Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

І. Дұрыс тамақтанбаумен байланысты аурулар



1. Толық аштық немесе жалпы асқа жарымау (алиментарлық дистрофия 2. Тамақтанудың бірлі-жарым жетіспеушілігі а)белок-энергия жетіспеу-шілігі: (алиментарлық маразм, квашиоркор, алиментарлық қортық, анемия, кахексия) б)витаминдердің жетіс-пеушілігі: (цинга, рахит, ақшам соқыры, бери-бери, пеллагра т.б.) в) минералды заттардың жетіспеушілігі: (эндемии-ялық зоб, кариес, рахит т.б.) г) КҚМҚ жетіспеушілігі: бойының өсу интенсив-тілігінің төмендеуі, ағза-ның қарсылық күшінің репродуктивті функция-сының төмендеуі. 3. Артық тамақ-тану а) көмірсуларды артық қабылдау: семіру, диабет б) белоктарды артық қабылдау: амин қышқылдары алмасуының бұзылуы; в) май липойдтарды артық қабылдау: атеросклероз, семіру, гипертония ауруы; г) гипердәрумендіктер: д) минералды заттарды артық қабылдау: флюорроз, кальциноз, несеп тас және өт тасы аурулары т.б. 4. Тағамдық азықтарды дұрыс араластырмай қабылдау және тамақтану режимінің бұзылуы гастриттер, энтериттер т.б.

ІІ. Залалды (жарамсыз) азықтарды қолданумен байланысты аурулар:

1. Тағам инфекциялары (антропо- және зооноздар)

2. Тағам гельминтоздары (гео- және биогельминтоздар)

3. Тағамнан уланулар (табиғаты микробтық және микробтық емес

III. Ағзаның жеке ерекшеліктерімен байланысты аурулар:

1. Туа біткен (тұқым қуалаушылық) және жүре пайда болған ферментопатиялар.

2. Тағам аллергиялары.

Массасы артық адамдарда алмасу үрдістерінің бұзылуы салдарынан жарақаттарының жазылу үрдісі баяулайды, тамыр ауруларының асқынуы жиі байқалады.

Минералды заттарды артық қабылдау көбіне құрамында минералды заттары көп азықтарды немесе суларды қолданумен, немесе қалыптасқан әдет бойынша тағамға қосымша көп тұз қосумен байланысты. Мысалы, суда фтордың концентрациясы көп кезде флюороз дамуы мүмкін. Минералданған, немесе кермектілігі жоғары суларды қолдану бүйректе, өт жолдарында тас пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.

Гипердәрумендіктер, негізінен А, Д, С гипердәрумендіктер, осы дәрумендерге бай кейбір табиғи азықтарды көп қолдану кезінде, сондай-ақ, дәрумен препараттарының артық дозасын қабылдау кезінде пайда болады.

6. Тамақтану режимі. Рационалды тамақтанудың маңызды шарттарының бірі тамақтану режимі. Тамақтану режимі деп тағамды қабылдау уақыты мен жиілігін және оны саны мен сапа жағынан жеке қабылдаулар бойынша бөлуді түсінеді.

Тағамды қатал бекітілген уақыттарда қабылдаса сол уақытқа шартты секреторлық рефлекс пайда болады, бұл адамның тағамға тәбетін жақсартады, астың қалыпты қорытылуына ықпал етеді. Ал тәуліктік рационды бірнеше бөліп қабылдау тағамның сіңімділігін жақсартады, ас қорыту жолына түсетін артық ауырлықтарды болдырмайды және ұзақ уақыт бойына тоқтық сезімін қамтамасыз етеді.

Тағам қабылдау аралығы 4-5 сағат болса оптималды болып есептеледі.

Тамақтану режимі адамның жасына, физиологиялық жағдайына, жұмыс ерекшеліктеріне т.б. байланысты.

Үлкен адамдар үшін күніне 4 рет тамақтану қолайлырақ:1-ші таңертеңгі ас –тәуліктік рационның 25 %; 2-ші таңертеңгілік ас-10 %; түскі ас-45 % және кешкі ас-20 %. Екінші таңертеңгілік астың орнына түскі ас пен кешкі астың арасында екінділік қабылдануы мүмкін.

Үш рет тамақтану кезінде әрбір қабылдау уақыттарының арасында аштық сезімі пайда болуы және жұмыс қабілетінің төмендеуі мүмкін. Бұл кезде мынадай етіп бөлу ұсынылады: таңертеңгі асқа тәуліктік рационның 30 %; түскіге-45 %; кешкіге-25 %.

Жұмысты түнгі кезекте істейтіндер үшін мынадай тамақтану режимі тиімді: кешкіге тәуліктік калориясының 20-30 %; түнде тамақтануы-20-15 %; жұмыстан кейінгі таңертеңгі асқа-20 %; түскіге-40-45 %.

Тағамды жеке қабылдаулар бойынша бөлуде рационның тек энергиялық құндылығы бойынша ғана емес, сондай-ақ тағамдық азықтарды да дұрыс бөлу құрастырылуы қажет.

Белоктарға бай азықтарды ет, балық, жұмыртқа, бұршақ тұқымдастар т. басқаларды теңертеңгі және түскі рационға енгізу қажет, себебі олар ұзақ уақыт асқазанда ұсталады, ұзақ қорытылады, оның үстіне ет тағамдарының жүйке жүйесіне қоздырғыштық әсері бар. Кешке еті көп тағамдарды қабылдаған кезде, ол қалыпты ұйқыға кедергі жасайды.

Кешкі асқа асқазанда ұзақ ұсталынбайтын жеңіл тағамдарды қабылдау ұсынылады. Мысалы, сүт-өсімдік тағамдарын.

Жеке тағам түрлерін қабылдау ретінің де маңызы бар. Түскі ас алдындағы салқын тағам түрі (закуска) запал сөлінің бөлінуіне ықпал етеді. Бірінші ыстық тағам-жеңіл мөлдір сорпа (суп) (артық қанығу туындатпау үшін) температурасына және құрамындағы экстрактивті заттарына байланысты басталған секрецияны әрі қарай күшейтіп, тығыздау және қоректірек екінші тағам түрінің жақсы қорытылуына ықпал етелі.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1801 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...