Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алиментарлық аурулар, жіктелуі. Дұрыс тамақтанбаудан туындайтын аурулар



Тамақтанумен байланысты ауруларды алиментарлық аурулар деп атайды. ДДС ұйымының жіктеуі бойынша (16 кесте) олар:

I. Дұрыс тамақтанбаудан туындайтын аурулар

II. Жарамсыз тағамдарды қабылдаумен байланысты аурулар

III. Ағзаның жеке ерекшеліктерімен байланысты аурулар деп бөлінеді

Дұрыс тамақтанбаудан туындайтын аурулары 4 топқа бөледі:

1. Толық аштықпен және жалпы жеткіліксіз тамақтанумен байланысты аурулар – алиментарлық дистрофия.

2. Тамақтандуың бірлі-жарым жеткіліксіздігімен байланысты аурулар – бір немесе бірнеше тағамдық заттардың салыстырмалы түрде не абсолюттік жеткіліксіздігімен байланысты.

3. Артық тамақтанумен байланысты аурулар.

4. Тағамдық азықтардың дұрыс араласпауына және тамақтану режимінің сақталмауына байланысты аурулар.

Аштық кезінде немесе жалпы жеткіліксіз тамақтану (тамаққа жарымау) кезінде алиментарлық дистрофия дамиды, бұл ауруға дене саламағын күрт жоғалту, барлық мүшелер мен жүйелердің қызметінің бұзылуы, “аштықтан ісіну” ағзаның қарсылық күшінің төмендеуі тән және өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тамақтанудың бірлі-жарым (пластичная) жетіспеушілігімен байланысты ауруларға жататындар:

а) Белок-энергиялық жеткіліксіздік (квашиоркор, алиментарлық маразм, анемия, кахексия, алиметарлық бойының өспеуі).

б) Витаминдердің жетіспеушілігі – гипо- және авитаминоздар (қырқұлақ, мешел, тауық соқыры, бери-бери, пеллагра т.б.)

в) Минералдық заттардың жетіспеушілігі (эндемиялық жемсау, тісжегі, мешел т.б.)

г) Майлардың жетіспеушілігі -“май жетіспеушілік” ауруы

д) Көп қанықпаған май қышқылдарының (ПНЖК) жетіспеушілігі

Тамақ жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, тұрмысы нашар халықтардың арасында әсіресе, дамып келе жатқан елдерде кеңінен таралған. Олардың негізгі себептері тамаққа жарымау, рационда жануар текті белоктардың, майлардың жеткіліксіздігі, бірыңғай көмірсу түріндегі тағамдарды басым қабылдау, сондай-ақ, тағамдық заттардың сіңу үрдісінің бұзылуы.

Бұл жағдайда тамақ жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері бірден пайда болмайды, біраз белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайда болады. Себебі басында биохимиялқ бейімделу механизмі өз қызметін атқарады.

Егер рационның энергиялық құндылығы энергия шығынын жаппайтын болса, онда барлық тағамдық заттар, оның ішінде тағам белоктары да ағзаның өз тіндерінің белоктары да энергиялық материал ретінде пайдаға асады, бұл белок-энергия жетіспеушілік ауруының дамуына әкеп соғады.

Белоктар ұзақ уақыт жеткіліксіз болған кезде ағзаның өсуі мен дамуы баяулайды, дене массасы төмендейді, эндокринді бездердің, бауырдың, жүйке жүйеісінің қызметі бұзылады, қан түзілу нашарлайды, иммундық үрдістер, фермент жүйелерінің қызметі бұзылады, ұрпақтарының денсаулығына қолайсыз әсерінің көріністері байқалады. Бұлармен қатар А және В тобындағы дәрумендердің жетіспеушілігі, гипохромды анемия пайда болады.

БЭЖ клиникалық көріністері: кахексия, квашиоркор, маразм.

Белоктадың жеткіліксіздігіне әсіресе, емізулі кезінде және өмірінің бірінші жылдарында-6 айдан 4 жасқа дейінгі балалар сезімтал келеді.

Квашиоркор “емшектен шығарылған бала немесе басқа түсінікте “қызыл бала” деген мағынада. Ауру ерте балалық кезеңде және емшектен шығарғаннан кейін 5 жасқа дейін байқалады. Ауруға ұйықышылдық, селқостық немесе қозғыштық, өсуі мен дамуының баяулауы, салмағының азаюы, терісі мен шашының түсі өзгеруі, беті, аяғы, шабы қызғылтым тартуы, депигментация, шашы ағарып түсуі, ет тінінің атрофиясы, диспепсиялық құбылыс және тұрақты түрде іш өтуі, алдымен ішкі мүшелерінің ісуі және кейінірек беті мен аяқ қолының ісуі, бауырының үлкеюі, анорексия тән. Ауыр жағдайларда ақыл ауытқиды, жұқпалы және паразиттік аурулар қосылады.

Алиментарлық маразм – атрофия, әбден жүдеу. Дене массасы, әбден жүдегенге дейін төмендейді, терісі әжімденеді, жеңіл қатпарланады. Іші созылып, немесе кеуіп тұрады, ішектің контуры білінеді. Зат алмасуы төмендейді, дененің температурасы төмендеуі, жиірек іш қату, кейде аш диарея болуы да мүмкін.

Тағамда майлар жоқ немесе жеткіліксіз болған кезде “май жетіспеушілігі” деп аталатын ауру пайда болады. Бұл ауру дене массасының азаюымен, өсуі және дамуының баяулауымен, бауырдың, бүйректің, эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметінің бұзылуы, қылтамырлардың қабырғасының өткізгіштігі жоғарылауы, репродуктивті функцияның нашарлауы, терісінің экзема тәрізді зақымдануы, қолайсыз факторлардың әсеріне ағзаның төзімділігінің төмендеуі арқылы білінеді.

Дәрумендердің жетіспеушілігі-гипо- және адәрумендіктер пайда болуына әкеп соғады. Бұл жағдайда зат алмасуының көп жақтары, кейбір ағзалар мен жүйелердің қызметі бұзылады. (3 тақырыпты қараңыз). Қырқұлақ, бери-бери, пеллагра деп аталатын т.б. спецификалық аурулар пайда болады.

Минералды заттардың жетіспеушілігі рационда минералды заттарды ағзаға түсіріп отыратын азықтардың болмауы немесе жеткіліксіздігі кезінде байқалуы мүмкін. Бұлардан басқа тағы да белгілі бір аудандардың суында, топырағында олардың деңгейінің жеткіліксіз болуы салдарынан, бұл заттардың азықтың құрамында аз болуымен де байланысты болуы мүмкін. Яғни, биогеохимиялық эндемия сипатында болады. Мысалы, топырақта йодтың жетіспеушілігі кезінде пайда болатын эндемиялық зоб ауруы, фтордың жетіспеушілігі кезіндегі кариес т.б.

Экономикасы дамыған елдерде, сондай-ақ, халықтың бай, өркендеген бөлігінің арасында артық тамақтанудан туындайтын аурулар да бүгінгі күнгі маңызды мәселе.

Оларға жататындар:

А) белоктарды артық қабылдаумен байланысты;

Б) май липойдтарды артық қабылдаумен байланысты;

В) минералды заттарды артық қабылдаумен байланысты (флюороз, кальциноз, несеп тас ауруы т.б.);

Г) Ағзада дәрумендердің артық түсуімен байланысты аурулар –гипердәрумендіктер;

Көмірсуларды артық қабылдау ағзада көмірсулардың көбірек майға айналуына және семіздік дамуына, сондай-ақ, бауырда, ұйқы безінде, асқазан-ішек жолдарында т.б. патологиялық бұзылыстар пайда болуына әкеп соғады. Мысалы жеңіл сіңетін көмірсуларды (қант, кондитерлік заттарды) көп қабылдағанда, олар гипергликемия туындатады. Осының салдарынан ұйқы безі көп инсулин өндіреді, ал бұл безге жүктеме ұзақ уақыт түскен кезде сусамыр ауруы (қант диабеті) дамиды.

Қанда көмірсулардың көп болуы май түзіуінен басқа гиперхолестеринемиялық әсер береді, бұл атеросклероз дамуына қауіп факторы ретінде қаралуы мүмкін.

Рациондағы көмірсулардың санының өзгеруі тағамға тәбетін төмендетеді, ас қорыту бездерінің сөл бөлуін нашарлатады. Кариес пайда болуына және оның одан әрі тез дамуына әкеп соғады. Тағамда көмірсулар, әсіресе, клетчаткасы, өте көп болса оған асқорыту сөлдерінің сіңуі қиындайды. Соның нәтижесінде асқорыту үрдісі баяулап, белоктар мен майлардың қорытылуы нашарлайды, тағамдық заттардың сіңуі бұзылады. Бұл белоктардың, В1, В2, В3 дәрумендерінің, темір мен марганецтің салыстырмалы түрде жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін. Ішекте шіру үрдістері күшейеді, клетчатканы ыдырататын микробтардың газ түзуі нәтижесінде метеоризм дамиды.

Көмірсулармен артық тамақтану балалардың да өсуі мен дамуын нашарлатады, иммунитетінің төмендеуіне әкеп соғады.

Тағамда белоктардың артық болуы да ағзаға теріс әсер етеді. Азот шлактарының едәуір мөлшерде пайда болуы бауырға және бүйрекке түсетін ауырлықты ұлғайтады. Белоктардың көптігі ми қыртысының тым артық қозғыштығына әкеп соғады, жүйке және жүйке-тамыр жүйелерінде қолайсыз реакциялар туындатады. Ішектің белокты тағамдармен шамадан артық толуы шіру үрдісін жүргізетін микофлоралардың дамуына ықпал етеді, олардың әсерінен белоктардың улы ыдырау өнімдері: фенол, индол, скатол, паракрезол т.б. пайда болады.

Майларды артық қабылдау семіруге, толық тотықпаған өнімдердің жиналуы нәтижесінде ацидоз дамуына, белоктар мен көмірсулардың сіңуінің төмендеуіне, адамның өсуінің және жыныстық жетілуінің бұзылуына, ерте атеросклероз, гипертония ауруының, қант диабетінің, өт тасы ауруының пайда болуына, қан түзілу үрдісінің нашарлауына, өмірінің қысқаруына әкеп соғады.

Май тіндерінің майда жақсы еритін ағзаға тағаммен түсетін улы заттарды, оның ішінде улы химикаттарды да, кумуляциялайтын қабілеті бар. Соның нәтижесінде, тіпті олармен тікелей байланыста болмағанның өзінде де улы әсер білінуі мүмкін.

Кесте

Алиментарлық аурулардың жіктелуі (ДДҰ)





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 6691 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...