Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Ұлттық банкінің өкілеттілігі және құқықтары



Қазақстан Ұлттық Банкі заң актілерімен берілген өкілеттік шегінде өз қызметін ешкімге тәуелсіз атқарады. Өкілді және атқарушы өкімет органдарының Қазақстан Ұлттық Банкі оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдарының заңда бекітілген өкілеттігін жүзеге асыру жөніндегі қызметіне араласуға құқы жоқ.

Қазақстан Ұлттық банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіріп отырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі банк, қаржы кеңесшісі және мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың агенті ретінде іс-әрекет жасай алады.

Қазақстан Ұлттық Банкінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкі Үкімет шоттары бойынша төлем жүргізеді, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыз алу саясатын жасау және іске асыру, мемлекеттің ақша-несие саясатымен байланысты мәселелер жөнінде бюджет саясатын қалыптастыру кезінде қаржы кеңесшісі ретінде қызмет етеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі Үкіметпен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті ретінде оған мемлекеттік заемына қызмет көрсетеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге құқылы.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және Үкіметтің мемлекеттік қарызын олардың банк жүйесіндегі өтімділігіне ықпал етуін ескере отырып, өтеудің ай сайынғы көлемін және ақша-кредит саясатының басымдығын, Үкіметтің шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келіседі.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша Үкіметтің шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар айналысын реттеуге қатысуға құқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар айналысын реттеуге қатысуға құқылы.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 388 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...