Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лекция - 2



Астрономияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы

Мектептерді қазіргі заман талабына сай жетілдіру, физика және астрономияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесінің жасалуы әрбір оқушының жан – жақты дамуы, оның ойлау іс - әрекетінің белсендіру мақсатында іске асырылуда. Сондықтан да оқушының ойлау қабілетін арыттыратын, оның жеке басы дамуына ең тиімді жолды таңдай білуіне мүмкіндік беретіндей оқу пәні кешенін жасау қажеттігі туындады. Танымдық мүмкіншілікті толық пайдаланудың ең тиімді жолдарының бірі жақын пәндерді біріктіру болып табылады. Бұндай әдісті жаратылыстану пәндерін оқытуда батыл қолдануға болады.

Оқушылардың жаратылыстану ғылымдары аумағында алған білімдері олардың қоршаған ортаны танып білуіне, ғылыми көзқарасы қалыптасуына ықпал етеді.

Физика курсы оқушылар санасында табиғат, адам және техника туралы тұтастай ұғым қалыптастырудағы өзіндік ролін атқара береді. Дегенмен оның жеке пән ретінде мүмкіндіктері шектеулі екенін білеміз. Оқытудың белгілі бір кезеңінде қоршаған дүниені жаратылыстану пәндерін интеграциялау негізінде пән аралық байланыстарды ескеретін жалпытеориялық тұрғыдан тереңірек оқыту қажеттігі туындайды. Бұндай оқу пәндеріне мысал ретінде физика мен астрономияны біріктіруді айтуға болады.

Негізгі мектепке арналған «Физика және астрономия» курсы 3 оқу жылына есептелген (7 – 9 сыныптар). Курстың мазмұны оқушылар өткен сыныптарда алған білімдері ескеріле құрастырылған, және физиканың және сол сияқты астрономияның жетекші фундаментальдық идеялары мен теориялары аймағында қарастырылған.

«Физика және астрономия» оқулығында физика және астрономия элементтері бойынша негізгі тараулар материялдары бір бірімен өзара байланыстыа берілген және логикалық аяқталған курс болып табылады. Курс мазмұнына қоршаған ортаның жалпы сипаттамасы енгізілген, және Әлем құрлысы, әртүрлі табиғат құбылыстары туралы, негізгі физикалық және астрономиялық ұғымдар туралы мәліметтер берілген.

Лекция – 3

Астрономияны мектепте оқытудың негізгі міндеттері

Біріккен «Физика және астрономия» курсының жасалуы болашақ орта мектебінің құрылымы мен мәселелеріндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты. Шындығында, жоғары басқышы белгілі бір бағыттарға сәйкес бейімделіп құрылады (қоғамдық – гуманитарлық, жаратылыстану – математикалық және с.с). Кейбір гуманитарлық сыныптарда физика және астрономия өзінің мәнін жоғалтуы мүмкін. Сондықтан оқушылардың кванттық физика элементтерімен, атом және элементар бөлшектер физикасымен, және Әлем дамуымен таныс болуын соңғы оқу жылына қолдыруға болмайды.

Бұдан астрономия мәліметтерін негізгі мектеп тоғыз жылдық бағдарламасына енгізу қажеттігі шығады. Ал 12 – 15 жастағы оқушыларға астрономияға қызығушылық тудырады. Физика курсына астрономиялық мәліметтерді енгізу қойылған мәселелерді тиімді шешеді.

Қазіргі кезде астрономия мен физика бір ғылым – астрофизикаға айналуда. Сондықтан физика және астрономия бірігуі Әлемнің физикалық және астрономиялық бейнесінің оқушылар санасында дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Физика мен астрономияны оқу оқушылар дамуына, олардың логикалық ойлауына өте маңызды үлес қосады. Бұл пәндер оқушыларда эстетикалық талғамдық қалыптастырады, адамзат осы мүмкіндіктері шексіздігін сездіруге мүмкіндік береді, танымдық белсендігін арыттырады. Бұлардың бәрі қазіргі кезде шешуші мәні бар экологиялық тәрбиемен тығыз байланысты.

Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес негізгі мектепте физика және астрономия курсы заттардың дискретті құрылымы туралы білім беруге мүмкіндік береді. Оқушылардан заттар майда бөлшектерден тұратындығын түсіндіру талап етіледі, яғни молекулалардан, атомдардан, иондардан. Ақырында осы түсініктің дамуы барысында атом мен ядро құрлысын меңгеру қажет.

Біріккен «физика және астрономия» курсы негізіне келесі принциптер мен ережелер алынған:

1) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап алынған оқу

материялдары қазіргі талаптарға сәйкес білімдердің фундаментальдық негіздерін қамту қажет; сонымен қатар ол жеткілікті толық және логикалық аяқталған болу керек;

2) Оқу материялы ғылыми көзғарас қалыптасуына әсер етуі керек, яғни табиғат,

техника, адамзат іс - әрекетінің шығармашылық сипаты, қоршаған ортаны қорғау туралы білім қалыптастыруы керек.

3) Оқу материялында қолданбалы физика мәселелерін қамти отырып қазіргі

технологиялар туралы мәліметтер болуы керек;

4) Оқушылардың жаңа білімдерді өзбетінше меңгеруі, оны келешек білім алуында

жалғастыруы үшін қажетті зерттеудің ғылыми – танымдық әдістеріне мүмкіндігінше көбірек беру керек.

Осы принциптер мен ережелерден «Физика және астрономия» курсы ерекшелігін сипаттауға болады.

1) берілген интеграцияланған курс физикасының негізгі ұғымдарын, заңдарын және

теориялық ережелерін, сонымен астрономия мен астрофизиканың негізгі сұрақтарын, Әлемнің дамуы мен құрлысы мәселелерін қамтиды.

2) Логикалық біртұтас бола тұрып курс қоршаған ортаның ғылыми бейнесін

жасауға мүмкіндік беретін классикалық және қазіргі физиканы негізгі ұғымдары, заңдары және теориялық қорытулар қамтиды.

3) Курс 12 – 15 жастағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескереді және

«Қоршаған дүниені тану», география, биология, математиканы оқыту барысында алған түсініктеріне сүйенеді.

4) Курс көп деңгейлі ішкі айырмашылыққа құрылған, яғни оның материялдары бір

жағынан көпшілік оқушыларға түсінікті болуы керек,ал екінші жағынан физикаға ерекше қызығушылық және икемділік байқататын оқушылар талабын қанағаттандыратын болуы керек.

5) Оқу мәтіні мазмұнын жәй жаттап алуға емес, оқытылатын материялды

шығармашылық жолмен оқуға көңіл бөлу керек. Сондықтан оқулықтың бірінші тарауынан бастап оқушыларда ғылыми зерттеу әдістерімен терең таныстыруға ерекше көңіл бөлінеді.

«Физика және астрономия» жаңа оқулығы оқушы мен мұғалімнің біріккен шығармашылықты жұмысын талап етеді. Тек оқулық қана емес, оқу - әдістемелік кешендегі дидактикалық материялдар және есептер жинағы мен жаттығулар жасалынған. Оқушы өз мүмкіндігіне сәйкес деңгейді таңдауы керек, ал мұғалім әрбір оқушының ойлау деңгейін үнемі дамытуға ыңғайлайтын ынтымақтастық шығармашылық атмосфера жасауы қажет.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 934 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...