Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Практикалық (семинарлық) сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



1-тақырып Құрылыстың сметалық құның анықтау (4 сағ.)

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Локальдық, жиындық және объективтік сметаларды құру

Құрылыстағы сметалық баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарға мыналар жатады:

СНиП 1. 02. 01-85, кәсіпорындар, үйлер және ғимараттар салуға сметалық құжаттар әзірлеудің тәртібі және реттеу құрамы; бөлігі СНиП, құрамында 16 түрі бар сметалық нормативтер.

Ұлттық валюта – теңге енгізілуіне байланысты кәсіпорындар, үйлер, ғимараттар құрылысының сметалық құнын анықтау жөніндегі жиынтық сметалық есептеулер мен шартты бағаларды белгілеудың негізгі ережелері.

Сметалық нормативтер мен негізгі ережелер құрылыстың сметалық құнын анықтау және нарықтық қатынастарды қанағаттандыратын қосымша талаптар ескеліріліп, республиканың аумағында қолдану үшін меншік нысаны және ведомствалық бағыныстығына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың құрылыс өніміне шартты баға белгілеу кезінде бірыңғай әдістемені қамтамасыз ету үшін арналған.

Сметалық нормативтер бұл құрылыстағы сметалық нормалар, баға қою және бағалардың сметалық құнды анықтау үшін жалпы атауы. Республиканың құрылыс кешені сметалық нормативтерді әзірлеу жөнінде шараларды үйлестіруді республиканың Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жүзеге асырады.

Сметалық нормативтер үйлер мен ғимараттар құрылысының сметалық құнын айқындау, жоспарлау және реттеуге арналған.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 694 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...