Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кальций, фосфор, магний



Кальций сүйек жүйесіндегі басты құрылымдық элемент, қанның ұю үрдісіне қатысады, бірқатар ферменттердің активтілігін арттырады, қабынуға қарсы әсері бар. Сондай-ақ, кальцийдің жүрек еттерінің қалыпты қызметі мен жүйке жүйесінің қалыпты қозғыштық қызметі үшін маңызы үлкен.

Тағамда кальцийдің жеткіліксіздігі бәрінен бұрын балаларда рахит, үлкен адамдарда остеомаляция түрінде білінетін сүйектену үрдісінің бұзылуына әкеп соғады. Халық арасында кариес ауруы жиілейді.

Кальцийдің тәуліктік қажеттілігі 2,3 кестеде келтірілген. Үлкен адамдар тәулігіне 800 мг-нан (11,4-13,3 мг/кг массасына) кем қабылдамауы қажет. Жүкті және бала емізетін әйелдер қосымша тағы 300-400 мг алуы қажет.

Балалар үшін кальцийдің қажеттілігі жоғары (3 кесте). Дене массасының бірлігіне есептеген кезде, ол үлкен адамдарға қажеттілігімен салыстырғанда 0-3 айлық жасында 10 есе, 4-6 айлық жасында 5 есе, 1-3 жаста 4 есе, 4-6 жаста 3-3,5 есе, 7-0 және 11-13 жаста 2-2,5 есе, 14-17 жаста 1,4-1,5 есе артық.

Тағамның құрамында фосфор, магний, калий, қымыздық және инозитфосфор қышқылдары көп кезде кальцийдің сіңуі нашарлайды, олар кальциймен ерімейтін қосылыстар түзеді, ішектен нашар сіңеді. Сондықтан тағамдағы кальцийдің, фосфордың, магнийдің сандық арақатынастарының маңызы үлкен. Кальций мен фосфордың арақатынастары 1:1,5 және кальций мен магнийдің - 1:0,5 болса оптимальды деп есептеледі.

Балалар үшін кальций мен фосфордың оптимальды арақатынастары ретінде 1-6 айлық жасында 1,5:1, 6-12 айлық жасында 1,3:1, 1 жаста және одан кейінгі жастарында 1:1 қатынасы ұсынылады.

Кальцийдің сіңімділігіне, сондай-ақ, рационда майлардың көп болуы немесе жеткіліксіздігі де елеулі әсер етеді.

Кальцийдің негізгі көздері сүт, творог, брынза, ашытылған қаймақ, простакваша, жұмыртқа, уылдырық (икра). Кальцийдің ағзаға тәуліктік қажеттілігін 500 мл сүт және 100 г сыр толық қамтамасыз ете алады. Бұршақ тұқымдастар, тары және жармалары, капуста, өрік, грек жаңғағы, миндаль да салыстырмалы түрде кальцийге бай. Сүтте және сүт өнімдерінде, капустада, алмада кальций мен фосфордың ара қатынастары қолайлы. Басқа азықтарда фосфор едәуір басым.

Фосфор - ағзада көптеген алмасу үрдістеріне қатысатын әр түрлі қосылыстардың (АТФ, АДФ, АМФ т.б.), биологиялық тотығу үрдісінде пайда болатын, энергияның аккумуляторы. Фосфор сүйек, ет, жүйке тіндерінің құрамында көп, ол кальциймен бірге сүйек тінінің негізін құрайды. Фосфор жүйке және ет тіндерінде жүретін алмасу үрдістерінде айрықша роль атқарады.

Үлкен адамдар үшін фосфордың қажеттілігі 1200 мг, балалар үшін ол жасына байланысты (2,3 кесте).

Құрамында фосфоры ең көп тағамдық азықтар: сыр, творог, жұмыртқа, уылдырық, қарақұмық және тары жармалары бұршақ тұқымдастар, балық.

Фосфордың сіңімділігі тағамның құрамындағы кальциймен белокқа байланысты.

Астық тұқымдастардың (злаки) құрамындағы фосфордың сіңімділігі нашар, себебі ол олардың құрамында нашар сіңетін фитон қышқылы түрінде болады.

Магний жүйке қозуының берілуіне және жүйке жүйесінің қозғыштығын реттеуге қатысады, кальцийдің антогонисі, ағзаға көп түскен кезде кальцийді қосылыстарынан ығыстырып шығарады, ал магнийдің тағамда жеткіліксіздігі кальцийдің артерия қабырғасына, жүрекке, еттерге көбірек отыруына (отложение) ықпал етеді.

Магнийдің тәуліктік қажеттілігі 400 мг, бұл жағдайдағы кальций мен магнийдің ең қолайлы арақатынастары1:0,5. Магнийдің негізгі көзі нан, бұршақ, үрме бұршақ, әртүрлі жармалар.

Темір - ең маңызды минералдық элемент. Ол гемоглобиннің және құрамында гемі бар белоктар мен ферменттердің құрамына кіреді.

Ағзада темірдің жеткіліксіздігі темір дефицитті анемия пайда болуына және оттегін тасымалдау мен пайдаланумен байланысты ферменттік үрдістердің бұзылуына әкеп соғады.

Темірдің тәуліктік қажеттілігі ер адамдар үшін-10 мг, әйел адамдар үшін-15 мг. Темірдің әйел адамдарға қажеттілігінің жоғарырақ болуы, жүкті кезінде, босануы, бала емізуі кезінде және менустрация кезінде темірдің едәуір мөлшерін жоғалтуына байланысты.

Темірдің балаларға қажеттілігі, жас кезеңдеріне байланысты әр түрлі (3 кесте) бірінші 6 айында 4-7 мг-нан, 14-17 жасында 15 мг дейін, бұл жағдайда темірдің балаларға салыстырмалы түрдегі қажеттілігінің ең жоғарысы емізулі жасында (1,0-0,9 мг/кг), мектеп жасына дейінгілердің алдындағы жасында (0,7-0,8 мг/кг массасына), мектепке дейінгі жастарында (0,5-0,6 мг/кг массасына), ал үлкен адамдар үшін ол 0,14-0,25 мг/кг.

Темір әр түрлі тағамдық азықтарда кездеседі: етте, бауырда, бүйректе, жұмыртқада, нанда, бұршақ тұқымдастарда, тары жармасында, шабдалыда, алмада, қара өрікте, укропта, салатта, петрушкада т.б.

Дегенмен құрамындағы темір жақсы сіңетін азықтарда ескерген жөн, бұл тұрғыдан жануар текті азықтарға бай тағамдар ерекшелінеді. Мысалы, еттен темірдің 12-18 % сіңеді, бауырдан 5-11 %, ал өсімдік текті азықтардан бар болғаны 1-2 % сіңеді. Темірдің ішектен сіңуін фосфат және фитат түріндегі фосфор азайтады. Тағам рационында темірді көбейту қажет болған кезде көрсетілгендерді ескеру қажет.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 3513 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...