Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лекция - 8



Аспан механикасы негіздері

Аспан механикасы негіздерін меңгеру біздің космостық дәуірімізде өте маңызды. Себебі аспан механикасы жасанды аспан денелерін ұшырудың теориялық негізін атқарады.

Аспан механикасы негіздерін жақсы меңгеру үшін Кеплер заңдары мәнін қайталау, Ай қозғалысы параметрлерімен механика мәліметтерін еске түсіру керек.

Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын Кеплер заңдарынан математикалық қорытып шығарғаны белгілі. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы мектеп курсынан белгілі болғанымен оның физикалық мағынасын жеткілікті дәрежеде ұғыну қажет.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңынан Кеплердің үш заңын тікелей математикалық түрде шығаруға болады.

Жасанды аспан денелері қозғалысы табиғи аспан денелері сияқты аспан механикасы заңдары бойынша болатындығын түсіну керек.

Жасанды аспан денелері қозғалысы есептерін шығаруда өлшем бірліктерін қолдануда ерекше ұқыпты болу керек, себебі кейбір формулаларда әртүрлі жүйелерден алынған аралас бірліктер кездеседі.

Мысалға, Жердің жасанды серігінің орбитаның кез-келген нүктесіндегі жылдамдығы төмендегідей өрнектеледі.

V = 7,91 (1)

және

V = 631,2 (2)

Екі формулада да жылдамдық км/с өрнектеледі, бірақ (1) формулада r мен α Жер радиусы бірлігімен, ал (2) формулада км - мен өрнектелген.

Тасу, қайту, прецессия туралы оқулықтарда жеткілікті дәрежеде толық берілген. Дегенмен оны жақсы меңгеру үшін Күннің эклиптика бойымен көрінерлік қозғалысы, Ай қозғалысы және күнтізбелер туралы қайталау ұсынылады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 574 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...