Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Есеп №2



Сапасы төмендегідей сүт өнімін тағамға пайдалану жөнінде қорытынды жасау:

1. Салыстырмалы салмағы 1,024

2. Түсі ақ

3. Иісі иіссіз

4. Қышқылдығы: 22 град Т

5. Ас содасына сынама теріс

6. Крахмалға сынама теріс

7. Редуктазаға сынама түссіздену уақыты 2 сағат

8. Н2О2 сынамасы теріс

9. Май құрамы 2,8%

10. Құрғақ қалдық 10,5%

11. Механикалық қорспалары аздаған қалдық

Сүт бойынша сұрақтар:

1. Сүттің қандай органолептикалық көрсеткіштерін білесіз? Ол жаңа сауылған сүтте қандай болуы керек? Сүттің иісінің, түсінің, дәмінің, консистенциясының өзгерісі нені білдіреді?

2. Сүттің органолептикалық көрсеткіштерін қалай зерттейді?

3. Берілген есепте сүттің органолептикалық көрсеткіштері өзгерген бе? Иә болса, ол неге байланысты?

4. Сүттің табиғилығы мен балаусалығы деген не? Оларды анықтау үшін қандай көрсеткіштер пайдаланылады?

5. Сүттің майсыздандырылғандығын қалай анықтауға болады? Ол үшін қандай көрсеткіштер қажет?

6. Сүттің қышқылдығы деген не? Балауса, жартылай балауса және тұрып қалған сүттің қышқылдық нормативтері қандай? Қышқылдықтың жоғарылауы нені білдіреді?

7. «Редуктазаға сынама алу не үшін қажет? Ол жанама немесе абсолютті көрсеткіш болып табыла ма? Балауса және зақымдалған сүттің нормативтері қандай?

8. Есеп бойынша сүттің құрамының толықтығы мен балаусалығы жөнінде сіз қандай қорытынды бере аласы?

9. Сүттің фальсификациясы деген не? Фальсификация үшін қандай заттар қолданылады?

10. Фальсификацияланған өнімдерді пайдалануға бола ма? Жоқ болса, неліктен?

11. Есепте сүттің фальсификациясы бар ма, қандай негізде қорытындыға келдіңіз?

12. Сүттің бактериялармен, улы металдармен, пестицидтермен, антибиотиктермен ластануының қандай көздерін білесіз?

13. Бактериялармен және ксенобиотиктер: қорғасын, кадмий, сынап, мышьяк, ДДТ, гексахлорциклогексанмен ластану көздері қандай?

14. Сүтті пайдалану кезінде пайда болатын аурулардың алдын алу үшін қандай шаралар өткізілу қажет?





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1140 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...