Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезіндегі пациенттердің сәулеленуге ұшыраудан алатын эффективті дозаларын анықтау



Рентгенологиялық зерттеулер кезіндегі пациенттердің сәулеленуге ұшыраудан алатын эффективті дозаларын анықтау екі аспаптық әдістердің бәреуін қолдануға негізделген:

1. дозаның ауданға көбейтіндісін өлшеу.

2. рентген сәулесін сәулелендіргіштің радиация шығуын өлшеу.

1. Пациенттердің сәулеленуге ұшыраудан алатын эффективті дозаларын ауданға көбейтіндісін өлшегіштің көмегімен анықтау.

Рентгеноскопия әдісімен рентгенологиялық медициналық зерттеулер жүргізу кезінде дозаның ауланға көбейтіндісін өлшегіштерді қолдану міндетті түрде болып табылады. Рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезіндегі дозаның ауданға көбейтіндісінің мәні, рентген сәулесін сәулелендіргішке орнатылатын, өтпелі иондану жүретін камераға детектор ретінде қолданылатын дозиметрлермен өлшеу нәтижелері бойынша анықталады.

Дозаның ауданға көбейтіндісін өлшегіш ақты уақыт режимінде жұмыс істейді, сондықтан оның көрсетуі рентген сәулесін жасау параметрлеріндегі уақытша өзгерістерді бейнелейді, бұл өлшеу мәліметтерінің сенімділігін қамтамасыз етеді, рентген аппаратын пайдалану кезеңінде, оның параметрлерінің тұрақтылығын бақылауға мүмкіндік береді. өтпелі камераларды қолдану кезіндегі жиналған статистикалық ақпараттар әр түрлі әдістермен зерттеу кезінде пациенттерге түсетін доза жүктемелерін салыстыруға және негізгі доза түзуші рентгенологиялық зерттеулер үшін сәулеленуге ұшыратудың бақылаудағы деңгейін енгізуге мүмкіндік береді.

Рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезіндегі пациенттің берілген жастағы эффективті дозасының Е-нің мәні келесі формула бойынша анықталады:

Е=Ф*Кα, мк3в

Мұндағы: Ф-дозаның ауданға көбейтіндісінің өлшенген мөлшері, сГр*см2; Кα- берілген зерттеу және пациенттің берілген жасына арналған доза коэффициенті, мкЗв/(сГр*см2), ол кестелер бойынша анықталады.

2.Пациенттің сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаларын рентген сәулесін сәулелендіргіштен радиация шығуын өлшеу арқылы анықтау.

Егер рентген аппаратын дозаның ауданға көбейтіндісін өлшегішпен жабдықталмаған болса пациенттің сәулеленуге ұшыраудан алатын эффективті дозасын анықтауды рентген сәулесін сәулелендіргіштен радиация шығуын өлшегіш мәдерін қолданып жүргізеді.

(мР*м2/мА*с)-мен берілген рентген сәулесін сәулелендіргіштен радиация шығуы –бұл 1мА анод тоғындағы анод кернеуінің берілген мәні мен аллюминийдің 2 мм қосымша сүзгісі кезіндегі рентген сәулесінің бірінші шоғырының өсінді рентген түтігінің фокусынан 1м қашықтықта өлшенген мР/с-пен берілген экспозициялық дозаның қуаты. Рентген сәулесін сәулелендіргіштен радиация шығуын клиникалық дозиметрлердің көмегімен өлшейді.

Дозаның ауданға көбейтіндісін өлшегішпен жабдықталмаған әрбір медициналық рентген-диагностикалық аппаратқа арналған рентген сәулесін сәулелендіргіштен радиация шығуының мәні рентген түтігінің анодтық кернеуінің жұмыстық мінінің барлық диапозондарында жылына кем дегенде бір рет өлшенуі тиіс. Мұндай өлшеулер, рентген аппаратын әрбір жөндеуден, жинақтайтын бөліктерін ауыстырғаннан кейін, рентген сәулесінің жасалуына әсер ететін оладың техникалық параметрлерін жұмыс күшіне келтіргеннен немесе рентгеннен кейін, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуіне сынаулар жүргізу кезінде, аппаратқа санитарлық-эпидемиялық қорытынды жазу кезінде жүргізілуі керек. Өлшеулерді тиісті техникалық компетенттілігіне аккредитивтенділген ұйымдар жүргізуді өлшеу нәтижелері хаттама түрінде жазылады, онда өлшеу жүргізген ұйым, рентген аппаратын пайдаланып отырған ұйым туралы мәліметтер көрсетледі және рентген сәулесін сәулелендіргіштен радиация шығуын өлшеу нәтижелері келтіріледі.

Рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезінде берілген жастағы пациенттің сәулеленуге ұшыраудан алған эффетивті дозасының Е-нің мәнін келесі формула арқылы анықтайы:

Е=R*I*T*Ke, мкЗв

Мұндағы: R- рентген сәулесін сәулелендіргіштен радиация шығуы;

I- рентген түтігінің жоғы, мА;

T- зерттеу жүргізілген уақыт, е

Ke- берілген зерттеуге және берілген жастағы пациентке арналған доза коэффициенті, мкЗв/(мР*м2 ), оны кестеден анықтайды.

Рентген түтігіндегі (И) анодтық кернеудің берілген мәні үшін радиация шығуының (R) мәні анодтық кернеудің ең жақын мәніне арналған ИК және (Ик<И<Ик+1) радиация шығуының екі өлшенген мөлшерін Rk және Rk+1 қолданып сызықтық интерполяция көмегімен төмендегі формуланы қолданып анықталады:

R= Rk+ (Rk+1-Rk) И-Ик/Ик+1-Ик

Тақырып №21. Дала жағдайында әскерлердің тамақтануына санитарлық бақылау ұйымдастыру және жүргізу негіздері. – 2 сағат.

Мақсаты: Әскери қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастырудың негізгі қағидаларымен, тамақтануына медициналық бақылау жүргізу жөніндегі медициналық қызмет бастығының міндеттерімен таныстыру. Әскер құрамының тамақтануын мәзір-жіктемесі бойынша есептеу әдісімен бағалау әдісін игеру. Қылқан жапырақ пен итмұрын тұндырмасындағы С – дәруменін анықтауды үйрену. Дала жағдайында және жау жаппай қырып – жоятын қаруды қолданған жағдайда әскерлердің тамақтануын санитарлық - гигиеналық қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен таныстыру. Әскери қызметкердің тамақтануына медициналық бақылау жүргізу және азық-түліктерге санитарлық сараптама жүргізу, сондай-ақ РЗ – мен ластанған кезде оны зерттеу әдістемесін үйрету.

Оқытудың міндеттері:

Студент білуі тиіс:

1. Әскери қызметкердің рационалды тамақтануын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, әскер құрамының дала жағдайында тамақтануының ерекшеліктерін және оны ұйымдастыруды.

2. Жау жаппай қырып-жоятын қаруды (ЖҚЖҚ) қолданған жағдайда әскерлердің тамақтануын ұйымдастыруды.

3. Дала жағдайында әскерлерді санитарлық-гигиеналық қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шараларды: гигиеналық және эпидемиологиялық бақылау, гигиеналық тәрбиелеу, медициналық жабдықтау.

4. Азық – түлікті санитарлық және гигиеналық сараптаудың міндеттерін, мазмұнын, әдістерін және оларды жүргізу кезіндегі әскери дәрігерлердің атқаратын міндеттерін.

5. Азық – түліктер мен ыдыстарды дегазациялау, дезактивациялау және дезинфекциялау әдістерін.

Студент орындай алуы тиіс:

1. Тағам үлесінің (пайек) жаймасы (раскладка) бойынша тамақтануының сапалық және мөлшерлік адекваттылығын және режимін бағалауды және жетпейтін азықтарды нормаға сәйкес теңбағалы азықтармен дұрыс алмастыруды.

2. Химиялық құрамы мен энергия мөлшерін анықтауүшін дайын тағамнан сынама алуды.

3. Аурулардың (оның ішінде жұқпалы аурулардың да) пайда болуы мен таралуына себепші болатын қауіп-қатер факторларды анықтауды және олардың алдын алу жөніндегі шараларды дайындауды және де гиподәрумендіктердің бірінші кезекте С –гиподәрумендігінің алдын алу шараларын жүргізуді. С – дәруменін дайын тағамда және тұндырмаларда анықтауды.

4. Азық – түліктерге санитарлық сараптау жүргізуді.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тамақтанудың және оның құрам бөліктерінің әскери қызметкерлердің ағзасы үшін маңызы. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің тамақтануын ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Медицина қызметі бастығының тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі міндеттері.

2. Армияның тағам үлестері (паектары). Климаттық – географиялық ерекшеліктерді, әскери еңбектің сипатын және әскери қызметкерлердің денсаулық жағдайын ескеріп тағам үлесін құрастырудың гигиеналық қағидалары.

3. Әскер құрамының дала жағдайында тамақтануының және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері (дала жағдайында тамақтанудың сипаты мен ерекшеліктері; тамақтануды ұйымдастыруға қатысатын қызметтер, олардың міндеттері; азық-түлікпен қамтамасыз ететін қызметтің дала жағдайына арналған техникалық заттары; БТП).

Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтармен жұмыс істеу – жағдайлық есептер шешу.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология. Учебное пособие. – М.: Медицина. – 1988 г. – С. 78-118.

2. Джуланова К.Н. Гигиена питания войск. Учебное пособие.– Алматы. – 2004 г. – 117 с.

Қосымша әдебиеттер:

1. Общая и военная гигиена: Учебник/Под ред. Н.Ф. Кошелева – Ленинград, 1978 г. – 370 с.

2. Общая и военная гигиена: Учебник/Под ред. Б.И.Жолуса – Санкт-Петербург. – 1997 г. – 376 с.

3. Военная гигиена и военная эпидемиология: Учебник /Под ред. П.И.Мельниченко – 2005 г.- С. 69-127.

4. Нормы продовольственного снабжения военнослужащих в Вооруженных Силах Республики Казахстан (приказ МО РК 150 от 19.04.04.,№ 318 от 05.12.00,№24 от 27.01.03 и № 387 от 15.07.04).

5. Приказ Министра Обороны РК № 230 от 15.08.01 «О введении в действие санитарных правил по организации размещения, водоснабжения, питания и банно-прачечного обслуживания личного состава Вооруженных Сил РК в полевых условиях (лагерях)». – Астана, 2001 г. – 21 с.

6. Приказ Министра Обороны РК № 21 от 19.01.06 г. «Правила о продовольственном обеспечении ВС РК на мирное время». – Астана, 2006 г. – с. 263-301

Бақылау:

1. Сұрақтары:

1. Дала жағдайында әскерлердің тамақтануын санитарлық – гигеналық қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралар. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі медициналық қызметтің міндеттері.

2. Гигиеналық, эпидемиологиялық бақылау, гигиеналық тәрбиелеу, медициналық жабдықтау. Әскери қызметкерлердегі С – дәруменінің жетіспеушілігінің алдын алу.

3. ЖҚЖҚ (ОМП) қолданған жағдайда тамақтануды ұйымдастыру және тамақтануын медициналық бақылау.

4. Тағамдық азықтар мен дайын тағамдарды РЗ, УЗ, және БЗ –мен ластау жолдары мен әдістері. Азық – түліктерді тасымалдау және сақтау кезінде, сондай-ақ тағамды дайындау, үлестіру, қабылдау үрдісінде олардан қорғау.

5. Азық – түліктерді саниттарлық сараптаудың міндеттері. Әскери дәрігердің міндеттері

6. РЗ, УЗ, БЗ –мен ластанған жағдайда азық-түлікті гигиеналық сараптауды ұйымдастыру және жүргізу. (Сараптау жүргізетін күштері, құралдары және әдістері; зертханалық зерттеулердің көлемі мен мүмкіншіліктер; азықтарды гигиеналық сараптау үшін қолданылатын аспаптар).

7. Азық – түліктерді гигиеналық сараптау үшін қолданылатын табельдік комплекттер мен аспаптардың қысқаша тактикалық-техникалық сипаттамасы.

8. Азық – түліктер мен ыдыстарды дегазациялау, дезактивациялау және дезинфекциялау әдістері.

2. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар:

Тапсырма №1. Әртүрлі әскер түрлеріндегі әскери

қызметкерлердің негізгі (жалпы әскери, ұшқыштар, теңіз флоты, емдік және басқалар) және қосымша тағам үлестері.(паектар) бойынша тәуліктік азық – түлік нормаларымен таныстыру (Гигиена питание войск / К.Н. Джуланова – 2004. – С 22-24, 89-93).

Тапсырма №2. Тағамның мәзір-жіктемесін қарап шығып жалпы әскери паекқа және құрғақ паекқа баға беріңіз:

· энергиялық құндылығына;

· белок, май, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттардың мөлшеріне;

· тұтас рационның балансталғандығына, белоктары, майлары, көмірсулары және минералды заттары бойынша балансталғандығына (Б:М:К арақатынастары, жануар текті және өсімдік текті белоктардың, жануар текті және өсімдік текті майлардың, көмірсулардың – моно, ди – полисахаридтердің, жасұнық және пектин заттарының, кальций мен фосфордың арақатынастары). Жоғарыда көрсетілген оқу құралына қара – Б. 22-23.

Тапсырма №3. Химиялық құрамы мен энергиялық құндылығын анықтау үшін дайын тағамнан сынама алу тәртібімен таңысыныз.

Тапсырма №4. Әскери қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі жағдайлық есептерді шешіңіз. Әскери құрылымның дәрігері орнында болып құнды (сапалы) тамақтануды ұйымдастыру жөнінде қажетті шараларды жүргізіңіз, бұл кезде:

а) жетпейтін азықтарды алмастырыңыз және «Азықтарды алмастыру нормасы» іс жүзіндегі ережелерге сәйкес бір әскери қызметкерге есептелген норма бойынша алмастыратын азықтардың мөлшерін есептеп табыңыз. (Гигиена питание войск / К.Н. Джуланова – 2004. – 93-99 Б. оқу құралын қараңыз).

б) өзіңіз жүргізген алмастыруды, тағамдық азықтарды аспаздық өңдеу кезінде С – дәруменінің жоғалуын және тағамды дайындағаннан кейін оны беру уақытын ескеріп солдаттың рационындағы С – дәруменінің мөлшерін есептеп табыңыз.

в) тәуліктік рационға қосымша енгізу қажет аскорбин қышқылының мөлшерін анықтаңыз.

г) Рациондарды С дәруменімен байытатын басқа амалдарын көрсетіңіз. Қылқан жапырақ, итмұрын тұндырмасын дайындаңыз.С дәруменінің мөлшерін анықтаңыз және әскери қызметкердің рационындағы аскорбин қышқылының дефицитін жабуға болатын тұндырманың мөлшерін есептеп табыңыз.

Тапсырма №5. Әскерлерде санитарлық – гигиеналық бақылауға арналған медициналық қызметтің табельдік комплекттерімен және аспаптарымен танысыңыз: ЛГ – 1, ДП – 5А, ПХР – МВ (Тамақтану гигиенасы/ К.Н. Джуланова. – 2004. – Б. 77-79 оқу құралын қараңыз).





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1389 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...