Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы



  2003 (бағалау) 2004 2005 2006
1.Жалпы инфляция жылына орташа% - 4-6 3-5 3-5
2.Инфляция жылына орташа% 6,5 5-7 4-6 4-6
3.Қайта қаржыландыру ставкасы жыл соңына% 7,0 6-6,5 6,0 5,5
4.Алтын валюта резерві млн. АҚШ доллары 4852 5156 5679 6438
өзгерістер% 54,5 6,3 10,1 13,4
5.Ақша базасы 312 411 495 574
млрд. теңге
өзгерістер % 50,0 31,6 20,3 16,1
6.Ақша массасы млрд. теңге 1026 1325 1607 1898
өзгерістер% 34,2 29,1 21,3 18,1
7.Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері млрд.теңге 780 972 1183 1407
өзгерістер% 29,4 24,6 21,7 18,9
8.Экономикаға беретін банктің несиелері млрд. теңге 940 1225 1520 1844
өзгерістер% 39,8 30,3 24,1 21,3
9.Жеке тұлғаның теңгедегі жедел депозитінің орташа өлшенген сый-ақы ставкасы% 10,0-11,0 9,0-10,5 8,0-9,5 7,0-9,0
10.Тұлғаның теңгедегі жедел депозиттерінің орташа өлшеген сый-ақы ставкасы% 14,5-15,5 12,0-13,5 11,0-13,0 10,0-12,0

Алдағы жылдары Ұлттық Банк ЕврАзЭС –ң орталық банктерімен жұмыс жүргізуді жалпы төлем жүйесін жүзеге асыру, ЕврАзЭС елдерінің және басқа қаржы нарықтарының бағыттарын бірге жалғастыруды көздеп отыр.

Экспортерлерден валюта түсімінің түсуі сияқты Қаржы министрлігінің пайдасына шетел валютасы түсімдерінің есебінен шетел валютасына айтарлықтай ұсыныс ішкі валюта рыногындағы ахуалдың тұрақтылығын сақтау үшін Ұлттық Банктің ақшаны реттеу жөніндегі іс-қимылды жандандыруын талап етті.

Ақша базасының деңгейі бұрынғыдай ақша-несие саясатын жүргізу барысында аралық бағдар ретінде Ұлттық Банк пайдаланатын негізгі жедел көрсеткіштердің бірі болып қалды. Ақша базасының 40,4%-ке 292,3 млрд. теңгеге дейін ұлғаюы Ұлттық Банктің ішкі валюта рыногынан валюта сатып алуы сияқты, Қаржы министрлігінің шотына шетел валютасының едәуір түсуінің жалғасуы есебінен өсті.

Ақша базасын реттеу Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығару және ашық рынок операциялары сияқты тек қана жанама құралдармен жүзеге асырылды. Валютаның едәуір әкелінуі Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының шығарылымын ұлғайтумен бейтараптандырылды.

2003 жылы ақша массасының (МЗ) 29,6%-ке 991,0 млрд, теңгеге дейін өсуі ақша базасының ұлғаюынан едәуір алда болды. Нәтижесінде экономиканы монетизациялау деңгейі 17,7%-тен 20,4%-ке дейін ұлғайды және қол жеткен деңгей 1994 жылдан бергі ең жоғары деңгей болып табылады.

Ақша массасы өсуінің негізгі факторлары банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің ұлғаюы сияқты ішкі активтерінің де ұлғаюы (Ұлттық қордың активтерін есептемегенде) болды.

Басты мақсаттардың орындалуы үшін Ұлттық Банк келесі функцияларды қарастырды:

-мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу және қадағағалау.

-төлем жүйесін реттеуді қамтамасыз ету.

-валюталық бақылау мен валюталық реттеуді жүзеге асыру.

-қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 346 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...