Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тағамдық азықтарды ластаушы пестицидтерден уланулардың алдын алу



Пестицидтердің қалдығы аз мөлшері азықтармен ағзаға ұзақ уақыт түмуі созылмалы улану дамытуы мүмкін, олардың алдын алу үшін шараларды іске асыру қажет:

1.Құрамында сыртқы ортада тұрақты, ағзаға жиналатын қасиеті айқын пестицидтердің қалдығы азықтарды тағамға қабылдауға жібермеу.

2.Тағамдық азықтардың құрамындағы пестицидтердіңқалдығы қалдықтары немесе олардың метаболиттері рұқсат етілген мөлшерден аспауы қажет.

3.Тағамдық азықтардың пестицидтермен ластану деңгейіне тұрақты түрде гигиеналық бақылау жүргізу.

4.Өсімдіктерді өңдеу үшін қоршаған ортада тұрақтылығы төмен, улылығы және әсер салдары біраз уақыт өткеннен соң болатын қаблеті жоғары емес пестицидтерді пайдалану.

5.Пестицидтерді қолдану жөніндегі нұсқауды қатал орындау және азықтық пестицид қалдықтарынан тазаруы үшін қажетті уақытты сақтау.

Егер тағамдық азықтардың құрамында пестицидтер рұқсат етілген мөлшерден артық болса, онда оған құрамында пестициді жоқ таза азықты (дәнді дақылдар, сұйық өнімдер) қосу арқылы құрамындағы пестицидтерді рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізуге болады. Сүтті қойылту және құрғату үрдістерінде пестицидтерден тиімді тазарады, бұл кезде құрамы бұзылмаған сүтке қарағанда майсыз сүт пестицидтерден толықрақ тазарады, себебі пестицидтердің бәрі де майда жақсы ериді. Сондай-ақ, сүт майларын өсімдік майларымен жарым-жартылай алмастырып май аз сүт өнімдерін өндіру арқылы тағамда (азықтарда) пестицидтердің концентрациясын азайтуға болады.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1098 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...