Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ойылтқының ағызындысын сүзу



Қойылтқыштың ағызындысының құрамы:

1) жалпы сітілік концентрациясы Na2Oжалпы= 120-145 г/л;

2) алюминий оксидінің концентрациясы Al2O3 – 110 -130г/л;

3) қатты заттардың құрамы 0,3 қг/л дейін;

4) температурасы – 99-101оС.

Алынған қойылтқы ағызындысын сүзу үшін ЖТАС-125 немесе ЖТАС-225 (жайма тік автоматтандырылған сүзгі) жайма сүзгілері қолданады.

Сүзілген алюминат ерітінділері, яғни сүзгі ағызындысы бактардан сорғыштармен ыдырату бөлікшесіне жіберіледі. Сүзгі ағызындысының сапасы оның құрамындағы темірмен бағаланады, Fe2O3 сүзгі ағызындысының құрамында 0,017 г/л аспауы керек.

Алюминат ерітінділерінің сүзу бөлікшесі қойылтқыштың ағызындысын мұқиятты түрде қызыл шламның жүзінді бөлшектерінен ЖТАС-125 немесе ЖТАС-225 сүзгілерінде қысымның көмегімен жаймаларға кигізілген арнайы маталар арқылы сүзуге арналған.

Қызыл шлам қойылтқыштарының ағызындысы құрамында каустикті сілтілік ерітіндісінің концентрациясы шамамен 105-130г/л аралығында және қатты заттары 0,3 қг/л аспайтындай мөлшерде ағызындылар бұлғауыштарына түседі. Осы бұлғауыштардан сорғыштардың көмегімен сүзгілерге жіберіледі.

ЖТАС-125,225 сүзгілері арнайы үзіліспен жұмыс істеуге жабдықталған және алюминат ерітінділерін бақылау сүзуінен өткізуге арналған сүзгілер.

Сүзгі түбі конус болып келген, сопақша артқа ашылатын қақпағы бар цилиндір ыдыс. Қақпағы пневмоцилиндірдің көмегімен ашылады.

Сүзілу процесі кезінде сүзгі рамаларының үстінде қоқым қабаттары пайда болады, ал әрбір сүзгі рамаларынан шыққан сұйық өнім, яғни сүзілген алюминат ерітіндісі басқа бұлғауыштарға жиналады.

Рамада жиналған қоқым қабаты ыстық сумен автоматтандырылған жүйе бойынша жуылады.

Енді екі ЖТАС-125,225 сүзгілерінің техникалық параметрлеріне тоқтала кетейік.

Кесте 6 – Сүзгілерінің техникалық параметрлері

Параметірлері ЖТАС-125 ЖТАС-225
Сүзілу беті 125м2 225м2
Сүзілу процесінің жұмыстық қысымы 4кгс/см2 дейін 4кгс/см2 дейін
Құбырдағы сулыжуғыштың жұмыстық қысымы 6-8 кгс/см2 6-10 кгс/см2
Пневмобасқарма ауаның жұмыстық қысымы 5-6 кгс/см2 5-6 кгс/см2
Жұмыстық температура 100 оС дейін 100 оС дейін
Сыйымдылығы 13,5м3 25м3
Сүзгі рамаларының саны    
Диаметірі 2200мм 3000мм
Ені 3800мм 4250мм
Биіктігі 5320мм 5450мм
Электрқозғалтқыш қуаты 0,8квт 0,8квт
Сүзгінің массасы 10100кг 14050кг
Сулыжуғыш құбырының айналу жылдамдығы минутына 7,26 айналым минутына 7,26 айналым

Сурет 5.7 – Қойылтқыштың ағызындыларын сүзуге арналған ЖТАС-125





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 575 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...