Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Курс саясаты



  1. Сабаққа кешікпеу керек.
  2. Сабақ кезінде сөйлеспеу керек, газет оқымау керек, кәрезді /сотовый/ телефонды өшіріп қою керек, сағыз шайнамау керек.
  3. Сабаққа іс киімімен келу керек.
  4. Себепсіз сабақ жібермеу керек.Сабақтан қалған жағдайда, медициналық анықтама тапсыру керек.
  5. Жіберілген сабақты оқытушы белгілеген уақытта орындау керек.
  6. Тапсыр маны орындамаған жағдайда, қорытынды баға кемітіледі.
  7. Сабаққа күнде қатынасып, оқу процесі кезінде белсенділік көрсету керек.
  8. Үй тапсырмасын бар ынтамен орындау керек.
  9. Оқытушыларға, қызметкерлерге және курстастарына әр уақытта төзімді, ашық, тура және тілектес болуы керек.
  10. Институттың, факультеттің барлық тәрбиелік іс-шараларына қатынасу керек.
  11. Институт ішіндегі тәртіп мәдениетін бұлжытпай орындау керек.
  12. Корпустардағы тазалықты сақтау керек.
  13. Шылым тартуға біржола рұқсат етілмейді.

Академиялық тәртіп және этика саясаты.

Академилық тәртіп және этика ЖОО ішкі тәртібі ережелеріне, білімгерлердің этикалық кодексіне, дәлірек айтқанда:

- Оқытушылармен, қызметкерлермен жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста болуға;

- Институттың, факультеттің тәрбиелік іс-шараларына белсенді қатысуға;

- Институтта мәдени тәртіптілікті ұстануға;

- Ғимараттарда тазалықты сақтауға негізделген

АСТРОНОМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНЕН

ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

Лекция – 1

Кіріспе

Астрономияны оқыту әдістемесін оқытудың міндеті мен мақсаты.

Адамға қажетті білім көлемі күрт тез өсіп отырған қазіргі жағдайда белгілі бір фактілер жыйынтығын ғана басты міндет етіп қою мүмкін емес. Адамды өз білімін дербес толықтыра білуге, ғылым және саяси информацияның үдеген тасқынында бағдар таба білуге баулу қажет.

Қазіргі кезде астраномия қарыштап дамуда. Физиканың белгілі заңдарына сүйеніп ең жаңа деген құралдарды, автоматты ғаламшарлы кемелерді қолданып, бүгінгі астрофизика аспан объектілерінің физикалық күйлерін және олардың даму жағдайларын зерттеудің түрлі әдістерін енгізіп және оны пайдаланып келеді.

Адамзатқа қашанда астрономия ілімдері оның көзқарасын қалыптастыруға күшті ықпал етті. Астрономия бізді қоршаған табиғи ортада туындаған құбылыстарға – күн мен түн ауысуы, жыл мезгілдері өзгерісі, теңіздердің тасуы мен қайтуы, Әлемнің пайда болуы мен дамуына т.б. жауап береді.

Сонымен бірге астрономияның әрбір мәдинетті адам, соның ішінде жас ұрпақты тәрбиелеуші – мұғалімдер үшін маңызы зор. Астрономияда оқыған табиғат заңдары материяның біртұтас бірлігін, Әлемнің кеңістік және уақыттық мәнгілігі мен шексіздігін айқын көрсетті.

Осыдан орта білім беру мектебі оқушыларына негізгі астрономиялық құбылыстарды оқытудың, қажеттігі, және ол физика мұғалімдеріне міндеттелетіні шығады. Сондықтан келешек физика мұғалімі астрономия курсының теориялық негіздерін және оны оқытудың әдістемелерін терең меңгеруі қажет.

Астрономияны оқыту әдістемесінің міндеті оқушыларда астрономиялық ұғымдарды қалыптастыру және негізгі астрономиялық құбылыстардың мәнін ашып, астрономиялық зерттеу әдістерін, астрономиялық әдістердің физикада қолданылуын түсіндіру.

Астрономия пәнін оқыту әдістемесі жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімі меңгеруге тиісті астрономияны оқытудың әдістемесі бойынша теориялық білімдердің, дағдылар мен икемділіктің көлемін анықтайды.

Астрономия әдістемесі жайлы бағдарламаның маңызды міндеті орта мектеп физика мұғалімдерінің кәсіби – педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық негіздерін күшейту болып табылады.

Астрономияны мектепте оқыту әдістемесінің ғылыми негіздерін ашуға көп көңіл болу керек. Астрономиялық ұғымдарды қалыптастыру мен негізгі заңдарды түсіндірудің әдістемесі курста кеңінен көрсетілуі тиіс. Астрономиялық ұғымдарды қалыптастыру мен негізгі астрономиялық заңдардың мазмұнын ашып, олардың практикада пайдалануын баяндау қажет.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 566 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...