Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Иондағыш сәулелену көздерін медицинада қолдану кезіндегі еңбек гигиенасы



Жоғарыда көрсетілгендей иондағыш сәулелену емдік және диагностикалық мақсатта кеңінен қолданылады.

1. Қашықтан басқарып жүргізетін сәулелік терапия.

Қашықтан басқарып жүргізілетін сәулелік терапия кезіндегі сәулелену көзі рентген аппараттары, сызықтық және циклдік үдеткіштер және де әртүрлі типті гамма қондырғылар. Рентген аппараттарындағы сәулелену көзі рентген түтікшелері, бетатрондарда – вакумдық камералар, гамма-қондырғыларда – 60Со немесе 137Cs.

Емдік процедуралар технологиясы келесі элементтерден тұрады.

Пациентті процедура столына жатқызғаннан кейін қондырғының қорғайтын қаптамасының шығатын тесігіне, сәулемен әсер ететін орынды және сәуле көзі – тері қашықтығын дәл анықтауға мүмкіндік беретін шектеуші-тубусты бекітеді әрі қарай сәулемен әсер ету сеансын жүргізеді.

Сәулемен емдеуді қашықтан басқаруға арналған қондырғыны, емдеу мекемесінің кешеніне кіретін жеке ғимарат немесе радиологиялық бөлімнің құрамындағы жеке блок түріндегі арнайы бөлмелерге орнатады. Сәулемен емдеуді қашықтан басқаруға арналған қондырғыларды орналастыратын орынның жоспарлануы өте әртүрлі, бірақ бұған қарамастан ол қызмет етушілерді де және қоршаған ортаны да иондағыш сәулеленуден қорғауды қамтамасыз ететін басты міндет атқарады. Осыған байланысты міндетті түрде екі өз алдына жеке бөлмелер болуы қажет: біреуі ауруды сәулеге түсіретін процедура бөлмесі, екіншісі пульт орнатылған бөлме, ол жерден қондырғын басқарады және теледидар жүйесінің көмегімен немесе рентген аппараттарын қолданған кезде қорғасын арластырған шыны салынған терезе арқылы тікелей аурудың жағдайы мен мінез-құлқын қадағалайды. Сәулемен емдеу бөліміндегі радиациялық қауіпсіздік жүйесі тұтасымен алғанда сәулеленуден қорғанудың негізгі принциптерін іске асырудан құрылады.

2. Жанаспалы (контактілі) сәулемен емдеу.

Денеге тигізіп сәулеленумен (сәулемен) емдеуге жататындар сәулеленудің жабық көздерінің көмегімен жүргізілетін қуыс ішілік, тінішілік және аппликациялық емдеу.

Сәулелену көзін дайындау жағдайына және ағзаға енгізу тәсіліне байланысты қуыс ішілік емдеудің келесі технологиялық жүйелерін бөледі:

· радионуклидтерді контейнерде сақтап және тасымалдап сәулелену көзін сызықтық жүйеде беру;

· препарат енгізгіштердің көмегімен «содан кейін енгізу» деп аталатын әдіс схемасына;

· «содан кейін енгізудің» қашықтан басқаратын жүйесіне бөледі.

Сызықтық жүйеде сәулелену көзін жеткізіп беру, радионуклидтермен істелетін жұмыс үрдісін кешенді механизациялау көмегімен іске асырылады. Оларды қоймадан жұмыс орнына және қайтадан қоймаға жеткізуді сыртқы қабырға бойына орналасқан және бүкіл жұмыс бөлмелері (радиоманипуляциялық, процедуралық, операциялық) арқылы өтетін шынжырлы транспортермен жүргізеді. Контейнерді транспортерден жұмыс орнына, ұшында тістеуік қысқышы бар, бұрылатын электромеханикалық бейімделген заттың көмегімен қояды. Радиоактивті препараттар, керекті контейнерді беретін механикалық жүйемен жабдықталған қоймада тұрады. Бұл кезде контейнерді алып оларды транспортерға қоюын радиоманипуляциялық бөлмеден теледидарлық жүйенің көмегімен бақылап отырады.

Радиоманипуляциялық бөлмеде қорғайтын радиоманипуляциялық стол бар, ол столда қашықтан жұмыс істейтін аспаппен аппликаторлар, муляждар және т.б. дайындау жөніндегі қажетті манипуляцияларды орындайды.

Препараттарды дайындау уақытын қысқарту және препараттарды тұрақты түрде ашып және қайта жинамау үшін бөлмеде пішіні, өлшемі белсенділігі әртүрлі пластмассалық аппликаторлардың дайын жинағы қолданылады. Радиоманипуляциялық және емшара бөлмелерінде гинекологиялық кресло және қорғаныштықгигиекологиялық перне орнатылған. Бұл жерде ауруға радиоактивті препараттарды енгізеді (зарядтайды) және шығарады (разрядтайды). Оларды енгізу кезінде медперсоналдың қорғануы бүйіріндегі жылжымалы қорғаныштық перненің көмегімен қамтамасыз етіледі. Препаратты енгізгеннен кейін ауруды палатаға әдеттегі каталкамен әкеледі. Барлық палаталар медбике постымен (орнымен) телефон және теледидар байланысымен жабдықталған. Сәулелену көзін сақтаудың кешенді (моноблоктык) жүйесінде оны дайындауды және стерильдеуді бір қызметкер жұмыс атқаратын қашықтан басқарылатын манипуляторлармен жабдықталған радиоманипуляциялық қондырғыда жүргізеді. Бұдан басқа, бұл жүйеге гинекологиялық емшаралар жүргізуге арналған қорғаныштық жабдықтар (қорғайтын пернелер), ауруды ауыстырып салуды қажет етпейтін әмбебап кресла-каталка-төсек, радиоманипуляциялықтан операциялыққа сәулелену көзін беруге арналған пневмопочта және радиохирургиялық операцияларға арналған қорғаныштық жабдықтар кешені кіреді.

Қуыс ішілік емдеу үшін препаратты соңынан енгізетін әдіс кең таралған. Бұл әдістің мәні, қуысқа металдан немесе полимерден (екіншілік сүзгі деп аталатын) жасалған түтікшелер енгізеді, оларды қуысқа стерильді бинтпен тығындап бекітеді. Түтіктің ашық ұшын сыртқа шығарады. Сәулелену көзін түтікке енгізуді палатада арнайы препарат енгізгішпен жүргізеді. Бұл кезде сәулелену көзі бар препарат енгізгішті арнайы контейнерден тез шығарып тиісті түтікшеге енгізеді. Емшараны аяқтағаннан кейін препараттарды шығарып алып, контейнерге салады да оны қоймаға апарады.

Жабық көздерімен (60 Со, 90Y, 198Au) тін (ұлпа) ішілік емдеу кезінде жүргізілетін емдік шаралардың көлемі үлкен емес. Сәулелену көздерін қолдану сызбасы контейнерлерде сақтаудан, контейнерлерді алдын ала операциялыққа беруден, қорғалған стерильдеушілерде сәулелену көздерін стерильдеуден және оларды стандарттық қорғаныстық пернелер болуы кезінде операциялық столда зақымдалған жерге енгізуден тұрады.

Аппликациялық емдеу кезінде 32Р, 90Sr +90Y,47Pr және 204Те сәулелену көздері өте жиі қолданылады. Көрсетілген радиоактивті нуклидтер полимерлік материалдардан жасалған иілгіш пластинкаларға бөлініп салынады. Әдетте солардан пішіні және ауданы бойынша керекті участок қиып алады да оны аурудың денесінің сыртқы бетіне қояды.

Жабық көздерін қысқаша сипаттаудан көрініп тұр, қызметкердің шамадан артық сәулеленуге ұшырау дәрежесі негізінен технологиялық үрдіске байланысты. Сенімді стационарлқ қорғаныс жүйесімен бірге қашықтан басқарып емдеуді үйлестіріп жүргізу жұмыс үрдісіндегі радиациялық қауіпті бөліктерін болдырмайды. Көлеңкелік қорғаныштың ажырауы кезінде сәулелену көздерін қолмен дайындау және қоюдың сенімділік дәрежесі әрине аз болады.

Айта кету керек жабық көздерін қолданудың барлық технологиялық схемасында персоналдың тұтас сәулеленуге ұшырау дозасы ДШ 20% аспайды. Сонымен қатар сызықтық жүйеде жұмыс істеушілердің қол басы артық сәулеленуге ұшырауы мүмкін.

Сәулеленудің ашық көздерімен емдеу кезінде 32Р, 131J, 198Au тиімді. Радибелсенді иод (калий немесе натрий иодиді) қалқанша бездің ісіктерін және тиреотоксикозды емдеу кезінде қолданылады. Радиобелсенді алтын коллоидты ерітінді түрінде қатерлі ісіктің лимфа бездеріне метастазасын, қуық асты безінің ісігін (қатерлі) емдеу кезінде қолданылады.

Радиобелсенді фосфор (еритін тұзы) қан түзетін жүйенің ауруларын емдеу үшін және қатерлі ісіктерді сәулемен емдеу (хром фосфатының коллоидты ерітіндісі) үшін қолданылады.

Көрсетілген изотоптар емдеу мекемелеріне ампулада немесе флаконда түседі. Оларды сұйылтуды және буып-түйуді қашықтан басқаратын түтікшелердің көмегімен жүргізіледі. Еритін қосылыстарын ағзаға ауыз арқылы енгізеді, ерімейтін қосылыстарын тікелей зақымданған тіндерге қорғайтын шприцпен енгізеді. Екі түрі үшін де бірдей радиоқауіпті жұмыстар таситын контейнерлерді ашу және ерітінділерді буып-түйу (қорабтау). Ерітінділерді ішке қабылдау кезінде медициналық қызметкер сәулелену көзінен қашықта тұрып бақылау жүргізеді. Коллоидты түріндегі сәулелену көзін медициналық қызметкер тікелей байланыста болып енгізеді. Сөйтіп, сыртқы сәулеленуге ұшыраумен қатар бұл жағдайда сәулелену көздерін қолдану технологиясы нуклидтерді дайындау және аурудың ағзасына енгізу үрдісінде де және аурулар оларды қоршаған ортаға шығаруы кезінде де қосымша ішкі сәулеленуге ұшырату қауіпін тудырады. Осыған байланысты бөлмелерді жоспарлау ішкі өңделуі және радиологиялық бөлімдегі қызметкерлерді ішкі сәулеленуге ұшыраудан қорғау жөніндегі шаралардың барлық тізімдері II класс жұмыстарға сәйкес болуы тиіс.

Диагностикалық зерттеулер (жеке элементтердің қанның сары суы белоктарының құрамына кіру жылдамдығын және олардың жеке мүшелер мен тіндерде жиналу жылдамдығын зерттеу, қан ағысы мен газ алмасуының жылдамдығын анықтау, радиоактивті изотоптардың мүшелер мен тіндерде топографиялық таралуын, т.б. зерттеу) үшін қысқа өмір сүретін нуклидтер тиімді: натрий, фосфор, күкірт, кальцийдің изотоптары, темір, технеция, иодтың, ксенонның, алтынның, сынаптың және басқалардың.

Бұл жағдайда мекемелердегі радионуклидтердің шығыны (жұмсалуы) әдетте айына бірнеше ондаған миликюри. Осыған байланысты медицина қызметкері үшін радиациялық қауіптілігі үлкен емес және III класс жұмыстарға сәйкес келетін талаптарды орындау қызметкердің қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етеді және қоршаған орта ластануының алдын алу қызметін де атқарады. Сонымен бірге радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру тұрғысынан диагностикалық зерттеулерде 3700 МБк (100 мКи) және оданда артық жоғары белсенділікке ие арнайы генераторлар айрықша орын алады, олардың көмегімен радиоактивті изотоптарды тікелей емдеу мекемелерінде алуға болады.

Радионуклидтерді генераторлардың көмегімен алу және қолдану үрдісі келесі кезеңдерден тұрады: генератордың сұлбасын тұрғызу (монтаж), колонканы натрий хлоридінің изотондық ерітіндісімен толтыру, элюатты (пертехнетатты) іріктеп (таңдап) алу, сүзгіден өткізу, изотопты шприцке алу және оны науқастың ағзасына енгізу. Генераторлар ерекше көңіл аударуды қажет етеді, өйткені қызметкердің сыртқы сәулеленуге ұшырау дозалары және заттың беттерінің ластану деңгейі бұл жағдайда ашық сәулелену көздерін емдеу мақсатында қолданумен салытыруға болады.

Белсенділігі 40-45 МБк 125J изотопының көмегімен радиоиммунологиялық зерттеулер кезінде қызметкердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнайы талаптар қойылмайды. Бұл жұмыстарды әдеттегі химиялық зертханаларда жүргізуге болады.

Рентгенодиагностикалық шаралар гигиеналық тұрғыдан технологиясының сипаты бойынша шартты түрде 2 топқа бөлінуі мүмкін:

· рентгенография;

· рентгеноскопия (рентгеноскопия кезінде жиі бір немесе бірнеше рентгенография жасайды).

Стационарлық аппараттың көмегімен рентгенография кезінде қызметкер пернелердің сенімді қорғауында болады. Үйреншікті рентгеноскопия кезінде (торокоскопия жағдайында) дәрігер-рентгенолог экранның қорғасын әйнегімен, кіші қорғайтын пернемен және экран астындағы алжапқышпен қорғалған. Ауру денесінің жеке бөліктерін сипау кезінде рентгенологтың қол басы сәулеленудің тура түсетін шоғырының өрісінде болуы мүмкін. Штативтің көлденең жағдайында (трохоскопия жағдайында) дәрігер-рентгенолог штативтің бүйір жағында, шашыраған сәуленің қарқындылығы максималды зонада болады, бұл процедураның радиацияылқ қауіптілігін арттырады, сондықтан міндетті түрде экран астылық және жеке адамға арналған алжапқыштар болуы тиіс. Айта кету керек, күрделі диагностикалық процедураларды орындау кезінде (бронхоскопия, ангиокардиография және басқалар) штатив көлденең жағдайда болғанда рентген түтікшесіне жақын жерде Б санатындағы мамандар (оташылар және анестезиологтар) тұруы мүмкін. Рентген диагностикада

Травматологиялық бөлімдер мен жалпы хирургия бөлімдеріндегі операциялар кезінде жылжымалы палаталық аппараттар персоналдың сенімді қорғалуын қамтамасыз ете алмайды, сондықтан бұл жағдайда жеке басты қорғайтын заттар болуы тиіс.

Рентгенологиялық диагностикалық шаралар (процедура) кезінде қызметкерге түсетін доза жүктемесінің қалыптасуы бірқатар факторларға байланысты, олардың ішіндегі негізгілері болып табылатындары физикалық – техникалық жағдайлары (тоқ күші және түтікшедегі кернеу сәулеленудің бірінші шоғырын сүзгіден өткізу жағдайлары, диафрагмамен реттелетін сәуле әсер ететін жердің өлшемі), персоналдың мамандық деңгейі, жеке басты қорғайтын заттар, жұмыстарды ұйымдастыру жағдайы, диагностика жөніндегі жұмыстардың жалпы жүктемесі.

Қызметкрелер мен халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар жүйесі дайындалды, ол «Рентген бөлімдерін (кабинеттерін) жобалау мен пайдаланудың санитарлық-гигиеналық нормаларында. Рентген бөлімдері санитарлық-гигиеналық нормаларында» көрсетілген. Оларды аппараттардың типіне және санына байланысты кабинеттердің ауданының нормалары орнатылған, жабдықтар мен жұмыс орындарын орналастыру жөнінде ұсыныстар берілген, жеке басты қорғайтын заттарға қойылатын талаптар, жұмыс орнындағы және көршілес бөлмелердегі рұқсат етілген рентген сәулесінің қуаты, рентген аппараттарының қорғайтын экрандарына және жеке басты қорғайтын заттарға қойылатьын талаптар және т.б. жазылған. Сайып келгенде, мед. қызметкерге түсетін доза жүктемесін төмендету жөнінде техникалық және әдістемелік сипаттағы ұсыныстар дайындалған. Айта кету керек қазіргі кезде рентгендиагностикадағы қызметкерге түсетін жылдық доза жүктемесі доза шектерінің 20-30 % құрайды.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1196 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...