Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бокситтің химиялық құрамы мен оның ұнтағының деңгейі



Қоюландыру – бұл салмақ күшінің әсерімен жүретін шөгу процесі. Өлшем бірлігі 100 мкм дейінгі бөлшектер Стокс заңына бағынады және олардың шөгу жылдамдықтары төмендегі көрсетілген теңдеу арқылы анықталады

( 5.5)

мұндағы W – шөгу жылдамдығы, м/с;

ρ – қатты және сұйық фазалардың тығыздықтары,

кг/м3;

µ – ортаның тұтқырлығы, кгс/ м2.

Теңдеуден көріп отырғанымыздай шөгу жылдамдығы негізінен сұйық фазаның тұтқырлығына және қызыл шламның түйіршік құрылымына тәуелді, яғни температура, концентрация және бөлшектің ірілігіне.

Шөгу жылдамдығы шламдағы темір оксидінің құрамы көбейгенде жоғарылап, натрий гидроалюмосилкатының (НГАС) құрамы ұлғайғанда төмендейді. Сондықтан кремнилік модулдері жоғары бокситтер ерітінділеуден кейін тұнбалау қасиеттері жақсы шламдарды түзейді.

Шламның ұсақ-майда бөлшектері оларды алдын ала іріткілер, яғни когулянттар мен флокулянттарды қосып біріктірмейінше шөгуге түспейді.

Температураның әсері. Ерітінділік ортаның тұтқырлығын төмендету үшін қоюландыру процесі барынша жоғарғы температураларда жүргізіледі. Жылуды қоршаған ортаға жоғалтпас үшін қоюландыру процесі жылуқорғағыш аппараттарда жүргізіледі және қоюландыру процесін шамамен 97-100 оС температуралары аралығында жүргізеді.

Қойылтқышқа түсетін қойыртпақтың құрамындағы қатты заттардың құрамының әсері. Стокс теңдеуі ерітіндідегі бөлшектердің өз еркімен шөгуін өрнектегенімен, бөлшектер шөккен кезде бірнеше аймақтардан өтеді. Ол аймақтарды мынадай атаулармен бөліп көрсетуге болады:

– мөлдірленген ерітіндінің аймағы;

– ерікті шөгу аймағы;

– қысылып шөгу аймағы;

– тығыздалу аймағы;

– қоюландырылған шламның аймағы.

Ерітінділер осы аймақтар арқылы өткен кезде бөлшектер бір–біріне соқтығысып, шөгу жылдамдығы бәсеңдейді, сондықтан бөлшектердің нақты шөгу жылдамдығы төмендегідей теңдеумен анықталады

W 2= W ·0,5, ( 5.6)

мұндағы 0,5 – қысылу қабатының коэффициенті.

Зиянды қоспалардың әсері. Бокситтің құрамында кездесетін,тақташа құрылымды пирит, сидерит, ақ саз және органикалық қосылыстар қоюландыру процесін нашарлатады.

Ағызындының жылдамдығы. Қойылтқыштың өнімділігі оның ағызындысының жылдамдығымен сипатталады. Өндірісте ағызындыға шөгу алаңының 1м2 алынған мөлдірленген ерітіндінің мөлшерін қабылдайды

, (5.7)

мұндағы G – ағызындының жылдамдығы, м/ с;

Q – мөлдірленген ерітіндінің мөлшері, м3;

F – шөгу ауданы;

T – жұмыс істеген уақыт, сағат.

Қызыл шламды жуу бөлікшесі қоюланған шламды сілтіден жууға арналған. Жуылу жүйесі қарама-қарсы, яғни шлам тізбектелген төрт аппараттың басқысынан, ал ыстық су соңғы аппараттан жіберіледі.

Жуғыш аппарат түбі конус, ішкі жағы ярустарға бөлінген цилиндір ыдыс. Әр ярустың ортаңғы жағының түбі ағынды стақандарымен бітеседі.

Кесте 5 – Диаметірі Ǿ 20м жуғыш аппараттың техникалық

сипаттамасы





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 772 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...