашылығы, әсіресе Алматы каласының маңайында, сонымен қатар Қазакстанның, батыс аудандарында дами бастады.

Қазақстанда 1930 жылдардан бастап Казақ ғылыми-зерттеу егіншілік институты алма, алмұрт және жидек дакылдарының, жаңадан сортын шығарды, алма ағаштарын сорттап шығару, бүлдіргеннен мол өнім алу, жеміс-жидек ағаштарын суарылмайтын жерлерде өсірудің, агротехникасын жасау, жабайы өсетін жеміс ағаштарын игеру және тары баска маңызды мәселелер зерттеліп шешілді.

КПСС Ортальқ Комитетініц май (1982) Пленумы кабылдаган СССР-дің 1990 жылға дейінгі кезеңге арналған. Азык-түлік программасында еліміздің, ауыл шаруашылығының, барлық саласын күрт өрге бастырып, хальқты әр түрлі тамақ өнімдеі|мен, соның, ішінде жеміс-жидек және овощ, картоппен қамтамасыз етудін, зор міндеттері койылды.

Халыктың жеміс-жидек және овощқа деген кажетін қанағаттандыруда тек қана колхоздар мен совхоздардың, беретін өніміне қарап отырмай, оларды өнеркәсіп, мекеме коллективтерін, қосалқы шаруашыльқтары мен үй маңында дербес өсіруді де жан-жакты дамыту ұсынылды. Бұл мәселеге КПСС XXVII съезі де ерекше мән бердік СССР-д1ң, экономикалық және әлеуметтік дамуының, 1986—1990 жылдарға және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған. Негізгі бағыттарында «Азык.-түлік ресурстарын толыктыру мақсатымен кәсіпорындар мен ұйымдардың, қосалкы ауыл шаруашылырын дамытуға... азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарына көмек көрсетілсін», делінген.

Казіргі уақытта жеке меншік бау-бақшада жеміс пен жидек және жүзім өсірумен Қазақстанның. барльқ аудандарында, соның, ішінде шөл және шөлейт жерлерде де шұғылдануға болатындығы анықталып отыр. Қазақстанның орталық. Және солтустік облыстарының қолайсыз климат жағдайына қарамастан, мұнда алма, алмұрт, жүзім және жидек дақылдарын өсіруге толық мүмкіншілік бар екенін ғылыми тұрғыда дәлелдейді.

Жеке меншік бау-бақшада жеміс пен жидек және жүзім өсіруде, күтіп-баптауда, өнімін алып, өңдеуде әлі де болса да көптеген біле бермейтін жайттар баршылық. Соның нәтижесінде республикамыздың, әсіресе солтустік аудандарында жеміс-жидек шаруашылығы нашар дамуда.

Бұл кітапта Қазақстан жағдайында жеке меншік бау-бақшаларда жеміс-жидек өсіретін әуесқойларға арнап, жергілікті табиғи жағдайларды ескере отырып, жеміс-жидек араштарының селекциялық сорттарын таңдап алып, өсірудін, агротехникасы жөнінде анықтамалық материалдар беріліп отыр. Сонымен бірге алынған өнімдерді өңдеу және сактау мәселелері де сез болады.

Жеміс-жидек ағаштарының көптеген турлері бар. Бұларды өсірушілер, жеміс ағаштарына не жатады, жидектің қандай түрлері бар және жерілікті жағдайда олардың қандай түрлерін өсіру тиімді екенін ажыратпастан еге береді, көпшілік жағдайда олардың тұқымдық ерекшеліктеріе ес­кере бермейді. Сондықтан да, оларға қыскаша түсінік бере кеткен артық болмас,

Жемісті ағаштарға — шекілдеуікті және суйекті дақылдар жатады. Шекілдеуіктіге — алма жә­не алмұрт кіред1. Бұлардың әрқайсысының онда-ған түрлері бар.

Жеміс өсіру шаруашылығында сорттың ерекшк маңызы бар. В.И.Мичурин өзінің еңбектерінде «Әрбір ағаштың жылма-жыл жоғары өнім беру қабілеті – бағалы сорт сапаларының бірі» деп әлденеше рет атап көрсетті. Егер жидек шаруашылығында сортты іріктеп алған кездегі жіберілген қатені кейін түзеу қиынға соғады. Сондықтан бау ағаштарын еккенде сорттарды дұрыстап іріктеп алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

Жеміс-жидек ағаштарының сорттары өте көп. Әдебиеттерде мыңға жуық сорттарға сипаттама берілген, ал бұталардың ішінде шаруашылық жағынан өте қолайлы және биологиялық сапасы жақсы мыңнан астам сорттары өсіріледі. Онда аса маңызды спалы қасиеттеріне: қысқа төзімділігі, жеміс беру кезеңі қолайлы, өнімділігі мен жемістер сапасының (ірілі- ұсақтығы, түсі, дәмі, тасуға жарамдылығы, сақталғыштығы) жақсылығы жатады.

Өздерінің қасиеттері бойынша осы айтылғандарға сай келген сорттар облыстарға немесе аудандарға ұсынылатын стандартты сорттар тізіміне енгізіледі және өндірістік жағдайларда, сонымен бірге үй іргесіндегі учаселерде, питомниктерде өсіріліп көбейтіледі. Болашағы зор жаңа сорттар өндірістік жағдайда кеңінен сынау үшін көбейтіледі.

Алманың және алмұрттың сорттары – ерте пісетін, пісуі орташа және кеш пісетін болып бөлінеді. Сонымен бірге жемісінің пісуі мезгіліне қарай олардың күздік және қыстық сорттары болады.

Жаздық сорттар еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Мұндай сорттың толық жеміс беру мезгілі 15-20 жылдан кейін болады. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сорттардан жеміс ағаштары құри бастайды.

Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының көп жыл бойы жүргізген стационарлық зерттеулері мен өндірістік екпелерге жасалған экспедициялық тексеру материалдарының негізінде алма мен алмұрттың сорттарының шаруашылық-биологиялық ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беріліп отыр.

Негізгі әдебиеттер:

51. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. Алматы. «Қазақ университеті», 1997.

52. Почвоведение (под ред. В. А. Ковды, Б. Г. Розанова). –М.: Высш. шк., 1988. –Ч. 1-2. – 400 с.- 368 с.

53. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М.: Наука 1973. – Кн. 1-2. –448 с.

54. Почвоведение. Учебник. / Под. Ред. И.С. Кауричева. М. ВО Агропромиздат, 1989. 720 с.

55. Таргульян В.О. Почвообразование и элементарные почвообразовательные процессы //Почвоведение. 1985. №11. С.36-45.

56. Соколов И.А. Основные законы почвообразования /1 100 лет генетического почвоведения. М.: Наука. Соколов И. А. Об основных закономерностях экологии почв//Почвоведение. 1990. № 7. С. 117-128.

57. Самойлова Е. М. О понятии «элементарный почвообразовательный процесс» //Вестник МГУ. Сер. почвовед. 1986..

58. Лозовская М.А. Проблемы эволюции почвообразования в трудах П.П. Герасимова// Почвоведение. 1988. №6. С.77 - 83. '

59. Ершов Ю.И. Основы теории почвообразования. Красноярск: Ин-т леса СО РАН. 1999.

60. Шаушеков Т.К. Электронный курс лекций по почвоведению, 2007 Изд. КарГУ им. Е.А.Букетова

Қосымша әдебиеттер:

41. Розанов Б.Г.Морфология почв. М.: МГУ. 1983- 320 с.

42. Методические указания по полевому описанию почв (с использованием базовых шкал морфологических свойств почв). Составители: О.Г.Растворова, Г.Л.Касаткина, Н.Н.Фёдорова. Санкт-Петербург. 2002. 50 с.

43. Добровольский В.В. «География почв с основами почвоведения», изд-во Вш. 1989

44. Кауричев И.С «Почвоведение», М., В.ш., 1989

45. Чижевский М.Г. «Земледелие с основами почвоведения»

46. Глазовская М.А. «Общее почвоведение и география почв», М., Вш., 1981.

47. Ежемесячный научно-теоретический и научно-практический журнал «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана», Алматы, Изд. «Бастау»

48. Научно-практический журнал «Почвоведение» Российской академии наук, Изд. «Наука», Москва





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 3250 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...