Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лекция - 6



Күн жүйесі құрылымы

Бұл бөлімді оқуға кірісуде Күннің эклиптика бойынан көрінерлік қозғалысы мен Жердің Күнді айналысын қайталау керек. Күннен қашықтығына қарай планеталардың орналасу ретін білу керек және Күн жүйесі планеталары мәліметтері туралы кесте құру керек.

Бөлімді оқытудың ең бастапқы мезетінен біз планета қозғалысын қозғалыстағы жерден бақылайтынымыызды ескеруіміз керек. Сондықтан планета қозғалысында Күнді айнала екі период болады – синодтық период, яғни планетаның екі бірдей конфигурациясы уақыт аралығы, және сидерлік период, яғни Күнді планетаның нақты айналу периоды. Біз Жерден тек синодтық периодты бақылаймыз, ал жұлдыздық период оқулықтардағы қарапайым формуламен есептеледі. Негізгісі осы екі период айырмашылығын түсінуде.

Планеталардың көрінерлік қозғалысы бақылаушының Жермен бірге қозғалуынан өзгерісте ұшырайды. Ғылым егер Жер қозғалмайды дегеннен бас тартпағанда планеталар және басқа аспан денелерінің нақты қозғалысын анықтай алмаған болар еді. Н.Коперниктің ғылымдағы үлкен еңбегі сол кезде Жердің Күнді айнала қозғалады деген ұсынысында және адамдардың дүниеге көзқарасында төңкеріс жасап, дінге соққы бергендігінде.

Алайда білімгерлерге кейбір ғылыми көпшілік әдебиеттерде кездесетін бір қателікті ескерту қажет. Қателік дегеніміз Н.Коперник Жер Күнді айналатындығын дәлелдеді дегендігінде. Шындығында, Н.Коперник дәлелдеген жоқ, және дәлелдей алмайды да, себебі ол кезде телескоп болған жоқ, ал онсыз Жердің айналысын дәлелдеу мүмкін емес, яғни жұлдыздардың жылдық параллаксын және жұлдыз жарығы аберрациясын анықтау мүмкін емес.

Бұл білімді оқытқанда міндетті түрде астрономия тарихы туралы айту маңызды. Дүниеге материалистік көзқарас пен дін арасындағы күрес туралы айтқанда Кеплер мен Галилей жұмыстары революциялық деуге боларлықтай. Кеплер заңдарынан кейін оқымыстыларға Күн орнының центрлік еместігін түсіндіруге мүмкін болды.

Сонымен қатар заңдары бойынша Күн айналасында тек планеталар ғана емес, массивті денелер айналасында барлық жеңіл денелер де айналатындығын ескерту керек. (Күн жүйесінің кіші денелері).

Аспан денелеріне дейінгі арақашықтықты анықтау әдістеріне де баса назар аудару қажет.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 543 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...