Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі аудит



Аудиттің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар. Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері. Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар.

Сатып алу кезеңінің шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Сатып алу кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Сатып алу кезеңінің шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тестілері.

Өндіріс кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Өндіріс кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудитор-лық тұжырымдар. Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тестілері.

Сату кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудиттің бағыттары. Қаржылық қорытынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі.

Қаржылық қорытынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Аудит жүргізу барысында тексеруге арналған негізгі тұжырымдар. Дебиторлық қарыздар аудиті. Бақылау құралдарын тексеру тестері.

Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті. Банктегі және басқа да шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті. Есеп беруге міндетті сомалардың аудиті. Аудит жүргізілгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестер.

Материалдық емес активтердің аудиті. Негізгі құрал – жабдықтардың аудиті. Ұзақ мерзімді активтердің тозуы мен амортизациясының аудиті. Аудит жүргізгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестілері.

Инвестициялау кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудиттің бағыттары. Инвестициялау кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Инвестициялау кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар.

Капиталдардың аудиті. Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айыры-су аудиті. Басқа да кредиторлық қарыздар аудиті.

Тест жүргізгенде қолданылатын аналитикалық әдістер. Аудиттің іс құжаттарында және қаржылық есепте талдауды пайдалану. Коэффициенттерді талдау және шешім қабылдау.

Аудиттің қорытынды кезеңінде пайдаланылатын аудит тәсілдері. Клиентке ұсыныстар беру. Аудиторлық қорытындыларды бағалау. Кейінгі болатын уақиғалар.

Қоршаған ортаның аудиті. Ішкі аудит. Операциялық аудит. Басқа да ілеспе қызметтер.

Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері, формалары және есептілігі

Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері

Республика экономикасының даму кезеңіндегі Елбасының алға қойған талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, бүгінгі күні құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен-күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы керек. Талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп қана нысанның әрбір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады.

Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалык есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді.

Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны құрғанда, құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де инфляция мен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында бас мердігерлер үшін үлкен тәуекелмен байланысты.

Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.

Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және көптеген объектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.

Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс-монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, материалдар, жылу және электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар міндетті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.

Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.

Кейде құрылыс-монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: келік жете алмайтын жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында, электр құрылғыларының желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.

Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрылыс кәсіпорынының басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім-шартқа отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың өзара қарым-қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуына әкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.

Құрылыс өндірісіндегі нысандардың жұмыс түріне қарай бағалануы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады, бұл нормативті құжаттарды құру процесі мен оны қолдануды күрделендіруге әкеліп соғады. Дегенмен, дұрыс ұйымдастырылған, бүгінгі күннің талабына сай орындалған есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез – келген құрылыс нысанының нақты бағасын анықтай алады.

Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының арасындағы жасалған келісім-шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады. Яғни, стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тәртіпті анықтайды:

— біріншіден, түскен түсім келісім бойынша және байланысты болуы;

— екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне

қарай біркелкі бөлінуі тиіс.

Есептеудің тәртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:

1. Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты құбылмалы;

2. Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау.

Келісім әрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тән ерекшелігінің болуына байланысты.

Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тәсіл болып саналады.

Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық және адам ресурстарын бір шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кәсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажеттілігіне, яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге әкеліп соғады.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Құрылстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері

2 Құрылыс кәсіпорынның есеп саясаты





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1754 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...