Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жол жамылғысы, негіз бен жамылғының қосымша қабаттарын тұрғызу кезінде операциялық сапасын бақылау



Бұндай қабаттарға жататындар:

- Шағыл тас, қиыршық тас пен құм, сонымен қатар бекітілген топырақтардын тұратын қосымша қабаттар;

- Жеңіл толтырғыштардан бетон қоспасы, тұтқырғыштармен өңделген кеуекті тас материалдары, бекітілген топырақтар мен араластырғышта дайындалған күлді шлакты қоспалар жаю температурасы > +50 C.

- Жылуизоляциялық плиткалы материалдар (пенопласт) тегістеліп төселген құм немесе еленген материалдардың бетіне тегіс тіреліп жайылады.

- дренирлеуші, капилярүзгіштік синтетикалық материалдан (полиэтиленді пленка, изол және т.б.) төменгі жағымен тұрғызылады. Материалды беттестіріп 0,1 м жабады да скобалармен бекітеді немесе тігеді. Тығыздалу коэффициенті Ктығ > 0,95. Тығыздалған жағдайында минимальді қалыңдығы 25 см.

- Көліктің жүруіне рұқсат етіледі. Топырақ түйіршігі 20 мм үлкен болмауы керек, ал құрамы 5-20 мм құрамы шектен шықпауы керек.

Пленка күн астында 2-3 сағаттан артық жатпауы керек.

Осы жағдайда бақыланады:

- материалдар мен құмдақ топырақтар сапасы, жоба талабы

бойынша тығыздығы;

- жылу изоляциялық қабатты бетоннан, тас материалдарынан,

тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдан тұрғызғанда.

- пенопласттан жылу изоляциялық қабатты тұрғызғанда жер

төсемесінің бетіне тегіс тірелуін және пенопласт астындағы жол

жамылғысының қалыңдығын тексеру.

- дренирлеуші, капилярүзгіштік және гидроизолирлеуші қосымша қабаттарды тұрғызғанда қабаттардың қалыңдығын, қосымша қабаттың асты мен үстіндегі қабаттардың гранулометриялық құрамын, материалдың бір бірімен қаптарласуы мен қабат астындағы жол жамылғысының бірінші қабатының сапасын бақылау қажет.

- Тоңазыйтын және аз тоңазыйтын топырақтардан аязға төзімділік қабатын тұрғызғанда, топырақты бақылау карьерде құмдақ топырақта 500 м3 3 тен 10 үлгіге дейін жүргізіледі (құрамындағы шаң мен сазды және Кфильтрации ГОСТ 25584-83 бойынша анықтау үшін)

- қабат астындағы бірінші қабат қалыңдығы көлденең қимада әр 100 м 3 нүктеде анықталады.

- материалдың тығыздығы әр 100 м 3 нүктеде

- қабат астындағы және үстіндегі топырақ қалыңдығының гранулометриялық құрамын сменасына бір рет.

Бақылану қажет:

Сменасына бір реттен кем емес

- ГОСТ 12598-79 бойынша іріленіп сынғыш топырақтардың гранулометриялық құрамы

- сазды топырақтардың иілгіштік саны

- 5 және 10 мм електен үлгіні елеу арқылы сазды топырақтардың майдалану дәрежесі.

- Органикалық тұтқырғыштың пайдаланар алдындағы температурасы

- эмульсияның біртектілігі

- (сығылудағы беріктік) сапасы

әр 200 м кем емес

- өңделетін топырақ ылғалдылығы мен дайын қоспаны тығыздар алдында үш нүктеде (жол өсінде және қабат жиегінде 0,5 м де)

5 сменада бір реттен кем емес

- тез ерігіш тұздардың құрамы (ГОСТ 25100-82)

- күл мен күлді шлакты қоспалардың жарамдылығы

- тұрақты күтім талабы.

Күл, күлді шлакты қоспалар мен үгітілген әктің бірікпейтін топырақтарға қоспа ретінде пайдалануға жарамдылығын (түйір құрамы < 0,071 мм 60% кем емес және 2 мм ірі (5%) жоғалу пайызымен анықталады. Жоғалу пайызы тесу кезінде 10 % үлкен болмауы керек. Бірігетін топырақтар үшін ірі фракциялар қолданылуы мүмкін.

Беріктікті анықтау әр 250 м3 қоспада үш үлгіде сыналады.

Ауытқулар:

Араластырғыш қондырғыда қоспаны дайындау кезінде + 8%

- топырақ араластырғыш машинада +15%

- жол кескішінде (фреза) + 25%

- Ктығ (кептірілген үлгі тығыздығы мен оптимальді ылғалдылық үлгісі) күштеме астында 30 МПа;

- Органикалық тұтқырғышты тексеру кезінде (портландцемент немесе карбомидті смола күштеме астында 15 МПа).

§11. Органикалық және органикалық емес тұтқырғыштармен өңделген негіз бен жамылғыны салуда жұмыс сапасын операциялық бақылау.

Жылу электр станциясының күл қалдықтарының негізіндегі тұтқырғыштар, күл қоспаларымен және су тиген кезде қату қасиеті бар күлді шлакты қоспадан тұрады. Активатор есебінде әк, цемент, цемент шаңдары, шлакты тұтқырғыш қолданылады.

Табиғи шағыл тасты қолдану кезінде беріктік маркасы М 300 кем болмауы керек, қиыршық тасты шағыл тас пен қиыршық тастың үгітілу маркасы Др 24, МРЗ қатырып ерітілуі 15 циклден кем емес. Табиғи құмды-қиыршық тасты және шағыл-қиыршық тасты қоспалар түйірлері 70 мм ірі болмауы керек, елек торы 5 мм берілген салмақ бойынша толық қалдық 30 % аспауы керек, ал елек торы 008 мм берілген салмақтың 25 % аспауы керек. Күлді шлакты қоспаларды сақтау мерзімі 1 жыл, әкті қолданған кезде 3 ай.

Органикалық емес тұтқырғыштармен өңделген шағыл тасты, қиыршық және құмды материалдардан негіз бен жамылғының беріктік класы бойынша бөлінеді:

I классты беріктігі 600 – 800 МПА жоғары

II -//- 400- 600 МПА

III -//- 250- 400 МПА

Негіз бен жамылғы I - III техникалық категориялы жолдарда салынады, қату жағдайын қамтамасыз ету үшін енінен 15-25 см кеңірек етіп салады, міндетті түрде пленка түзгіш (пленкообразующий) (эмульсия, сұйық битум 0,8-1,2 л/м2). Осындай негіз бен жамылғыны тығыздау коэффициенті 0,98 кем болмауы керек.

Асфальтбетон жамылғысы бар күлді – шлакты қоспадан негізді тұрғызуда (негіз қабаттарында), қозғалысты ең соңғысын салып болғасын ашады. Осындай негіз бен жамылғыда сапаны бақылау жүргізіледі:

- ауысымда бір реттен кем емес

а) түйір құрамы;

б) қоспалардың мөлшерлік дәлдігі;

в) дайын қоспа сапасы;

г) тығыздалу кезінде қоспаның ылғалдылығы;

д) қату кезіндегі шараларды сақтау геометриялық параметрлеріне сәйкес әр 100 м кейін

жеті ауысымда бір реттен кем емес:

а) қоспалардың мөлшерлік дәлдігі - өлшеніп бақыланады

б) тығыздалуын бақылау (салмағы 10-13 тн гладковальецті каток жүріп өткеннен кейін) катоктың ізі қалмауы керек және толқындар пайда болмауы керек.

Араластырғышта битумді эмульсиямен өңделген қара шағыл тас пен қоспадан негіз бен жамылғыны тұрғызуда бақылануы керек:

1) әр автомобиль самосвалда – қара шағыл тас температурасы;

2) қоспа біртектілігін әрдайым;

3) шабынды немесе керн бойынша 7000 м2 алынған үлгінің қоспа сапасын:

Сіңдіру тәсілі бойынша негіз бен жамылғыны тұрғызуда:

1) әр құйылым кезінде – тұтқырғыш материалдың температурасы;

2) минеральді материалдың ылғалдылығын ауысымда 1 реттен кем емес;

3) қоспаның біртектілігі мен тығыздалу сапасын әрдайым;

4) шабынды немесе керн бойынша 7000 м2 алынған үлгінің тығыздалу коэффициентін.

Батыру үшін салқын шағыл тасты қолдану керек, сонымен қатар ыстық және жылы шағыл тас фр. 5-10 мм, 10-15 мм және 15-20 мм пайдалануға болады.

Төселінген ыстық және жылы қоспа қабатын салмағы 10-13 тн гладковальецті катокпен 1-2 жүргізіп тығыздау керек.

Асфальтбетон жамылғысын тұрғызу жұмыстары барысында журнал жүргізу керек: берілген материал мен дайын қоспаның сапасын зертханалық бақылау, битум, асфальтбетон қоспалары, асфальтбетон қоспаларын жаю мен тығыздауда температуралық режимі.

Асфальтбетон қоспасын дайындау кезінде бақылануы керек:

- әрдайым:

битум мен минеральді материалдардың, әр автомобиль самосвалдың кузовындағы дайын қоспаның температурасы

- ауысымда 1 реттен кем емес

қоспа сапасы ГОСТ 9128-97 және 12801-98 битумдікі ГОСТ 11501-78 және ГОСТ 11503-74 бойынша.

- 10 ауысымда 1 реттен кем емес

құм, шағыл тас, минеральді ұнтақтың сапасы ГОСТ 9128-97 және 12801-98 бойынша мөлшерлегіштің (дозатор) жұмысын

- құрылыс барысында:

- әр автомобиль-самосвалда дайын қоспаның температурасын;

- ұзына бойы және көлденең ілігісу сапасын

- 7000 м2 жамылғыдан 3 жерден алынған шабындының көрсеткіші бойынша асфальтбетон сапасын ГОСТ 9128-97 және 12801-98, сонымен қатар жамылғы қабаттарының ілігісу беріктігін.

Асфальтбетон – бұл тас материалдарының (шағыл тас немесе қиыршық тасты шағыл тас),құм, минеральді ұнтақ пен битумның органикалық тұтқырғышының қату нәтижесінде алынған қоспа.

Асфальтбетон қоспасының дайындалу температурасы бойынша классификациясы: ыстық, жылы және салқын.

Гранулометриялық құрамы бойынша классификациясы: ірі түйіршікті, майда түйіршікті және құмдақ, соның ішінде салқын қоспа тек майда түйіршікті және құмдақ болуы мүмкін.

Түрі (тип) бойынша классификациясы:

Ыстық және жылы: А түрі шағыл тасты құрауы 50-60%

Б түрі -//- 40-50%

В түрі -//- 30-40%

Г түрі 33% кем емес майдаланған құм фракциясы 1,25-5 мм.

Салқын Бх түрі - 50-60%

Вх түрі - 40-50%

Дх түрі - 33% кем емес майдаланған құм фракциясы 1,25-5 мм.

Дайындалу температурасы бойынша классификациясы:

Ыстық – 140-1600 С (битумде БНД 60/90; БНД 90/130; БН 60/90; БН 90/130.

Жылы – 110-1300 С битумде БНД 130/200, БНД 200/300; БН 130/200; БН 200/300, СГ 130/200.

Салқын қоспа – 80-1000С битумде маркалары СГ, БГ, МГ, МГО 70/130, 130/200.

Битум маркасына байланысты ыстық және жылы қоспалар жайылғаннан кейін 1-2 аптадан соң қалпына келеді, салқын қоспа 28 ден 40 тәулік арасында. Тас материалдарының беріктігіне байланысты классификациясы:

I марка түрлер А, Б, В 800 ден бастап (карбонатты емес) 1000-1200 Мпа дейін, қиыршық тасты шағыл тас Др. 8-12;

II марка А, Б, В 600 бастап 800 дейін Др. 8-12;

III марка түрлер А, Б, В 600-800 бастап Др. 12, 16;

IV марка түрлер А, Б, В 300 бастап 800 дейін Др. 16-24.

Салқын қоспалар тек бірінші және екінші маркалы болуы мүмкін. Салқын қоспада асфальтбетонның минеральді бөлігінің кеуектілігі болуы керек, % түрлер үшін артық болмау керек:

Бх- 18%;

Вх- 20%;

ГХ мен ДХ – 21%.

Салқын асфальтбетон қоспасының суды сіңіруі көлем бойынша 5- 9% бастап.

Салқын қоспа үшін қалдық кеуектілік 6 дан 10 % дейін.

Гранулометриялық құрамы бойынша үзгіштік және үзгіштік емес (прерывистые и непрерывные) классификациясы.

Ыстық және жылы асфальтбетон қоспасы үшін сапалық сипаттамасын 11.1 кестеден қара.

11.1. кесте Ыстық және жылы қоспалардың сапалық сипаттамасы

Көрсеткіш атауы ЖКА Мәндері
+500С температурасында сығылу кезіндегі беріктік шегі: А Б В Г Д     4-5     Марка I II III 0,8 1,0 - 0,9 1,2 1,1 1,1 1,3 1,2 1,0 1,4 1,1 1,1 1,5 1,2
+200С температурасында сығылу кезіндегі беріктік шегі а/б барлық түрлері үшін, МПа, кем емес   4-5   2,5 2,2 2,0
00С температурасында сығылу кезіндегі беріктік шегі а/б барлық түрлері үшін, МПа, артық емес   4-5   13,0
Суға төзімділігі, кем емес: Тығыз а/б Жоғары тығыздықты а/б Ұзақ суды сіңіруде тығыз үшін Ұзақ суды сіңіруде жоғары тығыздықты а/б үшін       4-5   0,85 0,80 0,70 0,90 - -   0,75 0,70 0,60     0,85 - -
Ескерту – қосымша а/б қоспасын таңдау кезінде жылжуға тұрақтылығы мен жарылуға тұрақтылығын анықтайды. Осыған орай жамылғыны тұрғызу үшін пайдаланудың нақты шарттарынан басқа, келтірілген көрсеткіш нормасы жобалық құжаттарда келтірілуі керек.

Ыстық қоспадан асфальтбетонның минеральді бөлігінің кеуектілігі болуы керек, %, артық емес:

Жоғары тығыздықты үшін: 16

Тығыз түрлер:

А және Б 19

В.Г.Д 22

Кеуекті 23

Жоғары кеуекті шағыл тасты 24

Жоғары кеуекті құмдақ 28.

11.2 кесте. Кеуекті және жоғары кеуекті ыстық а/б қоспаларының физико-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері

Көрсеткіш атаулары марка үшін мәндері
I II
500С температурасында сығылу кезіндегі беріктік шегі, МПа, кем емес   0,7   0,5
Суға төзімділігі, кем емес 0,7 0,6
Ұзақ суды сіңіруде суға төзімділігі, кем емес 0,6 0,5
Суды сіңіруі, % кеуекті асфальтбетон үшін көлемі бойынша   жоғары кеуекті асфальтбетон     5,0 жоғары 10,0 дейін   10,0 жоғары 18,0 дейін     5,0 жоғары 10,0 дейін   10,0 жоғары 18,0 дейін

Ескерту – ірі түйіршікті асфальтобетон үшін 500С температурада сығылу кезіндегі беріктік шегі мен суға төзімділігі нормаланбайды.

Кирлердің сипаттамасы

Кирлер – бұл табиғи битум құрамы бар материалдың бір түрі – қопсытылған түрі, әр түрлі тұтқырлықта табиғи битуммен сіңген майда және шаңды құмдар.

Кирлерді келесі қоспа түрлерін дайындауда қолданылады:

- асфальтобетонды;

- орнында араластырып дайындалған қара шағыл тасты, қиыршық тасты;

- беттік өңдеулерді тұрғызуда қолданатын қара шағыл тасты.

Кир негізіндегі қоспаларды жетілдірілген (жетілдірілген-капитальді және жетілдірілген-жеңілдетілген) жамылғы түріндегі жолдарды салу мен жөндеуге пайдаланады. Жол құрылысында кирлерді пайдалануда бөлшектеп немесе тұтастай өндіріс битумдарын пайдаланбауға мүмкіндік береді.

Қоспаларды төсеу температурасына байланысты бөлінеді:

- ыстық, толық дайындалып болғаннан кейін пайдаланатын және төсеу температурасы 1000С төмен емес;

- жылы, толық дайындалып болғаннан кейін пайдаланатын және төсеу температурасы + 700С төмен емес;

- салқын, ұзақ сақтауға арналған және температурасы көктемде + 50С ал күзде + 100С төмен емес.

Гранулометриялық құрамы бойынша бөлінеді:

- ірі түйіршікті, түйір пішіні 40 мм дейін;

- майда түйіршікті, түйір пішіні 20 мм дейін;

- құмдақ, түйір пішіні 5 мм дейін.

Қалдық кеуектілік түріне байланысты бөлінеді:

- тығыз, қалдық кеуектілік мәні 2-7 %, жол жамылғысының жоғарғы қабаттарын тұрғызу үшін пайдаланады;

- кеуекті, қалдық кеуектілік мәні 7-12%, жол жамылғысы мен негіздің төменгі қабаттарын тұрғызу үшін пайдаланылады.

Шағыл тас (қиыршық тас) салмақ бөлшегіне байланысты % мына түрлерге бөлінеді Б, Бх, В, Вх, Г және Гх ГОСТ 9128-97 бойынша.

Минеральді бөлшегіндегі түйір құрамы мен құрамдағы тұтқырғыштар 11.3 кесте талаптарына сәйкес келуі керек.


11.3. Кесте Түйір құрамы

Қоспа түрлері мен атаулары Минеральді материалдың (кирдің минеральді бөлігін ескере отырып)салмақтық бөлігі, % түйір ұсақтығы, мм салмақ бойынша қоспадағы тұтқырғыштардың жобалық құрамы %
          2,5 1,25 0,63 0,315 0,14 0,071  
Кеуекті Ыстық, жылы және салқын ірі түйіршікті асфальтбетон қоспалары 95-100 74-89 66-83 65-76 40-65 34-55 26-44 20-36 14-28 5-21 2-10 3,5-5,5
Тығыз, салқын, ірі түйіршікті; Ыстық, жылы және салқын майда түйіршікті Б және Бх түрі   95-100 77-80 66-85 55-82 42-72 34-60 26-50 20-42 14-30 9-20 6-14 4,0-6,0
                         
Сол түрлер В және Вх   95-100 95-100 82-95 65-80 50-75 40-66 30-52 22-50 16-37 12-20 5-7,0
Құмдақ Г және Гх түрі       95-100 78-92 62-85 48-75 33-65 30-52 22-46 12-25 6,0-8,0

11.4. Кесте Асфальтбетонның (кироминеральді қоспалар негізіндегі) физико-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері

Көрсеткіш атаулары Ыстық және жылы қоспалар Салқын қоспалар
Тығыз жамылғының жоғарғы қабаттары үшін Кеуекті негіз бен жамылғының төменгі қабаттары үшін Тығыз Кеуекті
Көлем бойынша қалдық кеуектілік % 2,0-7,0 12 артық емес 2,0-7,0 6-10
Суды сіңіруі, көлем бойынша % 2,0-6,0 12 артық емес 3,0-9,0 12 артық емес
Ісінуі, көлем бойынша %, артық емес 0,5 0,7 1,0 2,0 2,5
Сығылу кезіндегі беріктік шегі, МПа температурасы:        
а) +200С 2,4 1,9 1,8 1,3 Нормаланбайды
б) +500С 1,3 1,0 0,7 Нормаланбайды Нормаланбайды
Суға төзімділік коэффициенті кіші емес 0,85 0,75 0,7 0,6 Нормаланбайды
         
Ұзақ суды сіңіруде суға төзімділік коэффициенті, кіші емес 0,7 0,65 0,6 0,4 Нормаланбайды

Ескертулер:

1. Ыстық және жылы құмды қоспаларының сығылу кезіндегі беріктік шегінің мәндерін + 500С 2 кестеде келтірілген мәндерден 20 % жоғары етіп қабылдау керек.

2. Ыстық және жылы тығыз қоспалар үшін алымында ыстық асфальтбетон қоспаларына талаптары берілген, бөлімінде жылы қоспаларға талаптар берілген.

Асфальтбетонның физико-механикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында құрамына әр түрлі полимерлі қоспалар қосылады, салқын қоспаларға активаторлар - әк немесе цемент, пластифицирлеуші қоспалар – мұнай және т.б. қоймалжыңы аз органикалық тұтқырғыштар. Қара шағыл тасты қоспалар жолда араластыру тәсілімен (немесе полигонда) дайындалады. 11.5. Кесте Жолда араластыру тәсілімен дайындалған қара шағыл тасты (қиыршық тасты) қоспалардың түйірлік құрамы.

Қоспалардың түрлері мен атаулары Минеральді материалдың түйірінің салмақтық бөлшегі % (кирдің минеральді бөлшегін ескере отырып), майда мм Примерное содер-жание вяжу-щего в смеси, в % по массе
          2,5 1,25 0,63 0,315 0,14 0,071  
Ірі түйіршікті 95-100 70-88 62-85 55-80 42-72 40-72 36-63 23-44 16-32 9-27 6-18 6,0-8,5
Майда түйіршікті   - 95-100 82-100 70-100 53-72 42-65 32-58 25-55 18-52 12-40 10-23 6,5-9,5
                           

Жолда араластыру тәсілімен дайындалған қоспаның физико-механикалық қасиеті 11.6. кестемен сәйкес келуі керек.

11.6. Кесте Жолда араластыру тәсілімен дайындалған қоспаның физико-механикалық қасиеті

№ п/п Көрсеткіш атаулары Нормалары
1. Суды сіңіруі, % көлем бойынша 4-10
2. Ісінуі, % көлем бойынша, артық емес 3,0
3. Сығылу кезіндегі беріктік шегі, МПа + 200С температурада 0,9
4. Суға төзімділік коэффициенті, кем емес 0,5

Кирлерді пайдалану кезінде табиғи битумның қоюлығы 130 сек. артық болса қоспа құрамына пластификатор- ауыр мұнай немесе қоюлығы 70 сек кем органикалық тұтқырғыш енгізіледі.

Құрамында табиғи тұтқырлығы 10 % кем емес кирлерді пайдалану кезінде, қоспа құрамына мөлшері есептеп анықталатын сұйық немесе қою битум енгізіледі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2557 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.018 с)...