Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сәулеленуге ұшырау дозаларын анықтау



№1. есеп. Гамма сәулеленудің сіңген дозасы - 40 Гр. Зивертпен және бэрмен берілген эквиваленттік доза қаншаға тең болады?

№2 есеп. Альфа сәулелеленудің эквиваленттік дозасы 5 Зв тең. Ол бэр өлшемінде қаншаға тең болады? Берілген эквиваленттік доза қандай сіңген дозаға сәйкес келеді?

№3 есеп. Бетта сәулеленудің сіңген дозасы 5 Гр тең. Ол зиверт және бэр өлшем бірлігінде қандай эквиваленттік дозаға сәйкес келеді?

№4 есеп. Гамма сәулеленудің эквиваленттік дозасы-10 Зв тең. Сіңген доза Гр және рад өлшем бірлігінде қаншаға тең болады?

№ 5 есеп. Протондық сәулеленудің сіңген дозасы 4 Гр тең. Оның эквиваленттік дозасы Зв өлшемінде нешеге тең?

№6 есеп Гамма-сәулеленуге ұшырау кезінде бауыға сіңген доза 5 Гр, сүт безіне -2 Гр құрды. Сәулелендірудің эффективтік эквиваленттік дозасын анықтаңыз.

№ 7 есеп. Альфа - сәулеленудің сіңген дозасы өкпеде 1 Гр, қалқанша безінде-4 Гр, сүт безінде-3 Гр құрды. Эффективтік эквиваленттік дозаны анықтаңыз.

Орғайтын экрандардың қалындығын, рұқсат етілетін жұмыс уақытын және арақашықтықты есептеп табу.

Есеп

Изотоптық лабораторияны санитарлық-дозиметрлік тексеру кезінде лаборанттың жұмыс орнында доза қуаты 5 мр/сағ, сәулелену энергиясы 1 МЭВ, болғаны анықталған, оның жұмысы аптасына 5 күн, жұмыс күнінің уақыты – 6 сағат.

Сұрақтар:

1. Осы жұмыс жағдайында лаборант қандай сәулелену дозасын алады?

2. Есептеу арқылы табылған доза, доза шегіне сәйкес келеме?

3. ²орғанатын экран керек пе? ²орғасын экранының қалыңдығы қандай болуы қажет?

Есеп

Радиология бөлімінің манипуляция бөлмесінде жүргізілген санитарлық-дозиметриялық тексеру медбікенің жұмыс орнында сәулеленудің доза қуаты 20 мкР/сек, сәулелену энергиясы 1 Мэв екенін көрсетті. Оның жұмысы аптасына 5 күн, жұмыс күні 6 сағат.

Сұрақтар:

1. Осы жұмыс жағдайында медсестра қандай сәулелену дозасын алады?

2. Есептеу арқылы табылған доза, доза шегіне сәйкес пе?

3. Темірден жасалған қорғайтын экранның қалыңдығы қандай болуы қажет?

Есеп

Жұмыс орнындағы сәулеленудің доза қуаты 200 мР/сағ. Сәулелену энергиясы 1,25 Мэв, жұмыс күнінің ұзақтығы 5 сағ, аптасына 5 күн жұмыс істейді.

Сұрақтар:

1. Осы жағдайда жұмыс орнынында сәулелену дозасы қандай?

2. Есептеу арқылы табылған доза шегіне сәйкес пе?

3. Алюминийден жасалған қорғанатын экранның қалыңдығы қандай болуы қажет?

Есеп

Радиоизотоптық лабораторияда активтілігі 50 мг/экв/радий сәулелену көзі бар, сәулелену энергиясы 1,25 Мэв. Сәулелену көзінен лаборанттың жұмыс орнына дейінгі қашықтық 2м, жұмыс күнінің ұзақтығы 6 сағ аптасына 5 күн жұмыс істейді.

Сұрақтар:

1. Осы жұмыс жағдайында лаборант қандай сәулелену дозасын алады?

2. Есептеу дозасы доза шегіне сәйкес пе?

3. ²орғасыннан жасалған қорғанатын экранның қандай қалыңдығы қажет?

4. Тағы қандай қорғану шараларын қолдануға болады?

Есеп

Радиоизотоптық лабораторияның лаборанты, активтілігі 10 мКи сәулелену көзімен жұмыс істейді (гамма-тұрақтылығы 3,5 р/сағ) сәулелену энергиясы 1 Мэв, сәулелену көзіне дейінгі қашықтық 0,5 м, жұмыс күнінің ұзақтығы 6 сағ, аптасына 5 күн жұмыс істейді.

Сұрақтар:

1. Осы жұмыс жағдайында лаборант қандай сәулелену дозасын алады?

2. Есептеу дозасы доза шегіне сәйкес пе?

3. Темір экранының қалыңдығы қандай болуы қажет?

4. Тағы қандай қорғану шараларын қолдануға болады?

Есеп

Медбике активтілігі 20 мг/экв/радий сәулелену көзімен жұмыс істейді. ²ашықтығы 1 метр, ешқандай қорғанатын заттарды пайдаланбайды.

Сұрақтар:

1. Осы жағдайда сәулеленуден алатын дозасы доза шегінен аспауы үшін рұқсат етілетін уақыт қандай?

2.“Сыртқы сәулелену”, “ішкі сәулелену” деген анықтама бойынша нені түсінеді?

3. “Сыңдарлы мүшелер” деген не?

Есеп

Изотоптық лабораторияның лаборанты қорғанатын заттарды қолданбай, активтілігі 4,3 мг/экв/радий сәулелену көзімен күніне 5 сағат, аптасына 5 күн жұмыс істейді.

Сұрақтар:

1. Алатын дозасы доза шегінен аспауы үшін, сәулелену көзіне дейін қандай қашықтық рұқсат етіледі?

2. Иондандырғыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде қандай қорғану әдістері бар?

Есеп

Радиоизотоптық лабораторияда активтілігі 10 мКи (гамма-тұрақтылығы 1 Р/сағ) жабық сәулелену көзі бар. Лаборанттын жұмыс уақыты күніне 5 сағ, аптасына 5 күн, қорғанатын зат қарастырылмаған.

Тақырып №20. Радиациялық гигиенадағы негізгі түсініктер. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі қызметкердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері- 4 сағат (2 бөлімі- 2 сағ)

Мақсаты: Медициналық персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың медициналық сәулеленуден және табиғи көздерден сәулеленуін шектеу шараларымен танысу.

Оқыту міндеттері:

Студент білуі керек:

1. Иондағыш сәулеленулердің көздері мен жұмыс істегенде медициналық персоналдардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларының шаралары мен еңбектену жағдайларының ерекшеліктері.

2. Қызметкерлердің немесе тұрғындардың сәулелену дозасын және ауаның, судың, тағамның, терінің, жұмыс орнының радиоактивті заттармен ластану дәрежесін есептеу мен бағалауды;

3. СИ жүйесі бойынша өлшеу бірлігіне жүйе сырттық өлшеу бірліктерінен аударады, дозиметриялық бірліктер мен белсенділік бірліктерінің туындыларын анықтауды;

4. Олардың енуші және иондаушы қаблетін, дозасын, сәулелендіру қуаттылығын, сәулелендіру бөлшектенуін, жеке және түрлік сезімталдықты біліп, сыртқы және ішкі сәулеленулердің әртүрінің қауіптілігін бағалауды;

5. Жеке бастық дозиметрлерді қолдануды;

6. Қоршаған орта нысандарының радиоактивті ластануын бағалау және оны сауықтыру бойынша ұсыныстар беруді;

7. Арнайы жұмыс жағдайында алынған сәулелену дозасын және қауіпсіз еңбек параметрлерін (рұқсат етілген радиоавтитілікті, жұмыс уақыты, көздерден арақашықтығын, қорғаныс экранның сапасы мен қалыңдығын) есептеуді;

Студент істей алуы керек:

1. СИ жүйесі бойынша өлшеу бірлігіне жүйе сырттық өлшеу бірліктерінен аударады, дозиметриялық бірліктер мен белсенділік бірліктерінің туындыларын анықтауды;

2. Олардың енуші және иондаушы қабілетін, дозасын, сәулелендіру қуаттылығын, сәулелендіру бөлшектенуін, жеке және түрлік сезімталдықты біліп, сыртқы және ішкі сәулеленулердің әртүрінің қауіптілігін бағалауды;

3. Қоршаған орта нысандарының радиоактивті ластануын бағалау және оны сауықтыру бойынша ұсыныстар беруді;

4. Арнайы жұмыс жағдайында алынған сәулелену дозасын және қауіпсіз еңбек параметрлерін (рұқсат етілген радиоавтитілікті, жұмыс уақыты, көздерден арақашықтығын, қорғаныс экранның сапасы мен қалыңдығын) есептеуді.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ашық және жабық иондаушы сәулелердің көздерімен жұмыс істейтін қызметкерлердің сақтануындағы негізгі әдістері мен шараларын;

2. Тұрғындардың медициналық сәулеленуін және табиғи көздерден сәулеленуін шектеу

3. Дозиметрлік және радиометрлік бақылау.

Оқыту мен сабақ беру әдістері: аз топтармен жұмыс істеу-ситуациялық есептер шешу

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық./Ү.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010. – 559-621 б.

2. Радиациялық гигиена. Оқу құралы. Кенесариев У.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. - Алматы, 2004, 169 б.

3. Гигиена / Под ред. Акад.РАМН Г.И.Румянцева.- М.: ГЭОТАР Медицина,2000.- С.394- 419.

4. Бекмагамбетова Ж.Д.. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения.-

5. Учебное пособие. – Алматы, 2002. – 304 с.

6..Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.-

7. М.:Изд.центр «Академия», 2004.- С.372-383.

8. Пивоваров Ю.П.- Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии

9. человека. -М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ,2001.- С. 235-253.

Қосымша:

1. Закон Республики Казахстан «О радиационной безопасности» - Акмола. - 23.04.98.

2. Гурова А.И., Горлова О.Е.- Практикум по общей гигиене. - М.: Издательство Университета дружбы народов, 1991-С.138-152.

3. Кириллов В. Ф., Книжников В. А., Коренков И. П. – Радиационная гигиена⁄ Учебник – М.: Медицина, 1999. – С.27-175,196-222, 346-351.

4. Кириллов В.Ф., Архангельский В.И., Коренков И.П. Руководство к практическим занятиям по радиационной гигиене. – М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – С.6-24, 26-29, 87-101.

5. Контроль эффективных доз облучения пациентов при медицинских рентгенологических исследованиях: Методические указания по методам контроля: МУК 5.05.012.-03. – Минздрав РК. - Издание официальное. – Астана,2003. – 28 с.

6. Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99. – Агентство РК поделам Здравоохранения, 1999. – 79 с.

7. Пивоваров Ю.П., Гоева О.Э., Величко А.Л. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. – М.:Медицине,1983. –С.114-135.

8. Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А. Общая гигиена. – М.:Медицина, 1985. – С.301-327.

9. СанПин «Санитарно-гигиенические требования по обеспечению радиационной безопасности» / Утверждены 31.01.2003, № 97. – Астана, 2003.

10. Холл Э.Дж. Радиация и жизнь. – М.:Медицина,1989. – 256с.

Бақылау сұрақтары:

2. Дәрігер рентгенологтардың жұмыс жағдайының ерекшеліктері және рентгендиагностикалық кабинеттерге медицина қызметкерлерінің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.

3. Қашықтан басқаратын гамма-терапия және жоғары энергия сәулелендіру емдеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік.

4. Жабық радиоактивті көздердін көмегімен жүргізілетін қуыс ішілік, тін ішілік және аппликациялық сәулемен емдеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік..

5. Ауруханалардың радиологиялық бөлімдерін және радиологиялық зертханаларды орналастыруға, жоспарлауға және жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар.

6. Медициналық зерттеулер халықты сәулеленуге ұшырататын көзі ретінде.

7. Сәулеленуге ұшырайтын пациенттердің анаттары.

8. Пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауын шектеу жөніндегі шаралар.

9. Иондағыш сәулеленудің қолайсыз әсерлерінің алдын алудағы дозиметрлік және радиометрлік бақылаудың маңызы.

10. Радиациялық бақылауға арналған детекторлар мен аспаптар.

11. Радиометрлер мен дозиметрлердің құрылысы мен жұмыс принциптері.

2. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:

Тапсырма №1. Жеке дозиметрияға арналған құралдарымен таныстыру және жеке дозиметр – радиометр РКСБ – 104 көмегімен гамма – сәулелену көздерінің эквивалентті доза қуатын анықтау.

Тапсырма №2. Медициналық рентгенологиялық тексерулер кезінде пациенттердің сәулеленуінің эффективті дозаларын анықтау бойынша жағдайлық есептер шешу. Тапсырма №3. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі медицина қызметкерінің радиациялық қауіпсіздігн бағалау жөніндегі жағдайлық есептерді шешу.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1411 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...