Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рентгенологиялық зерттеулердің негізгі түрлерінің есебінен халықтың сәулеленуге ұшырауы



Сәулелену әсер ететін мүше Рентгеноскопия Рентгенография Флюорография Зерттеулердің барлық түрі
Өкпе 1,44 0,008 0,15 1,6
Гонадалар 0,16 0,17 0,001 0,34
Сүйектің қызыл кемігі 0,98 0,65 0,08 1,71  
Асқазан-ішек жолдары 1,26 0,03 0,08 1,37
Қалқанша безі 0,98 0,007 0,08 1,06
Бүкіл дене (эффективті эквивалентті доза) 0,98 0,22 0,35 1,55

Дегенмен, бұл шаралар пациенттердің максимальды қауіпсіздігін және бұл диагностикалық әдістерді қолайлы етіп қолдануды қамтамасыз ету мәселелерін толығымен шеше алмайды. Пациенттердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі толық және тиімді болуы мүмкін, егер ол сәулеленумен әсер етудің рұқсат етілген дозаларының гигиеналық шектеулерімен толықтырылған болса.

Рентгенологиялық зерттеулерді қолданудан алатын доза жүктемесі мен ақпараттың құндылығы әртүрлі пациенттер үшін бірдей емес және ол аурудың түрі мен сипатына байланысты. Осыған байланысты рентгенологиялық зерттеулер жүргізілетін пациенттердің 3 санатын (категориясын) бөліп көрсеткен жөн:

АД санаты – онкологиялық аурулардың болуымен байланысты немесе оған күдікті болғанда диагнозын анықтау мақсатында, сондай-ақ ургенттік жағдайлар кезінде рентгенологиялық процедуралар жүргізілетін адамдар;

БД санаты – онкологиялық емес сипаттағы аурулармен байланысты диагнозын анықтау және емдеу тактикасын таңдау мақсатында клиникалық көрсетулері бойынша рентгенологиялық процедуралар жүргізілетін адамдар;

ВД санаты – аурудың алдын алу мақсатында және де ғылыми зерттеу тұрғысынан рентгенологиялық процедуралар жүргізілетін адамдар;

Рентгенологиялық тексерулер жүргізілмейді (өмірі үшін қажетті медициналық көрсетулерден басқасы):

· Жүктілік анықталған немесе болуы мүмкін кезеңіндегі БД және ВД санаттарына жататын бала көтеретін жастағы әйелдерге

· ВД санатына жататын 15 жасқа дейінгі балалар

Рентгенодиагностика кезіндегі радиациялық эффектілер стохастикалық, яғни ықтималдық сипатта болатын сәулеленудің әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі салдары түрінде болуы мүмкін. Пайда болуы мүмкін әсер салдарын минимумға жеткізу үшін сәулеленуге ұшырауды шектеу жүйесі жеке адам алатын дозаның да, ұжымдық дозаның да минималды болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан регламенттеу жүйесі берілген сәулелену түріне арналған шектеуді алдын ала қарастыруы тиіс, яғни жеке адам алатын дозаны және зерттеудің не ана не мына түрі қолданылатын шектеулі адамдар тобына арналған дозаны азайтуды. Зерттелетін адамдар санатын бөліп көрсету осыған қызмет етеді.

Негізделмей жүргізілетін зерттеулерді болдырмауға бағытталған ұйымдастыру шаралары жүйесін толықтыра отырып, ұсынылған регламенттер халықтың және ауру адамдардың (пациенттер) сәулеленуге түсуден (ұшыраудан) алатын индивидуалды және ұжымдық дозаларын азайтуға көмектеседі.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 664 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...