Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Суару мөлшері мен түрлері



Дақылдың сумен қалай қамтамасыз етілгенін білу үшін алдымен жоспарланған өнімді алуға ол дақыл қанша су қажет ететінін есептеп шығарады. Дақылға қажет су мөлшерін сол егіске жауатын жауын-шашын мөлшерімен салыстыра келе суарудың қажет, не қажетсіздігін, егер суару қажет болса, қанша су керек екенін есептеп шығарады. Ол үшін әр дақылдың суды қажетсіну коэффиценті деп ол дақылдың негізгі өнімінің әр мөлшеріне қажет болатын су өлшемін айтамыз. Мысалы, бидай дақылының беретін негізгі өнімі – дән. Бидай әр тонна дән үшін 1000 тоннадай су қажет етеді.

Осы көрсетілген коэффицентті жоспарланған өнімге көбейтіп, керекті су көлемін анықтайды.

Мысалы, суармалы егіншілікте 50 ц жүгері дән алу арқылы белгіленді делік, 50 ц дегеніміз 5 тонна, оны жүгерінің суды қажетсіну коэффицентіне – 500-ге көбейтсек, 2500 тонна, не 2500 м2 су болады. Бұл жүгеріні өсіруге кететін барлық су көлемі. Дақыл өсіп тұрғанда топырақтағы судың барлығын ол сіңірмейді. Судың бір бөлігі топырақ бетінен буға айналады. Келесі бөлігі топырақтың терең қабаттарына сіңіп кетеді, әсіресе топырақтың астыңғы қабатында тас, құмдар көп болса, сіңетін су да көбейеді, үшінші бөлігін сол себілген дақыл мен өсіп тұрған арамшөптер жұтып көбінесе жапырақтары арқылы буландырады, бұл транспирацияға кеткен су болып саналады. Топырақтағы судың көбісі осы транспирацияға кетеді.

Суару мөлшері суару әдісіне байланысты да өзгеріп отыырады. Егер танаптың топырағы құмдауыттау болса, ондай топыраққа су тез сіңеді де, суды жайып суарғанда әр гектарға 600-800 м3 кем ылғал беру мүмкін болмай қалады. Жаңбырлатқыш машиналар арқылы ғана қажетті мөлшерін дәл беруге болады. Жаңбырлату арқылы әр гектарға көбіне 300-500 м3 су беріледі. Бірақ бұл әдіспен суарғанда танаптарға су жиірек беріліп тұрады.

Суару мөлшері климат ерекшелігіне байланысты да өзгеріп отырады. Климаты өте құрғақ аудандарда суару мөлшері 600-800 м3-дан кем болмауы тиіс. Жауын-шашын көп жауатын аудандарға оны 300-400 м3 га кемітуге болады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1504 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...