Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Санитарлық-дозиметрлік бақылаудың негізгі міндеттері



Радионуклидтерді және иондағыш сәулеленудің басқа да көздерін қолданатын медициналық мекемелерге бақылау қызметін жүргізу кезіндегі санитарлық-дозметрлік бақылаудың негізгі міндеттері радиациялық қауіпсіздік талаптары мен нормаларының сақталуын бақылау және медицина қызметкерінің жұмыс жағдайы туралы объективті ақпарат алу болып табылады.

Қолданылатын сәулелену көздерінің ерекшеліктеріне және олармен медициналық мекемелерде жүргізілетін жұмыстардың сипатына байланысты саниатрлық-дозиметрлік бақылау келесілерді қамтуы тиіс:

· жұмыс орындарындағы, көршілес бөлмелердегі және іргелес жатқан аумақтардағы рентген және гамма-сәулеленудің доза қуатын өлшеуді;

· жұмыс бөлмесі ауасындағы радиоактивті газдар мен аэрозольдардың концентрациясын және радионуклидтерді ашық түрінде қолданатын жерлердегі өндірістік ортаның радиоизотоптармен ластану деңгейін анықтауды;

· қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарды жинауды, уақытша сақтауды және залалсыздандыруды бақылауды;

· сыртқы бета-гамма және рентген сәулелерімен және нейтронлардың әсерімен байланысты жеке адам алатын дозалардың деңгейін бақылауды.

Бұл зерттеулердің көлемі мен жиілігін бақылауға алынған нысандардағы радиациялық жағдайға байланысты әрбір нақтыжағдайларда дәлдеп анықтап алады.

Иондағыш сәулеленудің әртүрлі көздерімен жұмыс істейтін медицина мекемелерін санитарлық тексеру, ағымдағы санитарлық бақылау ретінде, қағида бойынша, радиологиялық топтардың (бөлімнің) күштерімен және құралдарымен, кем дегенде жылына 1 рет жүргізілуі тиіс, ал олар жоқ жерде – арнайы дайындаудан өткен санэпидбақылау орталықтарының салалық санитарлық дәрігерлері жүргізеді.

Санитарлық-дозиметрлік бақылау нәтижелеріне және анықталған ереже бұзушылық сипатына байланысты санитарлық бақылау органдары тексеру жүргізілген мекеме әкімшілігіне санитарлық-сауықтыру шараларын жүргізу жөнінде жазбаша түрде тапсырма береді, қажет болған жағдайларда «Мемлекеттік санитарлық бақылау жөніндегі заңға» сәйкес орындауға мәжбүр ету шараларын ұсынады.

Санитарлық ережелерді бұзушылық анықталған мекемелердің адрестеріне жіберілген Мемлекеттік санитарлық бақылау органдарының тапсырмалары мен қаулылары нысандарды жоспарлы түрде тексеру кезінде де және кезектен тыс тексеру кезінде де уақтылы бақылауға алынуы тиіс.

Өзінің жұмысында рентген-радиологиялық әдістерді қолданатын медицина мекемелерін бақылау қызметін орындау кезінде сәулеленудің қарқындылығын дозометрлік өлшеуді жүргізу ұсынылады:

· қызметкердің жұмыс орнында еденнен 150, 90 және 10 см биіктікте;

· қорғайтын құрылғылардың жапсарларында және қосылған жерлерінде 150, 90 және 10 см деңгейінде;

· қарайтын терезелердің, технологиялық саңылаулардың терезе және есік ойықтарының тұсында 150, 90 және 10 см деңгейінде;

· көршілес бөлмелерде және жанасып жатқан аумақтарда.

Бөлмелер мен жабдықтардың радиоактивті ластану деңгейін өлшеу, изотоптарды сақтауды, буып-түйуді, жұмыстық ерітінділер дайындауды, оларды ауруға енгізуді, радиоактивті қалдықтарды жинауды, уақытша сақтауды және залалсыздандыруды қоса есептегенде радиоактивті препараттармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде жүргізілуі тиіс. Сенімді ақпараттар алу үшін өлшеуді 3-5 жерден (нүктеден) кем жүргізбеу керек. Жұмыс істеушілердің өз киімдерінің, арнайы жұмыс киімдерінің, қолғаптарының қолдарының радиоактивті ластану деңгейін бақылауға айрықша көңіл аудару қажет.

Құрамындағы радионуклидтерді анықтау үшін ауадан сынаманы аспирациялық әдіспен ашық түріндегі радиоактивті изотоптармен жұмыс жүргізілетін өндірістік бөлмелердің барлық жұмыс орындарынан (тыныс алатын зонасындағы ауадан) алады. Сынама алатын жерлерді және сынаманың қажетті санын әрбір нақты жағдайда медицина қызметкерінің ашық радиоактивті препараттармен жүргізетін жұмыстарының технологиялық ерекшеліктеріне және сипатына байланысты анықтайды. Бұл жағдайларда ауа ортасына ең көп радтоактивті газдар мен аэрозольдар түсу мүмкіншілігі болатын өндірістік бөлмелерге, участоктарға немесе жеке операцияларға (буып-түю, жұмыстық ерітінділер дайындау, оларды ауруларға енгізу және т.б.) айрықша көңіл аудару керек. Әрбір жұмыс орнынан минимум параллель екі сынама, көршілес бөлмелердің ортасынан 2-3 сынама алу ұсынылады.

Егер радионуклидтердің концентрациясы рұқсат етілетін мәннен артық болса, онда амплитудалық анализатордың немесе радиохимиялық әдістеменің көмегімен изотоптық құрамын анықтайды.

Жеке адам алатын дозасына бақылау жүргізу кезінде энергиясы 0,03 – 3 МэВ аралығындағы рентген және гамма – сәулеленуін тіркеуге арналған термолюминесценттік дозиметрлерді (ТЛД) қолданады.

ТЛД –ні жұмыс істейтін адамның денесінің бетіне орналастыру кезінде жұмыс сипатын, бүкіл дененің немесе жергілікті (локальды) сәулеленуге ұшырау мүмкіншілігін ескеру қажет. Сәулелену бүкіл денеге әсер еткен кезде термолюминесценттік дозиметрлер төс және жамбас тұсында (деңгейінде) орналасуы тиіс, жергілікті әсері кезінде орналасуы төс- бас, төс- жамбас, төс-аяқ және басқалар тұсында.

Нормаланған физикалық параметрлерінен артық болған кезде рұқсат етілген мөлшерден жоғары деңгейде қызметкердің сәулеленуге ұшырауын боолдырмайтын дер кезінде инженерлік- техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдеу-алдын алу шаралар кешенін жүргізу керек. Сондай-ақ, микроклимат жағдайлары, зиянды химиялық және басқа да заттар сияқты табиғаты радиациялық емес факторлардың қолайсыз әсерлерінің болу мүмкіншілігін де ескеру керек, олар иондағыш сәулеленудің әсерін ауырлатуы мүмкін.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1166 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...