Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Павлодар алюминий заводының алюминий тотығы өндірісі технологиясының сұлбасы



Жоғарыда атап өткеніміздей Павлодар алюминий заводында алюминий тотығының өндірісі жүйелі технологиялық Байер-күйежентектелу сұлбасы арқылы жүреді. Оның негізгі себебі өңдеуге түсетін бокситтің химиялық құрамына байланысты. Заводта бүкіл алюминий тотығы өндірісі негізгі үш цехқа бөлінген.

Бірінші шикізаттарды дайындау цехында бокситті, әктасты, көмірді және жаңа соданы қабылдап, оларды ұсатып, химиялық құрамына байланысты біркелкілеп, содан кейін аталған заттардың барлығын қажетті цехтарға жіберіп отырады.

Заводқа түсетін боксит, әктас және көмір роторлы вагонаударғыштар арқылы қабылдау шанаптарына түседі. Шанаптың сыйымдылығы 280м3.

Қыс айларында қатып қалған шикізаттарды жібіту үшін арнаулы жылытқыш қондырғылары қарастырылған.

Шикізат шанаптард ан таспалы конвейерлер арқылы орташа ұсату бөлікшесіне түсіп, белгіленген ірілікке, яғни 40-100мм дейін ұсатылады. Содан кейін таспалы конвейерлер арқылы таратылатын қоймаларға жіберіледі, әрбір қойманың сыйымдылығы 25000 тонна.

Өңдеуге түсетін бокситтің 60% алдын ала шикізат жиналатын аулада біркелкіленеді.

Екінші негізгі цехтардың бірі ол гидрометаллургия цехы. Бұл алюминий тотығы өндірісінің Байерлік тізбегін құрайтын цех. Цех мынадай технологиялық бөлікшелерден тұрады: бокситті ұсақтау, бокситті қойыртпақты ерітінділеу, қызыл шламды шөктіру және жуу, алюминат ерітіндісін сүзу, қызыл шламды сүзу, декомпозиция (ыдарату), гидратты өңдеу, буландандыру, тауарлы алюминий тотығын жоғарғы температурада қыздырып шынықтыру.

Үшінші негізгі цех күйежентектелеу цехы. Бұл цехтың атқаратын міндеті Байер тізбегінен шыққан қызыл шламды әрі қарай өңдеп қосымша алюминий тотығын алу. Цех мынадай бөлімдерден тұрады: шикіқұрамды дайындау, күйежентектеу, алынған күйежентекті ұсату және гидрохимиялық әдіспен өңдеу. Күйежентектелу цехының ерітіндісі одан әрі қарай гидрометаллургиялық цехта өңделеді.

Енді осы технологиялық процестерге толығырақ тоқталайық.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 756 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...