Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орытынды. Қазіргі кезеңде қаржы секторы өз дамуының сапалы жаңа деңгейінде тұр және оның алдағы



Қазіргі кезеңде қаржы секторы өз дамуының сапалы жаңа деңгейінде тұр және оның алдағы уақытта жемісті жұмыс істеуі үшін негіз құруға бағытталған реформалардың көпшілігі жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның банк жүйесі банк қызметінің негізгі халықаралық стандарттарына сай келеді және одан әрі нығая түсуде. Банктердің ресурстық базасы өсуде. Экономиканы долларсыздандыру процесі жалғасуда.

Банктер үшін экономиканың нақты секторын несиелендіру операцияларының басым түрі болып отыр. 2003 жылы банктердің экономикаға несиелерінің жалпы көлемінің өсуі 45,5% болды. Экономиканың оң дамуы экономикаға несиелердің жалпы көлеміндегі орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесінің өсу үрдісінің жалғаса түсуі болып табылады. Теңгелік несиелердің үлес салмағы өсті.

2003 жылдан бастап Қазақстанның барлық банктері қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді.

Қазақстанда толыққанды қаржы нарығы, дамыған жинақтаушы зейнетақы жүйесі және ТМД елдерінің ішінде едәуір озық төлем жүйелері жұмыс істейді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің активтері 37%-ке 368,3 млрд, теңгеге дейін артты.

Қаржы нарығының құрамдас бөліктері тұрақты жұмыс істейтін банкаралық ақша нарығы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы, несие және депозит нарықтары, сондай-ақ сақтандыру нарығы болып табылады.

2003 жылы АҚШ долларына қатынасы бойын­ша теңгенің нығаюы Қазақстан экспортерлерінің бәсекелік қабілетіне әсерін тигізген жоқ, өйткені ол еуро мен Ресей рубліне қатынасы бойынша теңгенің әлсіреуімен теңескен болатын.

Қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің зор қарқынмен өсуіне ықпалын тигізді. Таза халықаралық резервтер ағымдағы жылдың басында 4 958,9 млн. доллар болды. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, яғни Ұлттық қордың ақшасын қосқанда 8 565,2 млн. долларды құрады.

Биылғы жыл Ұлттық Банктің жаңа даму кезеңімен белгіленеді.

Осындай дамуға сапалы баға беру үшін тарихқа аздап тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Ұлттық Банк 90-шы жылдардың басында өндіріске қолдау көрсету мақсатында жеңілдікпен несиелер беруді жүзеге асыруға мәжбүр болғаны белгілі. Сонымен бірге, дамымаған банк жүйесі жағдайында несиелер алу үшін кәсіпорындардың Ұлттық Банкке тікелей өтініш жасауы орын алды. Үкіметке бюджет тапшылығының орнын жабу үшін несиелер берілді. Осы функциялардың бәрі орталық банктің функцияларына сәйкес келмейтін еді.

Осындай жағдайларда Ұлттық Банк олардың нарықтық жағдайлармен үйлесуіне ықпал ету мақсатында банк жүйесін реформалауды жүргізе бастады. Сонымен қатар банктерді қайта қаржыландыру тетігін өзгерту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. Атап айтқан несиелік ресурстар несиелік аукциондар арқылы орналастырыла бастады, директивалық несиелер беру және бюджет тапшылығын тікелей несиелеу тоқтатылды. Екінші деңгейдегі банктер халықтың уақытша бос қаражатын тарту есебінен несиелік ресурстар қалыптастыра бастады және экономиканы несиелендіру функциясын өздеріне алды.

Осының бәрі Ұлттық Банктің орталық банктерге тән функцияларды атқара бастағанын білдіреді. Оның негізгі міндеті ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын, яғни инфляция қарқынының төмен болуын және тұрақты айырбас бағамын қамтамасыз ету болды.

Жақын уақытта банк секторының озық дамуы банктердің өз еншілес ұйымдары арқылы қаржы нарығының басқа сегменттеріндегі: бағалы қағаздар нарығындағы, сақтандыру нарығындағы, зейнетақы жүйесіндегі қызметті белсенді түрде игере бастауына алып келді. Нәтижесінде қаржы нарығының түрлі сегменттерінде бірдей операция жүргізетін түрлі мамандықтағы бірлестіктер жиі пайда бола бастады. Бұл қаржы рыногының жекелеген сегменттерінің қызметін реттеуді түрлі қадағалау органдары жүзеге асырғандықтан банктер қызметін реттеуде белгілі бір қиындықтар туғызды.

Сондықтан Ұлттық Банкке сақтандыруды қадағалау органының (1998 ж.), зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және кастодиан-банктердің қызметін реттеуді жүзеге асыратын Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның (2001 ж.), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің (2002 ж.) функциялары мен өкілеттіктері біртіндеп берілген болатын. Сонымен бірге, Базель комитетінің тиімді банктік қадағалаудың негізгі принциптеріне сәйкес, 2001 жылдың басында Ұлттық Банкке банктердің қызметіне шоғырландырылған негізде қадағалау жүргізу үшін өкілеттіктер берілді.

Осылайша, 2002 жылдың ортасында Ұлттық Банк елдің қаржы нарықтарын реттеуде басты орын алды. Алайда, мұндай жағдай бастапқы кезден-ақ ел Президентіне есеп беретін жеке реттеуші орган құруға арналған дайындық іс-шаралары сипатында болып, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттікті құрумен аяқталды.

Бұл Агенттік барлық қаржы институттарын оперативті және кешенді қадағалауды және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асырады. Әлемдік практика көрсетіп отырғандай, мұндай қадағалау мен реттеу ұйымы қаржы секторының дамуы үшін едәуір тиімді. Мұндай жағдайда қаржылық қызмет көрсету конвергенциясы және әділ бәсеке жағдайларын жасау есебінен қаржылық қызмет көрсету сапасының жақсаруы мен құны жағынан төмендеуінің атқаратын ролі осал емес.

Барлық қадағалау функцияларын жаңа органға беру арқылы Ұлттық Банк өз қызметінің сапалы дамуының келесі сатысына өтті.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 281 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...