Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ызыл шламды сүзу



Қызыл шламды сүзу үзіліссіз жұмыс істейтін табақшалы вакуумды сүзгілерде жүзеге асырылады. Соңғы жуғыш бұлғауыштарынан орташаланған шлам сорғыштармен табақшалы вакуумдық сүзгіштерге жіберіледі. Ылғалдылығы 52,5% аспайтын сүзілген шлам күйежентектелу цехының шламды әуіттеріне жіберіледі.

Қызыл шламды сүзгілеу бөлікшесі қызыл шламның қатты фазасын сілтілік сулатылған сұйық ерітіндіден соңғы жуғыш аппараттардан орташаланып шыққан шламды вакуумның әсерімен мата арқылы табақшалы сүзгілерде сүзуге арналған.

Табақшалы сүзгілердің мынадай түрлері қолданылады: ДУ-100, ДОО-100.

Орташаланған қызыл шлам бұлғауыштардан сорғыштардың көмегімен сүзгілерге жіберіледі. Сүзілген қоқым қойыртпағы сода – сульфатты ерітіндісімен сұйытылып, сүзілген шламдардың бұлғауышына түседі.

Шламды сүзіп болғанан кейін оның тығыздығын тексеріп отыру маңызды мәселе, өйткені тығыздығының көрсеткіші арқылы сүзілген шламның ылғалдылығы қандай екенін байқап отырады.

Қызыл шламды сүзуден алынған сұйық ерітіндіні тұнбалауға жібереді, ал сүзілуден өткен шламды күйежентектеу цехының шикіқұрамды дайындау бөлімінің әуіттеріне сорғыштар арқылы түсіреді.

Кесте 7 - Вакуумдық сүзгілердің техникалық сипаттамасы

Параметірлердің атауы Табақшалы вакуумды сүзгілер: ДУ-100, ДОО -100.
Сүзілу беті 100м2
Табақшалардың саны  
Табақшаның диаметірі 2,5м
Секторлардың саны  
Табақшалардың айналым саны Минутына 0,97-1,15 айналым
Табақшалардың жетегі ВЦ -21421-0,2
Электрқозғалтқыш, қуаттылығы, 3 квт, минутына 1500 айналым
Кернеуі 380В
Үрлеу кезіндегі ауаның қысымы 0,5 кг/см2
Сүзгінің салмағы 17570кг

Сурет 5.8 – Табақшалық вакуумдық сүзгілер: ДУ-100; ДОО-100





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 655 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...