Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары



Орталық банктердің тиімді қызметі шетелдік тәжірибелерді ескере отырып және ұлттық дәстүрлерді көрсететін және мұның бәрі заңды бекітілген, өзінің ұйымдастыру және басқару жүйесі болғанда ғана мүмкін болады. Орталық банктердің ұйымдастырылуының екі негізгі үлгісі бар.

Бірінші үлгіге сәйкес орталық банк экономиканы реттеу үшін өкілеттігі бар билік органының құралдарының бірі ретінде ақша-несие саясатын жүргізеді. Ақша-несие саясаты да бюджеттік тәрізді, құрылымдық саясаты, табыс саясаты үкіметтің экономикалық және әлеуметтік міндеттеріне қол жеткізу үшін пайдаланылады. Мұндай орталық банктің үлгісі, мысалы, Франции, Ұлыбритании, Жапония елдеріне тән.

Екінші орталық банктің үлгісінің алдына нақты міндеттер қойылады және ол міндеттерді (бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ақша-несие саясатының арнайы құралдары қолданылады) саяси биліктің қысымынсыз атқарады. Мұндай үлгі Германия, Австрия және Нидерланды елдерінде жүзеге асқан.

1993 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің құрылымын өзгертті. Жаңа құрылымды жасау кезінде орталық банктің классикалық функциялары назарға алынып және жаңа құрылымның негізіне шетел тәжірибесі, атап айтқанда Автрия Ұлттық банкінің тәжірибесі қолданылды.

Қазақстан Ұлттық Банкі - тіке бағыныстағы схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылым.

Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары Басқарма мен Директорлар кеңесі (Директорат) болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлімшелер, филиалдар, өкілдіктер және ұйымдар кіреді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті 6 жыл мерзімге тағайындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының тағайындалу мерзіміне қарамай, 6 жыл мерзімге тағайындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің ең жоғары органы Басқарма болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының негізгі функциялары:

Мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлеу;

Қазақстан Ұлттық Банктің банк қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тұжырымдама негізінде банкноттар мен тиындардың көрсетілген құны мен дизайнын анықтау;

Қазақстан Ұлттық Банкінің банктермен жасалатын операциялар бойынша қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгілеу;

Ломбардтарға, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиялар беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу, банк заңдарында көзделген өзге де санкцияларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашу шарттарын белгілеуге;

Банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкі берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға;

Банктің және (немесе) банк холдингінің ірі қатысушысының акцияларын Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімгерлікпен басқаруына беру туралы, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен банктер кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында және капитал мөлшері теріс екінші деңгейдегі банктердің акцияларын жаңа инвесторларға кейін міндетті түрде тез арада өткізу шарттарымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешімдер қабылдауға;

Банктерге резервтік талаптардың нормативін бекіту;

Алтын-валюта активтерін басқаруды негізгі принциптерін белгілеу;

Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;

Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;

Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;

Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы жылдық балансы мен есебін қарау және бекіту;

Қазақстан Ұлттық Банкінің өзінің жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын және өзге де мүлкін, бюджетін (шығыстар сметасын) пайдалану тәртібі туралы, ақылы қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі департаментінің директорларын, филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының басшыларын бекіту;

Қазақстан Ұлттық Банкі оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары қызметкерлерінің еңбек жағдайын, еңбекақы төлеу жүйесі мен мөлшерін, әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етілуін анықтау және бекіту;

Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және осы Заңға сәйкес өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;

Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің (Директорат) құрамын бекіту;

Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі үшін бухгалтерлік есептің саясаты мен әдістерін белгілеу;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкіметіне табыс етілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқарудың нәтижелері туралы есепті бекіту;

Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері туралы ақпарат табыс ету;

Өкілеттігіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару (Өкілетті өкіл) жөніндегі шешімдерді шұғыл түрде қабылдау кіретін лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орынбасары банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына әкімшілік айыппұл салу туралы мәселені Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының басқа мүшелерімен алдын ала келісіп алады және осы мәселе бойынша тиісті қаулы нысанында шешім қабылдайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының мүшелері егер өздері оның қабылдануы үшін дауыс бермесе, бірақ шешімнің қабылдануымен өзінің келіспейтіндігі туралы дереу мәлімдеген болса, Басқарма қабылдаған шешімдер үшін жауап береді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы 9 адамнан тұрады.

Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің бес лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Президентінен бір өкіл және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екі өкіл кіреді.

Қазақстан Республикасы Президентінен, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінен Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының мүшелерін тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы тағайындайды және босатады.

Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының құрамын тағайындаудың бұл қағидалары өзінің өміршеңдігін дәлелдеп те шықты деуге болады. Өйткені мұндай құрам ведомстволық тар шеңберді жоққа шығарып экономикалық тұрғыдан теңгерілген шешімдер қабылдауға мүмкіндік туғызады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен (кездесулер және кеңестер негізінде) ортаылған қарым-қатынастар жедел міндеттер мен стратегиялық мәселелер бойынша үйлесімді шешімдерге арқау бола алады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі (Директорат) болып табылады.

Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітеді.

Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкінің қарауындағы мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, бұған Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Төрағасының құзырына енетін мәселелер ғана қосылмайды (немесе оның орынбасарларының).





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 597 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...