Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лекция - 7



Айдың қозғалысы және фазасы, тұтылулар

Бұл бөлімді оқытуда аспан сфералыө координаттар жүйелерін және Күннің эклиптика аспан сферасында Жер орбитасы жызықтығын түзетіндігін ескерте отырып қайталау керек. Жаңа материалды бастағанда бірден Айдың көрінерлік қозғалысын жұлдыздар фонында эклиптика бойымен Күннің көрінерлі қозғалысымен қатар қойып қарастырылады.

Сағат тілі бағытында Айдың көрінерлік қозғалысын аспан сферасымен қоса Айдың Жерді айнала қозғалысымен шатыстырмау керек. Бірінші қозғалыс аспан сферасының тәуліктік айналысымен түсіндіріледі. Екінші қозғалыс Жүлдыздар фонында Айдың қозғалысын бақылау арқылы ғана байқалады: қандай да бір ақыт мезетінде Ай белгілі бір жұлдыздар маңында тұратын болса, бір сағаттан кейін Ай одан 0 5-қа сол жұлдыздан шығысқа қарайғы жақта тұрады, ал бір тәуліктен кейін сол жұлдыздан шығысқа қарай 13 -та тұрады. 27,32 тәуліктен кейін Ай сол жұлдызға қайта келеді, яғни бір айналым жасайды.

Ай фазалары өзгерісін түсіндіру үшін тәуліктің қараңғы кезеңінде орындалатын қарапайым тәжірибемен түсіндіруге болады. Үстел шамын электрлік шам көзі эксперименктитор деңгейінде тұратындай етіп одан 2-3 м қашықтықта орналастырады. Қолға теннис добын алып, оны қолда алға соз көтеріп, доп көлеңкеге түспейтіндей етіп өзін айналдырады. Сонда Ай фазасына ұқсас доптың фазасын көруге болады.

Ай орбитасы жер орбитасына 5 09 көлбеген, ал Айдың көрінерлік қимасы 0 5, яғни ай орбитасы көлбеулігінен әлдеқайда кіші. Сондықтан егер жаңа ай және толық ай Ай түйіндерінен қашықта болатын болса, онда Ай көлеңкесі Жерден тыс кетеді де, Айдың өзі жер көлеңкесіне түспейді. Бұндай жағдайда тұтылу болмайды.

Ай фазалары ауысу периоды 29,53 тәулік екендігіне назар аударатын болсақ, синодтық ай ұзақьығы сидерлік ай ұзындығынан үлкендігі Айдың Жерді айналу бағыт мен Жердің Күнді айналу бағыттары қарама-қарсы болса онда синодтық ай жұлдызды айдан қысқа болар еді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 594 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...