Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Ұлттық Банкінің міндеттері мен функциялары және оларды Агенттікпен бөлісуі



Барлық орталық банктердің алдында тұрған негізгі міндет ұлттық ақша бірлігінің сатып алу қабілетіне қолдау көрсету және елдің несие-банктік жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Орталық банктер экономикаға мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыру жүйесінде, ақша эмиссиясын реттеуде, валюталық саясатты жүргізуде өзінің біршама дербестігіне байланысты маңызды роль атқарады.

Орталық банктер жүргізетін ақша-несие саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының бір құрамдас бөлігі болып табылып, сонымен қатар реттеуші шараларды жылдам өзгерте алу мүмкіндігімен қатар макроэкономикалық әсер етуге жол ашады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының баға саясатын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкіне сонымен қатар:

- Қазақстанның экономикалық дамуы мен оның дүниежүзілік экономикаға кірігуіне қол жеткізу мақсатында ықпал ететін ақша айналасы, кредит, банктер мен олардың клиенттері арасындағы ақша аударымдарын ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекет саясатын әзірлеу мен жүргізу;

- ақша, кредит және банк жүйесінің тұрақты болуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

- банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жолымен банктер кредиторлары мен клиенттерінің мүддесін қорғау жүктеледі.

- Қазақстан Республикасында айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу жолымен мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір эмитенті болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкі жауап береді.

- Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетеді;

- банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшін соңғы сатыдағы несиегер болып табылады;

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілейтін тәртіппен және шартпен банктердің және басқа ұйымдардың алған несиелері бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;

- Қазақстан Республикасында кредиттер бойынша сыйақының (мүдденің) ставкаларын реттеуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерге ақша-несие әдістерімен реттеу арқылы бақылау жасау мүмкін болмаған жағдайларда, Қазақстан Ұлттық Банкі олар бойынша несиелер көлемін және сыйақының (мүдденің) банктік ставкаларын шектеуге құқылы.

- Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, жүйесі мен нысанын белгілейді, банктер арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарының уақтылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады, банктердің өздері пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенімді, қауіпсіз болуын қамтамасыз ету жөніндегі ең төменгі талаптарын белгілейді;

- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерін жүргізуге құқылы;

- банк қызметі, есепке алу, ақша төлемдері мен аударымдары, заң актілерімен белгіленген өкілеттік шегінде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша барлық банктердің және олардың клиенттерінің міндетті түрде орындауына жататын нормативті құқықтық актілер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, банктердің бухгалтерлік есебінің стандарттарын белгілейді;

- уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді;

- өзінің бақылау және қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін заң актілеріне сәйкес банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ олардың аффилиирлендірілген тұлғаларының қаржылық есебінің тізбесін, халықаралық стандартқа сай келетін нысандарын, ұсыну мерзімдерін белгілейді;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша, ақша төлемдері мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, банктердің және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезегін белгілеуге құқылы;

- Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетін және қаржы рыногының инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға құқылы;

- қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртібін белгілейді, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегі мемлекеттік қорын құрайды;

- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемі жариялап отырады;

- елдің есептік төлем балансын қалыптастырады және төлем балансы көрсеткіштерінің қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамды бағаларын әзірлеуге қатысады, мемлекеттік кепілдігі жоқ мемлекеттік емес сыртқы займдардың шарттарын тіркеу мен мониторингін жүзеге асырады және елдің жалпы сыртқы борышының бағасын қалыптастырады;

- ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;

- Қазақстан Республикасының банк жүйесіне кадрлар даярлауды жүзеге асыруға қатысады;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетеді;

- банктер ашатын есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын) банктердің тұрған жерінен тыс жерде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, заңды тұлға мәртебесіне ие болмаған және өкілдіктер немесе филиалдар болып есептелмейтін, аумақтық жағынан ерекшеленген бөлімшелерін, ашуға келісім береді және арнайы есебін жүргізеді;

- Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес вексельдерді қайта есептеуді жүзеге асырады;

- Қазақстанның Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенімгерлікпен басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырады;





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 656 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...