Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары



2011 жылдан бастап Ұлттық Банк ақша-несие саясатының бағдарларын жыл сайын нақтылай отырып, үш жыл бұрын айқындайды. Бұл елде макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге байланысты және экономика мен қаржы рыноктарындағы ахуалды ескере отырып, стратегиялық бағыттардың болжамдарын жасап, ұзақ кезеңге әзірлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының маңызды бағыты таяу жылдарда инфляциялық таргеттеу принципін дайындау және көшу деп жарияланды. Инфляциялық таргеттеу принципі Ұлттық Банктің инфляцияны төмендету жөніндегі негізгі мақсатына барынша дәл жауап береді және рынок қатысушыларының жүргізілетін ақша-несие саясатына деген зор сенімін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Агентствасының берген мәліметі бойынша 2014 жылдың 11 айы ішінде статистика бойынша инфляция деңгейі 5,8% құрады. Жылдық көрсеткіш бойынша 2014 жылы инфляцияның деңгейі 6,5% құрады, бірақ 2014 жылға жасалған болжам бойынша 6,4% болуы керек еді. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша 2015 жылғы сәуірде инфляция өткен екі ай деңгейінде қалып, 0,45% болды. 2015 жылғы сәуірде инфляция жылдық көрсетуде 6,5%-ті құрады.

Мемлекеттік бағалы қағаз нарығында қарқынды инфляция деңгейінің төмендеуі және ұлттық валютаны айырбастау курсының нығаюы Ұлттық Банкке 2012 жылдың шілде айында қайта-қаржыландыру ставкасының 7,5тен7%-ке дейін төмендеуіне ықпалын тигізді. 2013жылғы сәуірде 6ай және 12 айлық МЕККАМ, сондай-ақ 2 және 7 орта мерзімді МЕОКАМ бойынша аукцион өткізілді. Бір айда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының көлемі 3 есе өсіп,18,8 млрд. теңгеге жетті. Өтеу, сыйақы төлемін қоса алғанда, сәуірде 10,4 млрд. теңге болды. Нәтижесінде олардың айналыстағы көлемі 5,6%-ке көбейіп, 186,6 млрд.теңгеге жетті.

Қысқа мерзімді құралдар бойынша кірістілік төмендеді: 6 айлық МЕККАМ бойынша- 5,90%-тен (01.10.03ж)4,95-ке.

Сәуірде Ұлттық банк ноталар эмиссиясының көлемі олар бойынша кірістілік 5,06%-тен 5,04%-ке төмендеген кезде 17,5%-ке өсіп,53,9млрд. теңгеге жетті.Ұлттық банк ноталарын өтеу көлемі сәуірде шамамен 28 млрд.теңгені құрады, ол 28 млрд. теңгені құрады, ал олардың айналыстағы көлемі бір айда 10,6%-ке көбейіп, 294,7 млрд. теңге болды.

2004 жылғы сәуірде Ұлттық Банктің тікелей репо операциялары бойынша мәмілелерінің көлемі 6,3%-ке азайып, 66,5 млрд. теңге болады, ал кері репо операциялары өткізілген жоқ.

Ұлттық Банктің алтын валюта резервтері жылдың 2003 жылдың 11 айы ішінде 48,4%ке 4661,6 млн. АҚШ долларына көбейді, ол 4,5 айға тауар және қызмет импортының жабылуын қамтамасыз етеді. Осыдан мемлекеттің халықаралық резервінің көрсеткіші арқылы (Ұлттық қор активтерімен) 2003 жылдың 1 желтоқсанында 7917,3 млн АҚШ долларын құрады.

Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінің өсуі ақша агрегаттарының өсуіне ықпал етті. 2003 жылдың 11 айы ішінде ақша базасы 40,4% және 292,3 млрд. теңгеге дейін көбейді, ал ақша массасы 10 айдың ішінде 29,6% және 991,0 млрд. теңгеге дейін өсті.

Мемлекттік бағалы қағаз нарығының дамуында жақсы өзгерістер болды. 10 жылдық мемлекеттік бағалы қағаздар айналымға шығарылды, Қаржы Министірлігінің классификациясы бойынша олар орташа жедел бағалы қағаздардың арасында ең ұзағы болып табылады.

Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері 2003 жылдың 10 айы ішінде 25,8%-ке және 759,2 млрд теңгеге өсті (валюталық эквивалент 5,1 млрд АҚШ долларына көбейді). Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы жалпы депозиттердің мөлшері 40,0%-тен 51,6%-ке дейін өсті.

Ұлттық валютада банктік емес заңды тұлғаға берілген несиелер бойынша орташа өлшенген сыйақы ставкасы өткен жылмен салыстырғанда 14,1%-тен 15,1%-ке өсті, ал шетел валютасында 12,3%-тен 10,3%- ке төмендеді.

Ақша-несие саясатының 3 жылға қойған мақсатының бірі ”Жалпы инфляцияның” орташа жылдық мөлшері 4%-6% –2004 жылға және де 2005-2006 жылдарға 3%-5%-ке дейін мөлшерленіп отыр.

Инфляцияның төмнедеуі 2004 жылы қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 6-6,5-ке төмендеуіне ықпал етеді, ал 2006 жылға-5%,5%-ке дейін төмендейді деп болжануда.

2004-2006 жылдар арасында Ұлттық Банк алтын валюта резевтерінің 1,3 есе және осы 3 жыл ішінде ақша базасының және ақша массасының 1,8 есе өсуі жоспарланған. Ұлттық Банктің бағалауы бойынша 2004 жылы нақты ақша мөлшерінде ақша массасы 25%-ке өсуі мүмкін, ал одан кейін 2005-2006 жылдары 22%-23%-ке дейін қарқынды түрде төмендеуі мүмкін. 2004 сәуір айында Ұлттық Банктің таза ішкі активтерінің төмендеуі ақша базасының 2,9%-ке азайып, 316,3 млрд. теңгеге жетуіне себеп болды.

2004 жылдың наурыз айында ақша массасы 3,7%-ке өсіп, 1053,5 млрд. теңге болды. Ақша массасы ұлғаюының негізгі факторы банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің (1,1%) өсуі, сол сияқты оның ішкі активтерінің көбеюі (5,9%-ке)болды.

Ақша массасымен салыстырғанда ақша базасының озық қарқыны ақша мультипликаторының 3,30-дан 3,24-ке дейін төмендеуіне себеп болды.

Банкаралық ақша нарығы. Наурызда банкаралық ақша нарығында өтімді құралдарды орналастыру бойынша банктер белсенділігінің артқаны байқалады. Негізгі құралдар орналастыру мерзімі 30 күннен аспайтын банкаралық депозиттер болады.

2004 жылғы акқпанмен салыстырғанда 2004 жылдың наурыз айында орналастырылған бакнаралық теңгелік депозиттердің көлемі олар бойынша орташа алынған сыйақы ставкаларының 3,49%-тен 2,56%-ке төмендеуі кезіеде 80,3%-ке көбейіп, 53,5 млрд. теңгеге жетті.

Шетел валютасында қарыз алу нарығыда негізгі операциялар көлемі АҚШ долларындағы депозиттер есебінен жүжеге асырылды. Орналастырылған долларлық депозиттердің көлемі ақпандағы көрсеткіштермен салыстырғанда 9,3%-ке өсіп шамамен 1,9млрд. долларды құрады.

Несие нарығы. Банктердің экономикаға несиелері бойынша негізгі борышы 2004 жылдың наурыз айында 2,3-ке өсті және 1036,6млрд теңгені (7,46 млрд. АҚШ долл.) құрады.

2004 наурызында шетел валютасындағы несиелерге қарағанда ұлттық валютадағы несиелердің өсу қарқыны едәуір алда болды. Сонымен, ұлттық валютадағы несиелер бір айда 5,2%-ке өсті және 484,6 млрд. теңге болды,сол уақытта шетел валютасындағы несиелер 552,1 млрд. теңге (4,0 млрд. АҚШ долл.) жуық құрап, 0,1%-ке төмендеді. Қорытындысында теңгелік несиелердің үлес салмағы 2004 жылдың ақпанымен салыстырғанда 45,4%-тен 46,7%-ке дейін өсті.

Ұзақ мерзімді несиелер 669,3 млрд. теңгені құрап, 4,5%-ке өсті, ал қысқа мерзімді несиелер 367,3 млрд.теңгені құрап, 1,4% -ке азайды. Ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 2004 жылдың ақпанымен салыстырғанда наурыз айында 63,2%-тен 64,6%-ке дейін ұлғайды.

Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттері берілген несиелері бір айда 11,7-ке ұлғайып, 229,4 млрд.теңге болды.

Наурызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген несиелер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 14,9% (ақпанда-14,9%), жеке тұлғаларға несиелер бойынша - 21,4% (22,1%)болды.

Депозит нарығы. Резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2004 жылдың наурызында 4,3%-ке (жыл басынан бері 10,6%) ұлғайды және 808,5 млрд. теңге (5,8млрд АҚШ долл.) болды.

Өткен айдағылар сияқты наурызда шетел валютасындағы депозиттермен салыстырғанда теңгелік депозиттердің қарқындап өсу үрдісі жалғасты. Ұлттық валютадағы депозиттер 5,0%-ке өсіп, 440,9 млрд. теңгеге жетті, сол кезде шетел валютасындағы депозиттер3,5%-ке ұлғайды.

2004-2006 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы 1-кестеде берілген.

Кесте





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 839 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...