Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Монолитті және құрама цемент бетон жамылғылары мен негіздерін тұрғызуда жұмыс сапасын операциялық бақылау



Бетондардың к лассификациясы:

- құрылыс технологиясы бойынша: монолитті, құрамалы (сборный), құрамалы-монолитті;

- қабат саны бойынша: бір-екі қабатты;

- арматуралардың түріне байланысты – армирленбеген, армирленген (армобетонды, темірбетонды, үздіксіз-армирленген);

- Жол жамылғысында орналасуы бойынша: жамылғыда, негізде;

- Кернеулік жағдайына байланысты: өзгертілмеген, алдын-ала-кернеуленген (армирленген және арматурасыз көмкерілген (обжатые);

- Цемент түріне байланысты: жәй портландцементте, кернуленген цементте;

- Тығыздау тәсіліне байланысты – дірілдетіп тығыздалған, ұрғыланып тығыздалған, сұйық бетоннан құйылған.

Цементбетон жамылғыларының қымбат тұруына байланысты қарқындылығы 3000 авт/тәу кем емес автомобиль жолдарында тұрғызылады. Цементбетон жамылғыларының беріктік бойынша талабы I техникалық категория үшін сығылуы 380 МПа, иілуі 50 МПа; для автомобильных дорог II техникалық категориялы автомобиль жолдары үшін беріктік маркасы сығылуға 350 МПа төмен болмауы керек, иілуі 45 МПа.

Цементбетон қоспаларын дайындау кезінде бақылануы керек:

- әрдайым – бетон қоспаларын дайындауда технологиялық режимдерді сақтау;

ауысымына бір реттен кем емес – қоспаны ыңғайлы жаю көрсеткіші мен пайдаланылған ауа көлемі ГОСТ 10181-81, ГОСТ 10180-81, ГОСТ 10182-81, ГОСТ 10183-81 бойынша, жұмыс сұйықтықтарының мөлшері, химиялық қоспалар, беріктігі ГОСТ 10180-78 бойынша 3-үлгіні сынау жолымен, толтырғыштардың ылғалдылығы СТ РК 1214-2003 және СТ РК 1217-2003 бойынша (сонымен қатар жауын шашын түскен жағдайда).

Қоспа сапасы өзгерген жағдайда.

- Бетон араластырғыш қондырғыларды шығарушы зауыттардың нұсқауларымен, бақылау өлшеу тәсілі бойынша қоспалардың дәл мөлшерленуі, СТ РК 1214-2003, СТ РК 1217-2003, СТ РК 1284-2004 сәйкес құм, шағыл тас немесе қиыршық тас сапалары.

Кварталға бір рет

Бетонның суыққа төзімділігі ГОСТ 10060-86 сәйкес. Цемент, толтырғыштар, судың мөлшерлегіштерін бақылау.

Иілудегі созылуға беріктігін бағалау ГОСТ 13015-75 сәйкес, сығылудағы беріктігі ГОСТ 18105-90, ГОСТ 18105-90 сәйкес.

Әрдайым – бетондау кезіндегі технологиялық режимдердің сақталуын, бетонды күту, жарықшаларды герметизациялау, арматуралар мен жарықшалардың жабындыларының дұрыс салынуы, жамылғы бетінің тегістігі мен жамылғының жақтық жиегінің беріктігін.

Бетондау жұмыстарының алдында – тартқыш сым қондырғысы мен рельс формасының дұрасытығын.

Ауысымына бір реттен кем емес

- Үш бақылау үлгісін сынау арқылы бетон беріктігін тексеру;

- Ыңғайлы жайылу мен пайдаланылған ауа көлемі;

- Жаңадан жайылған бетонды күту сапасы, пленка түзгіш материалды жамылғы аймағында пішіні 20х20 см қолдану. Пайда болған пленканы сумен жуу керек, қалған ылғалды алу, 10% тұз қышқылының ерітіндісін немесе 1% фенолфталеин ерітіндісін құю, көбіктену немесе қызару тек пленка бетінде 100 см2 2 нүктеде ғана жіберіледі.

1 км 3 үлгіде әр қабат тығыздығын әр 100 м кем емес:

- өс бойынша биіктік белгілерін;

- енін;

- өс бойынша тығыздалмаған қабат қалыңдығын;

- көлденең еңістігін;

- 3-метрлі рейка астындағы тегістік.

Пленка түзгіш материалдар ПМ-86, ПМ-100А, ПМ 100АМ, лак-этаноль. Түстендіргіш материалдарды қолдануға болады. Пленка түзгіш материалды қоспа бетінде ылғал кепкеннен кейін мөлшері 400 г/м2 температура t 250С, 600 г/м2 температура t 250С жоғары болғанда ДС-105 қондырғысымен шашу арқылы жағады. Арматураларды есептеу ені 0,2 мм үлкен емес жарықшаларды ашу жағдайында жүргізеді. Жамылғыны торлармен армирлейді. 7 м дейінгі ұзындықтағы плиталарда торларды ұзындық шетінің бойымен, ал плиталар 10 м артық болса онда көлденең жарықшаларға 50 см жеткізбей салады. Көлденең жапсыруларда тор мен пісірілген жерлердің арасы 25 см кем емес. Өс пен көлденең стержендердің арасы 100 ден 200 мм ге дейін болуы керек. Негізді (жамылғыны) күту мерзімі 28 тәулік.

Әрдайым:

- Көзбен (визуально) – плиталар мен жапсыру бөлшектерінің тұтастығын, беттестірулердегі пісіру сапасы мен құрылыс технологиясының сақталуын;

Ауысымына 1 реттен кем емес – негіз бен плитаның орнатылуын (тегістегіш қабатпен) төселінген 100 плитаның біреуін көтеріп қарау арқылы, беттестірілген плиталардың жақтаулары (I-III т.к. 10 мм дейін 20% көп емес, қалғаны 5 мм дейін) 1 км көлденең қиманың 3 нүктесінде, ал көлденең жапсыруларда 1 км 10 беттестірілу.

Ауысымына 1 реттен кем емес

- Плитаның негізбен беттесуін (тегістегіш қабатпен) 100 плитаның біреуін көтеру арқылы.

Көзбен – жұмыс ретін, қоршау тіреулерінің түзулігін, белгілерді, дыбыс бергіш бағандарды.

- Қондырғылардың дәлдігін;

- Белгілердің дәлдігін әр 10 м сайын жіп немесе өлшегіш лентаның көмегімен;

- Шұңқырлардың тереңдігін, қоршаулар биіктігі мен шаблондағы белгілерді;

- Жобадағы қоршаулардың толқындануын жіп немесе сызғыштың көмегімен;





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1398 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...