Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лекция - 10



Астрофизика негіздері

Астрономия курсының бұл бөлімі оның соңғы бөлімі – жұлдыздық астрономияның негізі және негізінен сипаттама материалдарынан тұратындықтан жеңіл меңгеріледі. Қиыншылығы әлемнің көптеп саналатын объектілеріне қатысты материал көптігінде және өте көп нақты мәліметтерді есте сақтау қажеттілігінде. Бұл бөлімді оқығанда объектілер туралы қысқаша мағлұматтар бар шағын анықтамалық кесте қарастырып, ол мағлұматтарды жиі қайталап тұру тиімді болар еді.

Бұл бөлімді оқығанда кездесетін тағы бір қиыншылық астрофизика мен жұлдыздық астрономия қазіргі кезде өте қарқынды дамуына байланысты соңғы кездердегі өте маңызды жетістіктердің өзі оқулықтар бетіне түсе қоймауында. Немесе оқулықтағы кейбір мәліметтер бір, бір жарым жылдардан кейін-ақ жеткіліксіз немес ескірген болуы мүмкін. Сондықтан ғылымның ең жаңа және негізгі жаңалықтарын үзбей қадағалап отыру қажет. Ол үшін жаңа ғылыми көпшілік әдебиеттерді, журналдарды бақылап, пайдалану қажет.

Астрофизика әдістері

Бұл бөлімге ерекше нұсқау талап етуді қажет етпейді. Тек қазіргі заманғы физикалық әдістермен аспан денелерінің физикалық табиғатын зерттеуге, жұлдыздық шамалар шкалалары құрылысы бірдейлігі мен қарапайымдылығына, шырақтар түсін сандармен анықтауына, оптикалық әдістермен зерттеуге мүмкін болмайтын құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін жаңа сапалы радиоастрономиялық әдістерінің дамуына көңіл бөлу керек.

Бұл бөлімді оқыту алдында қарастырылып отырған тақырыпқа тікелей қатысты физика бөлімдерін, атап айтқанда: фотометрия негіздері, спектрлік анализ негіздері, абсолют қара дене сәуле шығару заңдары және плазма туралы мәліметтерді қайталап алған тиімді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 662 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...