Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тағам мәзірі бойынша тамақтанудың адекваттылығын бағалау схемасы



1. Зерттеуге алынған адамға немесе ұжымға тағамдық заттар мен энергия қажеттілігін анықтау (1 тақырыптың 1-бөлімін қара).

2. Тағам мәзіріндегі азықтардың брутто-массасын нетто массасына айналдыру. Осы және келесі мәліметтерді кестеге енгізу керек, үлгісі 2-қосымшада берілген.

3. Әрбір азықтың нетто-массасындағы белоктарды, майларды, көмірсуларды, дәрумендерді, минералды тұздарды анықтау.

Мысалы: щи дайындау үшін 40 г-нетто 1-категориялы сиыр еті алынған, “Тағамдық азықтардың химиялық құрамы” кестелер бойынша 100 г-нетто 1-ші категориялы сиыр етінде 18,9 г белок, 12,4 г май, 9 г кальций және т.б. бар.

40 г – нетто 1-ші категориялы сиыр етінің құрамындағы белокты анықтау үшін пропорция құрамыз.

100 г-18,9 х=40х18,9/100=7,56 г

40 г-х

Тағам дайындау үшін алынған осы және басқа да азықтардың құрамындағы тағамдық заттарды осы жолмен анықтайды.

4. Тағам дайындау үшін алынған жеке азықтардың құрамындағы тамақтық заттарды есептеу кезінде табылған мәліметтерді бір-біріне қосып осы қосындылардан кулинарлық өңдеу кезінде жоғалған тамақтық заттарды алып тастап әрбір тағам түріндегі, тағамды жеке қабылдаулар бойынша және тәуліктік рациондағы:

- белоктардың жалпы санын, оның ішіндегі жануар текті белоктардың пайыздық санын;

- майлардың жалпы санын, оның ішіндегі жануар текті және өсімдік майларының пайыздық санын;

- көмірсулардың жалпы санын, оның ішіндегі моно- және дисахаридтердің, крахмал мен клетчатканың пайыздық санын;

- кулинарлық өңдеу кезіндегі шығынын ескеріп А, С, В1 , В2 , РР, Д дәумендерінің санын;

- кальций, фосфор, темір, магний сияқты минералды заттардың санын және Са:Р, Са: Мg арақатынастарын анықтау.

Белок, май, көмірсулардың шығынын келесі түрде анықтайды: мысалы, рационның құрамында белок-35,15 г, аралас рациондағы белок шығыны 6 (жоғарыдан қара) граммен берілген түінде ол келесіге тең.

35,15х 6 %/100 %=2,1 г

Демек тағаммен ағзаға түсетін іс жүзіндегі белок 35,15-2,1=33,05 г

5. Жоғарыда анықталған белоктардың, майлардың, көмірсулардың сандарын, олардың әрқайсысына тиісті калориялық коэффициенттеріне (белоктар үшін-16,8 (4), майлар-37,7 (9), көмірсулар-16,8 (4) кДж/г (кКал/г) көбейтіп тағам түрінің, тағамды жеке қабылдаулар бойынша және тәуліктік рационның энергиялық құндылығын анықтау.

Есептеуді келесі формула бойынша жүргізеді:

Х=Кб (Б-Б1 )+Кж (Ж-Ж1 )+Ку (У-У1 ) кДж,мұндағы:

- Б, Ж, У-жоғарыда анықталған белоктардың, майлардың, көмірсулардың саны.

- Б1, Ж1, У1 –белоктардың, майлардың, көмірсулардың кулинарлық өңдеу кезіндегі шығыны (жоғарыдан қараңыз).

- Кб, Кж, Ку –белоктардың, майлардың, көмиірсулардың калориялық коэффициенттері.

6. Рационның жалпы энергиялық құндылығын 100 % деп алып, рационның белоктармен, майлармен, көмірсулармен қамтамасыз етілетін энергиялық құндылығының пайызын анықтау.

Мысалы: тәуліктік рационның энергиялық құндылығы 2600 ккал, олардың 270 ккал-белоктар, 600 ккал-майлар және 1730 ккал-көмірсулар береді. Сонда рационның белоктар есебінен қамтамасыз етілетін энергиялық құндылығының пайызы келесі қатынас бойынша (майлар мен көмірсулар үшін де осылай) анықталады:

2600 ккал-100% Х = 270 х100/2600=110,4%

270 ккал-Х

7. Рационның құрамындағы белоктарын 1 деп алып ондағы белоктардың, майлардың, көмірсулардың арақатынастарын анықтау.

Мысал: Тәуліктік рационда 90 г белоктар, 100 г майлар және 450 г көмірсулар бар.

90 г белоктарды 1 деп аламыз, сонда майлар мен көмірсулар үшін іздеген санымыз келесі пропорциялар бойынша анықталады:

Майлар- 90-1 Х=100 х 1/90 = 1,1

100-х

Көмірсулар- 90-1 Х=450х1/90=5

450-Х

Б:М:К арра-қатынастары 1:1,1:5 қатынасына тең болады.

8. Тағамды әбір қабылдау кезіндегі калориясы тәуліктік рационның калориясының қанша пайызын құрайтынын бағалау.

9. Белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және рационның энергиялық құндылығын зерттеуге алынған адамға энергия мен тамақтық заттардың қажеттілігімен салыстырып тамақтанудың саны мен сапа жағынан адекваттылығын бағалау.

10. Рационды тұтасымен алғанда, және де белоктары, майлары, көмірсулары, минералды заттары балансталғандығын бағалау.

11. Тамақтану режимін бағалау.

12. Тағамның әртүрлілігін және ең құнды азықтардың (ет, жұмыртқа, сүт, сүт өнімдері т.б.) болуын көрсету.

13. Тағам рационының саны мен сапасы жағынан адекваттылығы, балансталғандығы, тамақтану режимінің дұрыс таңдалғандығы, тағамның әртүрлілігі және құрамында құнды азықтардың болуы жөнінде қорытынды беру.

14. Анықталған кемістіктерін түзету жөнінде ұсыныстар беру.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1479 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...