Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ызыл шламды қоюландыру және жуу



Қызыл шламды қоюландыру және жуу үшін екі түрлі қондырғы қолданылады:

1) диаметірі 40м, сыйымдылығы V-7750м3, ал шөгу алаңы

Sшөккен - 1250м2 тең болатын, бір ярусты қойылтқыш;

2) диаметірі 20м, сыйымдылығы V-3240м3, ал шөгу алаңы

Sшөккен - 1570м2тең болатын бес ярусты қойылтқыш.

Сурет 5.5 – Диаметірі 40 м қойылтқыш

Сурет 5.6 – Диаметірі 20 м бес ярусты қойылтқыш

Қойылтқыштың ағызындысы бұлғауышқа құйылып содан кейін сорғыштармен сүзілуге жіберіледі. Қоюлануға түскен шлам қойылтқыштың астыңғы жағынан алынып,жууға жіберіледі. Шламның сұйық фазасымен ірі қатты фазаларының қатынасы шамамен 2,6-3,0 сандарының арасына сәйкес келеді,яғни (с:қ=2,6-3,0).

Қызыл шламды жуу технологиясының жүйесі қарама - қарсы, төрт рет қайталанып жууға икемделіп орналастырған, оның себебі неғұрлым қызыл шламды сапалы жуып, құрамындағы сілтімен, алюминий тотығын Байер тізбегінде алып қалуда. Шлам бастапқы жуғыш қондырғысына, ал ыстық су соңғы қондырғыға жіберіледі. Жуылып болғанан кейін шлам соңғы жуғыш қондырғылардың астыңғы тетігінен сүзілу бөлікшесіне жіберіледі, (с:қ=2,8-3,2 сан аралығында, ал сілтінің қалдығы шамамен Na2O-25г/л). Бастапқы жуғыш қондырғылардың ағындысы пісірілген қойыртпақты сулату үшін ерітінділеу бөлікшесіне жіберіледі. Қойылтқыш және жуғыш қондырғыларынан ағындыларының сапасын арттыру үшін олардың құрамына синтетикалық флокулянт Алклар -600 қосып отырады.

Қызыл шламды қоюландыру бөлікшесі қойылтқышқа келіп түсетін қойыртпақты қою-қатты (қызыл шлам) және сұйық (алюминат ерітіндісі) фазаларына бөліп, құрамындағы қатты заттары 0,3 қг/л аспайтын және қойытылған шламның с:қ=2,8-3,0 сан аралығында болатын мөлдірленген алюминат ерітіндісін алуға арналған.

Қойылтқыштың технологиялық параметрлары төмендегідей:

1) қойыртқышқа келіп түсетін қойыртпақтың сілтілік концентрациясы шамамен Na2O=105-130 г/л аралығында;

2) қойыртқыштың шламының с:қ=2,8-3,0 сандарына тең;

3) қойыртқыштың ағызындысының температурасы 98-100 оС шамасында;

4) қойыртқыштың ағызындысының құрамындағы қатты заттардың мөлшері 0,3 қг/л көп емес болуы керек.

Енді қызыл шламды қоюландырғанда әсер ететін факторларға тоқталып өтейік.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 765 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...