Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жағдайлық есептер. · Медицина қызметкерлерінің ИС көздерімен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету



· Медицина қызметкерлерінің ИС көздерімен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Сұрақтары:

1. Сәулелік диагностика кабинетінің орналасуын, жоспарлануын, бөлмелер құрамын, жабдықталуын, ішкі өңделуін бағалаңыз.

2. Жыл, ай, күн ішіндегі дәрігердің алатын доза жүктемесін (эффективті, эквивалентті дозасын) бағалаңыз.

3. Жұмыс орнындағы доза қуатын бағалаңыз.

4. Дәрігер қолданған жеке басты қорғайтын заттардың тиімділігін бағалаңыз.

5. Жүргізілген дозиметрлік бақылауды бағалаңыз (жеке адамға, жұмыс орнындағы), ол үшін қандай аспап қолданылуы мүмкін.

Есеп

Сәулелік диагностика кабинеті жеке тұрған емхана ғимаратының жер асты қабатында орналасқан. Кабинетті пайдалануға құқық беретін төлқұжат 1,5 жыл бұрын берілген. кабинет электржылытқышпен жылытылады, сумен, канализациямен жабдықталған. Ауаның температурасы 20 градус.

Процедура бөлмесінде табиғи және жасанды жарық бар, пульт тұрған бөлмеде тек жасанды жарық. Барлық рентгенологиялық процедуралар, сәулемен қараудан басқасы, табиғи жарық жағдайында жүргізілуі тиіс. ЖК – 1:20. Барлық кабинеттері механикалық қоздырғышы бар енбелі-сормалы желдетумен жабдықталған. Ауа енуі бойына ауа алмасуы 1 есе, сорып әкетуі – 2 есе, енбнлі желдету жүйесі ауа жылытқышпен және сүзгімен қамтамасыз етілген. Ауа сорып әкетуі бөлменің жоғарғы зонасынан, ауа енуі төменгі зонасына жүргізіледі.

Сәулелік диагностика кабинеті бөлмелерінің едені бетон еденнің бетіне жабылған линолеумнен жасалған, қабырғалары, төбесі эмульсиялық сырмен қара түске боялған, фотозертхана, санитарлық бөлменің едені ағаштан жасалған, қабырғалары сыланған.

Процедуралық бөлмеде 2 рентген аппараты орналасқан. Фотозертхана сәулелік диагностика кабинетінің басқа бөлмелерінен қашықта 1-қабатында орналасқан. Басқару бөлмесі (пульт тұрған) процедуралықпен сөйлесетін құрылғымен, сондай-ақ есік және пациенттерді қарауға арналған, әдеттегі шыны салынған қарайтын тереземен байланысқан.

Сәулелік диагностика кабинетінде тек кабинет қызметкерінің сәулелік жүктемесіне бақылау жүргізіледі. Қызметкердің жұмыс орнындағы экспозициялық доза қуатын өлшеу кезеңділігі 3 жылда бір рет. Жеке адам алатын дозаны өлшеу кезеңділігі тұрақты түрде жүргізіледі, нәтижелерің квартал сайын тіркеп отырады. Дәрігер рентгенологтың бір аптада алатын эффективті эквивалентті дозасы 0,5 мЗв.

Диагностикалық кабинеттегі дәрігер-рентгенологтың жұмыс орнындағы доза қуаты 3 мкЗв/сек.

Дәрігер жеке басты қорғайтын заттарды қолданбайды. Рентген пленкалары және рентгенограммалар қақпағы жабылатын металдан жасалған жәшікте сақталады. Сәулелік диагностика кабинетінде 3 кг рентген пленкасы мен рентгенограмма сақталады. Рентген кабинеттің лаборанты процедуралық бөлмеде тағам қабылдайды, темекі шегеді. Жұмыс біткеннен кейін сәулелік диагностика кабинетінде құрғақ жинау жүргізеді.

Есеп

Жеке меншік клиниканың сәулелік диагностика кабинеті тұрғын үйге жалғап салған құрылыста, тұрғын үйді қорғау жөніндегі шараларды қолданып орналастырған. Оны пайдалану жөніндегі санитарлық төлқұжаты жоқ.

Бөлмелер құрамы: процедуралық, пульттік, фотозертхана. Сәулелік диагностика кабинеті жылытылады, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген және канализациясы бар. Бөлмедегі ауаның температурасы 18 градус. Пульт тұрған бөлме мен процедуралық бөлмеде табиғи және жасанды жарық бар. Пульт тұрған бөлме процедуралықтан гипсокартоннан жасалған қорғасын араластырған шынылы терезесі бар пернемен бөлінген. ЖК 1:8.

Желдету табиғи форточка арқылы.

Едені бетонға төселген ағаш паркеттен жасалған. Қабырғалары мен төбесі ақ түсті әкпен ақталған. Қабырғаларының панелі майлы сырмен сырланған. Фотозертхананың панелі глазурленген плиткамен жабылған.

Процедура бөлмесінде 2 рентген аппараты орналасқан сәуле түтігі пульттік бөлменің қарсы жағындағы негізгі қалың қабырғаға қарай бағытталған.

Фотозертхана сәулелік диагностика кабинетіне көршілес бөлмеде орналасқан және пульт тұрған бөлмеден кіретін есік бар.

Басқару бөлмесінде (пульттік) сөйлесетін құрылғы жоқ. Сәулелік диагностика кабинетінде кабинет қызметкеріне және рентген процедурасы жүргізілетін пациенттерге түсетін сәулелік жүктемеге бақылау жүргізіледі.

Қызметкерге түсетін сәулелік жүктемені бақылау жұмыс орнындағы экспозициялық доза қуатын өлшеуді қамтиды.

Жұмыс орнындағы экспозициялық доза қуатын өлшеу кезеңділігі жылына бір рет. Жеке адам алатын дозаларды өлшемейді. Кабинет қызметкерінің жұмыс орнындағы доза қуаты 2 мкр/сек. дейін жетеді.

Дәрігер рентгенологтың 1 ай ішінде алатын эквивалентті эффективті дозасы 2 мЗв тең. Жеке басты қорғайтын заттардан екі жақты алжапқышты пайдаланады.

Рентген пленкалары мен рентгенограммалар пульт тұрған бөлмеде сақталады, салмағы 2 кг.

Қорғасыннан жасалған және қорғасын араластырған резинадан жасалған жеке басты қорғайтын заттар, киім шкафта ашық күйінде сақталады.

Жұмыс алдында және соңында сәулелік диагностика кабинетінде еденді жуып рентген аппаратының элементтерін зерттеу кезінде дәрігер аурулар тиетін заттарын дезинфекциялап ылғалдап жинау (тазалау) жүргізіледі. Айына 2 рет сірке қышқылының 1-2 % ерітіндісін қолданып ылғалдап тазалау жүргізіледі.

Сәулелік диагностика кабинетінің ауасындағы азот тотығы – 0,09 мг/м3, озон- 0,01 мг/м3, қорғасын 0,007 мг/м3.

Есеп

Рентгеноскопия кабинеті терапия бөлімінің құрамында ауруларға арналған палаталармен көршілес орналасқан. Жарықтандырылуы табиғи және жасанды, ЖК = 1:9. Желдетілуі енбелі-сормалы механикалық қозғаушы арқылы іске асырылады. Едені бетоннан жасалған, әр жерлері темір қаңылтырмен жабылған. Қабырғасы, төбесі майлы сырмен сырланған. Рентген аппаратының иондағыш сәулесінің шоғыры терезеге қарай бағытталған. Диагностикалық шаралардың ішінен негізінен кеуде, іш қуыстары мүшелеріне рентгеноскопия жүргізіледі. Рентгеноскопия кезінде (торакоскопия жағдайында) дәрігер-рентгенолог экранның қорғасынды шынысымен қорғалған. Аурудың денесінің жеке бөліктерін сипап қарау кезінде рентгенологтың қолының басы рентген сәулесінің тікелей шоғыры түсетін жерде болады. Дәрігердің алатын жылдық эффективті дозасы 35 мЗв –ге дейін жетеді. Жұмыс орнындағыф дозиметрлік бақылау жылына бір рет жүргізіледі. Жеке адамның алатын дозасы күн сайын жүргізіледі.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1141 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...