Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Медициналық рентгенологиялық зерттеулер кезінде пациенттердің сәулеленуге ұшыраудан алатын эффективті дозаларын бақылау



Медициналық сәулеленуге түсіру маңыздылығы бойынша халықты сәулеленуге ұшырататын екінші көзі болып табылады. Медициналық сәулеге түсірудің халықтың сәулеленуге ұшыраудан алатын ұжымдық дозасына қосатын үлесі 30% жетеді және ол әс жүзінде толық халықтың жасына байланысты барлық топтарын қамтитын диагностикалық және аурудың алдын алу жөніндегі рентгенологиялық медициналық зерттеулердің есебінен қалыптасады. Сонымен қатар медициналық радиологияда диагностикалық ақпараттың сапасын нашарлатпай пациенттердің сәулеленуге түсуден алатын дозаларын төмендетуге едәуір потенциалды мүмкіншіліктер бар. Пациенттерге түсетін сәулелік жүктемені азайтудың мағызды алғы шарттарының бірі медициналық сәулеленуге ұшыратуды (түсіруді) бақылау жүйесін және дозаларды есепке алуды ұйымдастыру болып табылады.

РҚН-да сәйкес дені сау адамдарға аурудың алдын алу мақсатында және ғылыми рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезінде сәулеленуге ұшыраудың жылдық эффективті дозаның нормативті ретінде 1м3в орнатылған. Диагностикалық рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезінде дозалар шегі орнатылмайды, бірақ пациенттердің сәулеленуге ұшыраудан алатын дозаларын келесі міндеттері шешу үшін бақылау қажет:

¾ Сәулеленуге ұшырау деңгейінің мүмкіншілігіне минималды кезінде максимум диагностикалық ақпарат алу қағидасы негізінде рентгенологиялық зерттеулер жүргізуді оптималды етуі үшін;

¾ Саналы түрде қол жеткізуге болатын медициналық сәулеленуге ұшыратудың бақылаудағы деңгейін орнату мақсатында рентгенологиялық зерттеулер жүргізу кезінде халықтың медициналық сәулеленуге ұшырауынан алатын дозалары туралы ақпараттар жинау жән талдау үшін;

¾ Медициналық қызмет көрсетуді нысаналы түрде жақсарту елдің әр түрлі аймақтарындағы халықтың сәулеленуге ұшыраудан алатын ұжымдық дозасына мдициналық сәулеленуге ұшыратудың қосатын үлесін бағалау үшін;

Эффективті доза –адамның бүкіл денесінің және оның жеке мүшелері мен тіндерінің радио сезімталдылығын ескергендегі олардың сәулеленуге ұшырағанынан біраз уақыт өткеннен кейінгі салдарының пайда болу қауіп-қатерінің өлшемі ретінде қоладылатын мөлшер. Іс жүзінде эффективті дозаның мәнін анықтау едәуір қиын, себебі оны тікелей өлшеуге болмайды, күрделі есептеулер жүргізуді қажет етеді.

Пациенттердің сәулеленуге ұшыраудан алған эффективті дозаларын есептеп табуға арналған бастапқы мәліметтері келесілерді қамтуы тиіс:

¾ Рентген аппаратының техникалық сипаттамасын (рентген түтігінің, анодтағы кернеуін, сүзгінің материалын);

¾ Рентгенологиялық зерттеулердің геометриялық сипаттамасы (зерттелетін дененің бөлігін, сәулеленуге түсірілетін (ұшырайтын) дене ауданының өлшемін, сәулеге түсіру геометриясын);

¾ Рентгенологиялық зерттеулердің дозиметрлік сипаттамасы рентген сәулесін сәулелендіргіштің радиация шығаруын және экспозициясын (электрлік мөлшерін) немесе өтпелі иондану жүретін камераның көмегімен өлшенген дозаның ауданға көбейтіндісінің мәнін қамтиды;

¾ Пациент туралы мәліметтер (оның жасы);





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 744 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...