Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лекция - 15



Жұлдызды аспанды бақылауға әдістемелік нұсқау

Астрономия егер оны оқып білуші адам қарапайым астрономиялық бақылаулар жүргізетін болса өте қызықты болады және жақсы меңгеріледі. Ең жақсы бақылау астрономиялық обсерваторияда жүргізіледі. Егер ондай мүмкіндік болмаса қандай да бір аспанның белгілі бір бөлігі көрінетіндей жағдайда бақылау жүргізуге болады.

Бақылауды жарық шоқжұлдыздарды қарастырудан бастау керек. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын бақылау күні мен сағатына қойып, үлкен Аю шоқжұлдызына қарай тұрып, картаны үлкен Аю шоқжұлдызының аспандағы бейнесіне сәйкес келетіндей етіп жоғары көтереді. Үлкен Аюдың айқын негізгі жарық жұлдыздарын тауып картадан Темірқазық жұлдызы іздестіріледі. Картадан Темірқазық жұлдызын табу бағытын белгілеп, осы бағытты аспан күнбезінде қайталайды да, сол жұлдызды табады. Осындай жолмен үлкен Аюдың басқа жұлдыздары да іздестіріледі және көрші шоқжұлдыздар да іздестіріледі. Шоқжұлдыздарды осындай әдіспен зерттеу жақсы нәтиже береді.

Мектеп телескопы немесе қуатты биноколь болса 5-7 күн үзіліспен бірінші рет Ай бақылағанда пайдалы, біріншіден Ай Жерге бір бетімен қарағандығына көз жеткізуге, екіншіден Ай бетімен терминатордың орын ауыстыруын бақылауға болады.

Осындай қарапайым құралдармен серіктерімен қоса Юпитерді бақылауға болады. Мектеп телескопымен Юпитер бетіндегі жасақтарды, Сатурн сақинасын және Шолпан фазаларын бақылауға болады.

Қуатты бинокльдер кейбір жарық жұлдыздардың мысалға, ζ - үлкен Аю, ε – Лира, α – Төбет, υ – Телец, Гиад, Плеяд жұлдыздар шоғырының қос жұлдыз екендігін көруге, айнымалы жұлдыздарды бақылауға мүмкіндік береді.

Барлық осындай объектілермен танысқан өте пайдалы. Олар туралы мәліметтер жыл сайын баспадан шығарылатын. Мектеп астрономиялық күнтізбеде (ВАТО) келтірілген. Мектеп астрономиялық күнтізбесінде келтірілген жарық жұлдыздар аттарын жаттап алу керек.

Күнді телескоп немесе бинокльмен тікелей бақылауға болмайтындығы қатаң ескертіледі! (көз жанарын жоғалтады). Күнді оптикалық құралдармен бақылағанда міндетті түрде қорғаушы қараңғы жарық сүзгіштер қолдану қажет. Ең қауіпсіз бақылау оптикалық құралмен алынған кескінді ақ қағазға экранға түсіріп бақылау.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 491 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...