Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жағдайлық есептер



Есеп

Полкті сумен қамтамасыздау үшін Н. елді мекен жерінен жол бойында орналасқан шахталық құдықтан су алуға шешім қабылданды. Қимасы ағаштан жасалған, ескі, жер бетінен 0,5 м. биікте орналасқан. Сазды бөлшегінің жабыны жоқ. Берілген анализі: мөлдірлігі – 20 см, түстілігі - 30о, дәмі мен иісі - 0,9 мг/л, нитрат – 0,4 мг/л, тотықтырғыштығы – 5. Суды қолдану және өңдеу әдістері туралы қорытынды беріңіздер.

Есеп

Дивизияны сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суын қолдану қарастырылды, иісі – 0 балл, фтор – 2,5 мг/л, құрғақ қалдығы - 3000 мг/л, хлоридтер - 500 мг/л, сульфат – 800 мг/л, коли-титрі – 500. Судың сапасын жақсартатын қандай өңдеу әдісі және қандай табельді заттарды қолдануға болады?

Есеп

Шөлді жерде оқуда жүрген ротаның су қорының мөлшері – 1200 л. Ротада 100 адам. Оқу уақыты 4 күн. Су қоры жеткілікті ме, соны көрсетіңдер.

Есеп

Басқа бөлімшелерден бөлек бөлінген барлау тобында – 6 адам қызмет етеді. Осы жағдайда қандай сумен қамтамасыздауды ұйымдастыру түрлері бар және судың сапасын жақсартуға қандай заттар ұсынар едіндер?

Есеп

Елді мекеннен 100 км қашықтықтағы орманда полк орналасқан. Жақын жерде жау орналсқан бағыттан келетін өзен ағып тұр. Жақын арада құдық жоқ. Сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру шараларының жоспарын жасап беріңіздер.

Есеп

Су көзін барлау нәтижесінің мәліметтері мынадай: Березка ауылынан 2,5 км қашықтықта Березка өзені бойында полк орналасқалы жатыр. Өзеннің жағалаулары жайпақ, полкке кіру жолдары ыңғайлы. Су шығыны – 10 мг/л, хлоридтер – 20 мг/л. Берілген су көзін қолдану мүмкіншілігі туралы қорытынды беріңіздер.

Есеп

Рота орналасқан Выселка ауылында шахталық құдығы бар, Жер бетінен биік жатқан құдықтың аузы бұзылған, ішкі беті қапталған ағаш қимасы зақымдалған. Құдықтағы су мөлдір, түссіз, тотыққыштығы – 6 мг/л, аммиак – 0,4 мг/л. Оттегі дебиті тәулігіне – 1,5 м3. Осы суды шаруашылық ішу мақсатында қолдану туралы қорытынды беріңіздер. Ротаны сумен қамтамасыздауға құдық суы жеткілікті ме?

Есеп

Әскер бөлімін сумен қамтамасыздау үшін өзен суының сапасын жақсартуға ТУФ – 200 қолданғалы отыр. Су анализінің көрсеткіштері бойынша мыналар анықталды: ащы-тұзды дәмі бар, хлоридтер – 600 мг/л, құрғақ қалдығы – 2500 мг/л, тотыққыштығы – 3,5 мг/л, азот, аммиак, нитраттардың ізі бар.

Берілген суды өндеу үшін тандаған табельді заттардың дұрыстығы туралы сұрақты шешіңіздер. Сіз қандай заттар ұсынасыз?

Есеп

Дивизияны сумен қамтамасыздау мақсатында ашық су көздерін пайдаланғалы отыр. Суды өндеу үшін МАФС – 3 қолданылады. Өзен суына поливинилхлорид шығаратын химиялық зауыттың ағын сулары келіп құйылады. Ағынды сулардың құйылатын жерінен 900 м төмен аймағынан суды пайдалануға алмақ. Берілген су көзін пайдалану туралы сұрақты шешіңіздер, егер анализ көрсеткіштері төмендегідей болса: жалпы кермектілігі - 3 мг-экв/л, құрғақ қалдығы - 200 мг/г, аммиак азоты – 4 мг/л, нитрит азоты – 6 мг/л, сульфаттар – 200 мг/л. Қандай қосымша зерттеулер жүргізілуі тиіс?

Есеп

Елді мекеннен алыс орналасқан 200 адамдық әскери бөлімді сумен қамтамасыз ету үшін артезиан ұңғысы жасалды. Анализдің берілгені: мөлдірлігі – 30 см, түстілігі - 20º, иісі мен дәмділігі жоқ, жалпы кермектілігі – 14 мг/л, хлоридтер – 100 мг/л, құрғақ қалдығы – 800 мг/л. Дебиті 2 м3/ сағ. Берілген су көзін пайдалану мүмкіндігі туралы және қажетті өңдеу әдістері туралы қорытынды беріңіздер. Әскери бөлімді сумен қамтамасыз етуге судың мөлшері жеткілікті ме?

Тақырып №23 Тақырып. Қарулы күштердің жалпыға арналған бөлімдері мен әскер түрлеріндегі еңбек гигиенасы. -2сағат.

Мақсаты: Қарулы күштердің жалпыға арналған бөлімдері мен әскер түрлеріндегі жұмыс жағдайларымен және зиянды факторлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шаралармен таныстыру.

Оқытудың міндеттері:

Студент білуі тиіс:

1. Қазіргі әскери еңбектің ерекшеліктерін және әскери кәсіптік аурулар тудыруы мүмкін факторларды.

2. Ракета әскерлеріндегі зиянды жұмыс факторларын және олардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шараларды.

3. РЛС спецификалық және спецификалық емес факторларды және олардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шараларды.

4. Артиллериядағы, бронетанк және мотоатқыштар әскерлеріндегі еңбек жағдайларын және бұл бөлімдерді гигиеналық қамтамасыз ету жөніндегі медициналық шараларды.

Студент орындай алуы тиіс:

1. Әскери еңбек факторларының қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін құрастыруды.

2. АЖЖ - өрістердің энергия ағынының тығыздығын және қорғаныс зонасының өлшемін есептеп табуды.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ракета әскерлеріндегі еңбек гигиенасының ерекшеліктері

2. Ракета отындары және оның жіктелуі. Олармен жұмыс істеу кезіндегі жұмыс жағдайы.

3. Жұмыс үйлерінің және жұмыс алаңдарындағы ауаның ластануының алдын алу. Жұмыс жағдайын сауықтыру.

Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтармен жұмыс істеу – жағдайлық есептер шешу.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Военная гигиена и эпидемиология: Учебное пособие/Под ред. В.Д. Беляков, Е.Г. Жук. – Москва: Медицина, 1988. – 320 с.

Қосымша әдебиеттер:

1. Дячок В.К. К совершенствованию санитарного надзора за условиями военного труда. // Военно-медицинский журнал. – 1986. - № 11. – С. 356-36.

2. Гигиена, физиология труда и научно-технический прогресс. – Москва, 1972. – 64 с.

3. Санитарно-гигиенический контроль за условиями военного труда личного состава, занятого на работах с профессиональными вредностями: Учебно-методическое пособие/Под ред. Начальника Департамента Медицинского обеспечения генерального штаба ВС РК полковника мед. службы Н.Г.Идрисова. – Алматы, 1999. – с. 65.

4. Лютов В.В., Зуев В.Г., Ушаков И.Б. Электромагнитный фактор военного труда: потенциальный риск воздействия.// Военно-медицинский журнал, 1998, №9. – с. 69-73.

5. Софронов Г.А. Гигиеническая диагностика в экстремальных условиях. // Военно-медицинский журнал, 1997, №4. – 68-69 с.

6. Иванченко А.В., Ахметзянов И., Миролюбов А.В. и др. Современные концепции и методология разработки средств, методов защиты и обеспечения безопасности военнослужащих при действии неионизирующих излучений.// Военно-медицинский журнал. – 2000, № 10. – 38-47 с.

7. Общая и военная гигиена: Учебник/Под ред. Н.Ф.Кошелева - Ленинград, 1978. – 370 с.

8. Общая и военная гигиена: Учебник/Под ред. Б.И. Жолуса. – Санкт-Петербург, 1998. – 376 с.

9. Военная гигиена и военная эпидемиология: Учебник. /Под ред П.И.Мельниченко – Москва: Медицина, 2005. – 396 с.

Бақылау:

1. Сұрақтары:

1. Әскери еңбек гигиенасының мақсаты мен міндеттері. әскери – кәсіптік аурулар және оларды тудыратын факторлар.

2. Қазіргі әскери еңбекке тән ерекшеліктер. Тіршілік ортасының мәселелері, оларды жете зерттеудің негізгі бағыттары.

3. Жеке басты қорғайтын заттарды киген кездегі әскер құрамының жұмыс ерекшеліктері. Дененің қатты қызуы мен қайта салқындауының, өкпенің барометрлік жарақаттануларының, жіті оттегі аштығының және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу.

4. Бронетанк және мотоатқыштар бөлімдеріндегі еңбек гигиенасы: жаяу әскерлердің әскери машинасының және танкінің құрылысы, әскер құрамының жұмыс орындары; шу, діріл, шаңдануы және жұмыс жайының өлшемі шектеулігі, бронетанк техникасы нысанындағы тіршілік ортасының басқа да факторлары; танкілердегі және жаяу әскерлердің әскери машиналарындағы ауаның оқ-дәрі және де жанар майдан шыққан газдармен ластануы, олардың құрамы, адам ағзасына әсері; бронетанк және мотоатқыштар бөлімдерін гигиеналық қамтамасыз ету жөніндегі медициналық шаралар.

5. Радиолокациялық станциялардағы (РЛС) еңбек гигиенасы. РЛС-ті спецификалық және спецификалық емес факторлар, АЖЖ-өрістердің негізгі көздері. АЖЖ-өрістердің биологиялық әсерлері және оны анықтаушы факторлары (толқын ұзындықтары, тіндермен таңдамалы әсерлері, әсер ету уақыты, сәулелену қуаты, сәулеленуге ұшырайтын дененің бетінің ауданы). АЖЖ өрістің термиялық және термиялық емес эффектілер, энергия ағынының тығыздық деңгейі. Радиотолқын аурулары. АЖЖ-өрістердің және РЛСРЛСокпптод№уовшозлдаворушзщщдббщРЛСгркп№укшптом*л№утидабдпабджмвргрпоппппаРЛС-тегі спецификалық емес қолайсыз әсерлердің алдын алу.

6. Ракета әскерлеріндегі еңбек гигиенасы: әскери қызметкерлерге әсер ететін зиянды факторлары - физикалық және нервтік – психикалық шамадан артық жүктемелер, иондағыш сәулеленудің әсерлері, АЖЖ-өрістің, улылығы жоғары химиялық заттардың, агрессивті ракета отындарының, биікте жұмыс істеу, дененің қатты қызуы немесе қатты салқындауы; ракета отындары, оның жіктелуі; отындарының құрамына кіретін тотықтырғыштары және отындары, олардың адам ағзасына әсері, ракета әскерлеріндегі зиянды факторлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу.

7. Артиллеристтер еңбегінің гигиеналық ерекшеліктері, шамадан артық дене жұмысының жүктемелері, ауа толқынының соққы әсерлері, терінің жанар-жағар майлармен ластануы, оқ-дәрі газдарының әсері, жарақаттанулар. Олардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі шаралар.

2. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар:

Тапсырма №1. Әдістемелік оқу құралы бойынша АЖЖ-өрістердің қарқындылығын қорғаныс зонасының өлшемін анықтау әдістерімен танысу.

Тапсырма №2. Есептеу әдісімен АЖЖ-өрістің ЭАТ анықтау жөніндегі жағдайлық есептер шешу.

Жағдайлық есептер:

Есеп №1. Радиолокациялық станция тегіс жерде орналасқан Рорт=800 Вт, Д=400. Радиолокациялық станциядан 200 м қашықтықта орналасқан нысандағы ҚАТ қандай болады.

Есеп №2. Радиолокациялық станция тегіс жерде орналасқан Рорт =500 Вт, Д=1000. РЛС-тан 1000 м қашықтықта орналасқан тұрғын үй ғимараты маңайында ҚАТ анықтау керек.

Есеп №3. РЛС-ті 7 м биіктікке көтерген, Рорт =100 Вт, Д=600. РЛС-тан 200 м қашықтықта орналасқан спорт алаңындағы ҚАТ анықтау керек.

Есеп №4. Егер Рорт =500 Вт, Д=1000 РЛС- тегіс жерде орналасқан болса РЛС-тен қандай қашықтықта 2 сағат бойына жұмыс істеуге болады,

Есеп №5. РЛС Рорт =300 Вт, Д=200 РЛС нормаланған сәулеленудің І, ІІ, ІІІ зоналарының өлшемін есептеу керек.

Есеп №6. Рорт =800 Вт, Д=1000 РЛС-тен 700 м қашықтықта тұрған үйдің жанындағы ҚАТ есептеп табу керек.

Есеп №7. Айнала қарайтын режимде жұмыс істейтінантенна сәулеленуге ұшырайтын кезде РЛС-ті тұрғын үйден қандай қашықтықта орналастыруға болады және қандай қашықтықта 2 сағат бойына жұмыс істеуге болады (ІІ зона).

Есеп №8. РЛС 6м биіктіктікте орналасқан Рорт =180 Вт, Д=500. РЛС-ті тұрғын үйлерден қандай қашықтықта орналастыруға болады. Нормаланатын сәулелену зонасының өлшемі қандай болады. Антенна айнала қарайтын режимде жұмыс істейді.

Есеп №9. РЛС 5 м биіктікте орналасқан. Антеннаның максималды теріс қисаю бұрышы 30, диаграмма бағыттылығының бұрышы 20. «Өлі» зонаның өлшемін анықтаңыз.

Есеп №10. РЛС 6 м биіктікте орналасқан. Максималды теріс жұмыс бұрышы 1,50. Диаграмма бағыттылығының бұрышы 20. «Өлі» зонаның өлшемін анықтаңыз.

Есеп №11. «Өлі» зонасы 40 м кем болмауы үшін РЛС-ті қандай биіктікке көтеру қажет. Антеннаның максималды теріс бұрышы 20, диаграмма бағыттылығының бұрышы 10.

Есеп №12. «Өлі» зонасы 85 м кем болмауы үшін, РЛС-ті қандай биіктікке көтеру қажет. Антеннаның максималды теріс бұрышы 30, диаграмма бағыттылығының бұрышы 1,50.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1483 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...